1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Ата-аналардың мынандай құқықтары мен міндеттері ажыратылады



бет118/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Ата-аналардың мынандай құқықтары мен міндеттері ажыратылады:

  • баланы тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері (62-бап). Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оәыту нысанын таңдауға құқығы бар. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. 

  • балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша құқықтар мен міндеттер (63-бап.); Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. 

  • өздерінің ата-аналық құқықтарын қорғауға құқықтар: 1) Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы. Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді (Ата-аналардың басқа адамдардан балаларын талап етуге құқығы-66-бап); 2)  Баласынан бұлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы - 65-бап.



6. Ата-аналық құқықтық қатынасты өзгертетін
немесе тоқтататын заңды фактілер.
Созылмалы сипатына қарай ата-аналық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру кезеңінде әр түрлі өзгерістерге ұшыруы мүмкін. Құқықты өзгертетін заңды фактілердің бірі болып ата-аналық құқықтық қатынас субъектісінің белгілі бір жасқа жетуі саналады. Келесі құқық өзгертуші заңды факт - ата-аналық құқықтардан айыру туралы немесе ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі болады. Мұндай жағдайларда бірқатар ата-аналық құқықтардың тоқтатылуы немесе шектелуі түрінде ата-аналық құқықтық қатынастың мазмұны өзгереді. Отбасы құқығында өзге де құқық өзгертуші заңды фактілер бар. Ата-ананың немесе баланың барлық құқықтар мен міндеттередің тоқтатылуы ата-аналық құқықтық қатынас субъектілерінің бірінің қайтыс болуы немесе баланы асырап алу жағдайларында болады.
7. Ата-ана құқықтарынан айыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет