1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Құқықтық қатынастың мазмұны ретінде



бет117/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Құқықтық қатынастың мазмұны ретінде оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері түсініледі. Сондықтан бұл сұрақта ата-аналардың және балалардың құқықтары және міндеттері туралы сөз болады. НОТЗ-да кәмелетке толмаған балалардың жеке және мүліктік құқықтарына бірқатар нормалар арналған (52-59 баптар).. Баланың міндеттері құқық нормаларында белгіленбеген және мораль нормаларымен анықталады.
Заңда, мазмұны бойынша әр түрлі баланың мынандай жеке құқықтары белгіленген:
1)баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы (52-бап); 2)баланың ата-анасымен, атасымен, әжесімен, аға-інілерімен, апа-сіңілілерімен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығы (53-бап); 3)өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқық (59-бап); 4) өз пікірін білдіруге құқық (54-бап); 5)баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы(55-бап).
Баланың мүліктік құқықтарына(НОТЗ 58-бап):
1)өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алу құқығы;
2)баланың мүлікті меншіктенуге құқығы, яғни өзі алған кірістерге, сыйға алынған немесе мұрагарлікпен берілген мүлікті, не өзінің қаражаттарына алған кез-келген мүлікті меншіктену құқығы;
3)балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінпде тиесілі сомалар ата-анасының билік етуіне түседі және оны олар баланы асырап бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
5. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктері:

  • ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқықтары мен міндеттері болады (60-б, 1-т.);

  • ата-аналық құқықтар мен міндеттер мерзіммен шектелген (18-ге дейін);

  • ата-аналық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде бала мүдделерінің басымдығы;

  • ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы болады;

  • ата-аналардың құқықтары бір уақытта тиісті міндет түрінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет