1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет125/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Патронат - бұл уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны. Патронат жаңа отбасылық-құқықтық институт болып табылады. Патронатқа келесі белгілер тән:

  • Патронат - ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың бір нысаны;

  • Оның пайда болу негізі ретінде патронат тәрбиеші мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт болады;

  • Патронат тәрбиешілер сыйақы алады, оның мөлшері балалардың санына, жасына және денсаулық жағдайына байланысты болады;

  • Патронатқа алынған балаларды асырауға ай сайын жергілікті бюджеттен ақша қаражаттары бөлінеді;

  • Патронатқа алған отбасы заңдармен белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт, яғни патронат шарты баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.
Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
Патронат шарты: 1)дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша; 2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша; 3) бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін(НОТЗ 120-бап).
Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Кәмелетке толмақандарға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу.


2. Патронат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет