1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет124/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Тақырып - 22.
Қорғаншылық және қамқоршылық. Патронат.

1. Кәмелетке толмақандарға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу.


2. Патронат.


1. Кәмелетке толмақандарға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу.
Қамқоршылық және қорғаншылық институты өзінің табиғаты бойынша азаматтық, отбасы және әкімшілік құқық нормаларын қамтитын кешенді институт болып табылады.
НОТЗ 103-бабының 1-т\на сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу екі мақсатты көздейді: 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау, 2) оларды асырау, тәрбиелеу және білім беруді қамтамасыз ету.
Қорғаншылық 14 жасқа толмаған балаларға, ал қамқоршылық 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға белгіленеді.
Кәмелетке толмағандарға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеудің негізі болып, оларда ата-аналардың, асырап алушылардың болмауы, оларды сот тәртібінде хабар-ошарсыз немесе өлді деп тану, сондай-ақ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайлар саналады.
Қамқоршылық (қорғаншылық) ата-аналары бар балаларға да белгіленуі мүмкін. Мысалы, егер ата-аналар балаларымен бірге тұрмаса, балаларын тәрбиелеу және құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша міндеттерін жүзеге асырмауы, олардың бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы, ұзақ мерзімді коммандировкаға кетуі және т.б. жағдайлар. Егер бала туысқандарына немесе өзге тұлғаларға уақытша тәрбиеленуге берілсе, ата-аналардың уақытша болмауы себепті қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туындамауы да мүмкін.
Балаға қамқоршылық не қорғаншылық белгілеу мәселелерімен қорғаншы және қамқоршы органдары айналасады және мұндай органдар ретінде жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады, ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қамқоршы немесе қорғаншы баланың тұрғылықты жері бойынша, мұндай қажеттілік белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде белгіленеді.
Қамқоршылар (қорғаншылар) ретінде кәмелеттік жасқа толған, әрекет қабілетті адамдар тағайындалады. НОТЗ 108-бабына сәйкес қорғаншылар мен қамқоршылар ретінде: 1) сот әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар; 2) ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар; 3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар; 4) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды; 5)денсаулығының жай-күйіне баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар бола алмайды.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.
Қамқоршыларды (қорғаншыларды) таңдау, бірінші кезекте жақын туыстары ішінен жүргізіледі, ал олар болмаған ретте өзге тұлғалар ішінен жүргізіледі. Заң қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалатындығын белгілейді.
Әдетте қамқоршылар және қорғаншылар ретінде жеке тұлғалар болады, бірақ заң олардың ролін заңды тұлғалар орындайтындығын да белгілейді. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін және тиісті тәрбие, емдеу мекемелерінде, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан адамдардың қорғаншылары мен қамқоршылары осы мекемелердің әкімшілігі болып табылады.
НОТЗ-дың 109-110 баптары қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалардың негізгі құқықтарын белгілейді, 112 бапта бала қамқоршысының (қорғаншысының) негізгі құқықтары мен міндеттері белгіленген,
Қорғаншылыққа алынушы он төрт жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады.
Кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық он сегіз жасқа жеткен кезде арнайы рұқсатсыз, сондай-ақ ол некеге отырған кезде және кәмелетке толғанға дейін ол әрекетке толық қабілетті болған басқа да жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады.
Бұдан басқа қамқоршылық және қорғаншылық қамқоршыларды(қорғаншыларды) өз міндеттерін орындаудан босатқан не шеттеткен кезде тоқтатылады (НОТЗ 115 бап).
Қорғаншы және қамқоршы орган бала өз ата-анасына қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншыны немесе қамқоршыны өз міндеттерін атқарудан босатады.
Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдырған жағдайда, қорғаншы және қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттеуі мүмкін.
2. Патронат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет