1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет87/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
2. Сақтандыру шарты қорғайтын мүдденің түрлеріне байланысты мүліктік сақтандыру және жеке сақтандыру болып бөлінеді (АК 809 б.).
Мүліктік сақтандыру. Бұл шарт бойынша сақтандыру сыйақысын алған сақтандырушы белгілі бір мүлікті немесе мүліктік мүддені сақтандырады және жағдай орнаған кезде сақтанушыға немесе пайда алушыға сақтандыру сомасының шегінде зиянды өтеуге міндеттенеді. .
Жеке сақтандыру бойынша сақтанушыдан сыйақы алған сақтандырушы сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өміріне, денсаулығына зиян келген жағдайда пайда алушыға сақтандыру өтемін беруге міндеттенеді. Жеке сақтандыруда сақтандырушы сақтандырылатын тұлғаның денсаулық жағдайын тексеруге құқылы.
Жеке сақтандырудың бір түрі жинақтаушылық сақтандыру. Оған сәйкес, сақтандыру өтемі белгілі бір мерзім өткенде немесе сақтандыру жағдайы орнағанда беріледі (АК 809-1 б.).
Сақтандыру ерікті және міндетті болып бөлінеді. Міндетті сақтандыру заң актілерінде арнайы көрсетілген жағдайларда қолданылады. ҚР заңнамасына сәйкес автокөлік иелерінің, туристік операторлардың, жеке нотариустардың т.б. азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері міндетті сақтандырылуы тиіс. Ал басқа жағдайларда тұлғалар сақтандыру шартын жасауда ерікті болады.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны.
2.Сақтандырудың түрлері мен нысандары.
Тапсырма шарты

  1. Тапсырма шартының түсінігі, мазмұны.

  2. Шарт тараптары және тоқтату негіздері.

Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдіруші) атынан және соның есебінен белгілі бір заңдық әрекеттер жасауға міндеттенеді. Соның нәтижесінде құқықтар мен міндеттер сенім білдірушіде пайда болады (АК 846 б.). Тапсырма шарты өкілдік қатынастарын қалыптастырады. Шарт жазбаша жасалуы тиіс және сенімхат рәсімделуі мүмкін. Сенім білдірілген өкіл берілген тапсырманы сенім білдірушінің нұсқауларына сәйкес орындауы тиіс. Тек, сенім білдірушінің мүддесіне қажет болса және оны алдын ала ескертуге мүмкіндік болмаған жағдайда оның нұсқауларынан ауытқуға болады. Сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге шартта көзделсе сыйақы береді. Егер тараптардың кемінде біреуінің кәсіпкерлік қызметі барысында жасалса шарт ақылы болады (АК 850 б.). Сенім білдірілген өкілдің міндеттері – тапсырманы жеке өзі орындау, тапсырманың орындалуы жөнінде сенім білдірушіге хабарлау, жасалған мәмілелер бойынша алынғанды кідіртпей сенім білдірушіге беру, тапсырма орындалған соң сенімхатты сенім білдірушіге қайтару. Сенім білдірушінің міндеттері – сенім білдірілген өкілді тапсырманы орындауға қажет қаражатпен қамтамасыз ету, оның барлық шығындарын өтеу, шарт бойынша орындалғанды қабылдау, сыйақы белгіленген болса оны төлеу.
Шартта нақты рұқсат берілсе немесе сенім білдірушінің мүддесі үшін қажет болса сенім білдірілген өкіл тапсырманың орындалуын басқа тұлғаға (орынбасар) тапсыра алады. Ол сенім ауысуы деп аталады. Бұл туралы сенім білдірушіге дереу хабарлануы тиіс. Шартта орынбасар көрсетілген болса оның әрекеттері үшін сенім білдірілген өкіл жауап бермейді. Ал орынбасарға тапсыру мүмкіндігі шартта көрсетілмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл орынбасардың барлық әрекеттері үшін жауап береді (АК 851 б.).
Шарт тоқтауының жалпы негіздерімен қатар сенім білдірушінің тапсырманы тоқтатуы, сенім білдірілген тұлғаның бас тартуы, тараптардың бірінің қайтыс болуы, әрекет қабілеті жоқ немесе шектеулі деп танылуы, хабар-ошарсыз кетті деп танылуы жағдайларында тапсырма шарты тоқтайды. Сенім білдірушінің тапсырманы тоқтатқаны жөнінде сенім білдіріліген өкіл білмесе және білуге тиіс болмаса оның әрекеттері сенім білдірушіні міндеттейді. Сенім білдірілген өкіл кәсіпкер болса шартты тоқтату үшін сенім білдіруші оған кемінде 1 ай бұрын ескертуі тиіс. Шарт мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда сенім білдірілген өкілдің шығындары өтеледі және сыйақы берілуі тиіс болса, ол орындалған жұмысқа төленеді. Сенім білдірілген өкіл кәсіпкер болмаса тараптардың бірі шарттан бас тартқан жағдайда екінші тараптың шығындарын өтеуге міндетті емес (АК 853 б.). Сенім білдірілген өкіл қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері сенім білдірушіні ескертіп, оған тиесілі мүлікті қайтарып беруі тиіс. Сенім білдірілген өкіл ұйым болса, ол таратылған жағдайда таратушы да осы әрекеттерді жасауы тиіс. Сенім білдірілген заңды тұлға қайта құрылса, бұл туралы сенім білдірушіге дереу хабарлануы тиіс. Ол шарттан бас тартатындығын хабарламаса сенім білдірілген өкілдің құқықтары құқық мирасқорларына ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет