1. Глоссарий Орман Пирологиясында



бет25/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû

Сабақтың мақсаты: Өртті бағалау әдісін зерттеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: . Орман иеленушілер және орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралардың жылдық жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады.
Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады:
өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;
орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру.
Жоспардың бірінші бөлімінде шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман мекемесінің орман орналастыру ма­териал­дарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орын­далған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыс­тарымен байланыстырылады.
Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзімді орман шеті құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашы­лығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетіледі.
Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыра­лар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнара­лары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі.
Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді.
Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күш­терімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрық­тау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда орман қоры учаскесінің иесі – орман мекемесімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін аталған орман меке­месінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан ұйымдардың, әскерилен­дірілген бөлімшелердің және өртке қарсы мемлекеттік қызмет күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Сондай-ақ жоспарда орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағармай материалдарының қорын жасау көзделеді.
Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жоспарлары үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін орман иеленушілерге – орман мекемелеріне беріледі. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жоспары орман қоры учаскелерінің иесімен – орман мекемесімен келісіп алынады және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді. Орман иеленуші бұл жос­парды орман мекемесінің кешенді жоспарына енгізіп, оның іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді.

6 Практикалық сабақтың тақырыбы Орман өрттеріне толықтай сипаттама.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет