1. Глоссарий Орман Пирологиясында


Орман өрттерін үйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау



бет16/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû

2. Орман өрттерін үйымдастырғанда басқа мекемелермен және шаруашылықтармен ара қатынастарды жоспарлау.
Орман өртін сөндіру басшысы өрт сөндірудің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін өртке алдын ала жасалған барлау деректерінің негізінде орман өртін сөндірудің тактикалық жоспарын жасайды. Барлау арқылы өрттің түрі мен күші, орманның неғұрлым өрт қауіпі бар және бағалы учаскелері, суаттар, оттың таралуын тоқтата алатын немесе қарсы өрт жіберу үшін тірек жолағы бола алатын тосқауылдар, сондай-ақ осындай тосқауылдарды немесе тірек жолақтарын құру қажет орындар анықталады.
Өрт сөндіру:
1) өртті тоқтату – өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату;
2) сөндіру – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою;
3) қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;
4) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару;
5) өртті құрықтау – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды.
Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді.
Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері:
1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу;
2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералды жолақтар тарту және орлар қазу;
3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады.
Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады.
Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады.
Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар адамдар жіберілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет