Цель занятия: Өрт сөндіру құралдарын зерттеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ағаш дайындау қызметімен айналысатын орман пайдаланушыларға арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:
1) алмалы – салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 комплект;
3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;
4) орман соқалары немесе трактормен басқа да топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;
5) күректер – 20 дана;
6) балталар – 5 дана;
7) тырмалар – 20 дана:
8) шартылдақтар – 20 дана;
9) бензин аралары – 2 дана;
10) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш – бүріккіштер – 5 дана;
11) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар;
12) су ішуге арналған кружкалар – 10 дана;
13) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана.
Орман өрттерін сөндіру бекеттеріне арналған өрт жабдықтарымен және орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары:
1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде сиымдылығы 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 дана;
3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 100 қума метр, соның ішінде: Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы;
4) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 2 дана;
5) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;
6) от жағу аппараттары – 4 дана;
7) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм;
8) күректер – 50 дана;
9) балталар – 5 дана;
10) кетпендер – 20 дана;
11) тырмалар – 20 дана:
12) шартылдақтар – 20 дана;
13) бензин аралары – 1 дана;
14) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш – бүріккіштер – 5 дана;
15) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана;
16) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 1 дана;
17) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудеше, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай – жиынтық.
Автомашиналар мен трактор тіркемелері аспалы сораптар орнату үшін жабдықталып, өрт қауіпі бар маусымға өрт сөндіру бекеттеріне бекітіледі. Қалған жабдықтар мен өрт сөндіру құралдары бекетте тұрақты түрде тұрады. Ағаш тасымалдайтын автожолдардың ұзындығы 50 километрден асқан жағдайда (ағаш тасымалданатын қиғаш жолдарды қоса алғанда) алмалы-салмалы цистерналар саны 50 километр жолға бір цистерна есебімен көбейтіледі.
Сүрек дайындалатын және жиналатын орындарды (кеспеағаштар, жоғарғы қоймалар) өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары:
1) күректер – 10 дана;
2) балталар – 2 дана;
3) тырмалар – 5 дана:
4) шартылдақтар – 10 дана;
5) бензин арасы – 1 дана;
6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер – 5 дана;
7) шелектер немесе сиымдылығы 12 литр су құятын резеңке ыдыстар;
8) су ішуге арналған кружкалар – 4 дана.
Орман қоры аумағында жұмыс істейтін тас, құм, балшық өндіретін карьерлерді өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары:
1) күректер – 10 дана;
2) балталар – 2 дана;
3) кетпендер – 2 дана;
4) шартылдақтар – 10 дана;
5) бензин аралары – 2 дана;
6) арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер – 5 дана;
7) ауыз суға арналған сиымдылығы 12 литр бидондар немесе канистрлар – 5 дана;
8) су ішуге арналған кружкалар – 5 дана;
9) қолғаптар – 10 жұп;
10) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 1 дана.
Орман қоры аумағында жұмыс істеп жатқан мұнай мен газ өндіру кәсіпорындарын өрт жабдықтарымен және құрал-саймандарымен қамтамасыз ету нормалары:
1) сиымдылығы 1500 литр суға арналған алмалы-салмалы цистерналар немесе резеңке ыдыстар – 2 дана (арнайы орман өрттерін сөндіретін автоцистерналар болған жағдайда алмалы-салмалы цистерналардың болуы міндетті емес);
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 2 жиынтық;
3) өнімділігі минутына 600-800 литр тасымалданатын өрт сөндіру мотопомпалары – 1 дана;
4) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 500 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 20 жиынтығы (400 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр);
5) бульдозерлер – 1 дана;
6) аса өтімді қорапты автомашиналар немесе вездеходтар (адамдар тасу үшін) – 1 дана;
7) орман соқасы немесе басқа да топырақ өңдеу құралдары – 1 дана;
8) от жағу аппараттары – 5 дана;
9) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбіктүзгіш – 500 килограмм;
10) күректер – 50 дана;
11) балталар – 10 дана;
12) кетпендер – 20 дана;
13) тырмалар – 10 дана:
14) шартылдақтар – 20 дана;
15) бензин аралары – 5 дана;
16) арқаға іліп алатын орманда от сөндіргіш-бүріккіштер – 10 дана;
17) тасымалданатын радиостансалар (ұйымдастырылған радио байланысы болған жағдайда) – 3 дана;
18) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 6 дана;
19) кезекші арнайы киім (етіктер, шалбарлар, кеудешелер, қолғаптар), өрт сөндіру командасы тұрақты мүшелерінің санына қарай – жиынтық;
20) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана.
Учаскенің көлемі 30 мың гектардан асып кеткен жағдайда өрт сөндіру құралдары шоғырланған бекеттер саны әрбір 30 мың гектарға 1 бекет қажет болуы есебімен анықталады. Алмалы-салмалы цистернаға арналған автомашина аспалы тісті дөңгелекті сорап орнатуға лайықталады және өрт қауіпі бар маусым бойына бекетте болады.
Орман алқаптары арқылы өтетін тас жолдары бар ұйымдарды орман өрттерін сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары (орман өртін сөндіру бекеті):
1) алмалы-салмалы цистерналар, соның ішінде көлемі 1500 литр суға арналған қолдан жасалған немесе резеңке ыдыстар – 1 дана;
2) аспалы тісті дөңгелекті сораптар – 1 жиынтық;
3) қысымды өрт сөндіру жеңдері – 300 қума метр, соның ішінде: Д 66-77 миллиметр жеңдердің 10 жиынтығы (200 қума метр); Д 51 миллиметр жеңдердің 5 жиынтығы (100 қума метр);
4) от жағу аппараттары – 3 дана;
5) НП-1 немесе басқа маркалы сулағыштар, көбік түзгіш – 500 килограмм;
6) күректер – 50 дана;
7) балталар – 5 дана;
8) кетпендер – 5 дана;
9) тырмалар – 5 дана:
10) шартылдақтар – 10 дана;
11) бензин аралары – 2 дана;
12) арқаға іліп алатын орман өрт сөндіргіш-бүріккіштері – 5 дана;
13) ауыз суға арналған сиымдылығы 10 литр бидондар немесе канистрлер – 2 дана;
14) түтінге қарсы респираторлар – 10 дана;
15) қорғаныштық көзілдіріктер – 10 дана;
16) қолғаптар – 20 жұп;
17) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишалары – 2 дана.
Орман өртін сөндіру бекеті тас жолдың әрбір 100 километріне ұйымдастырылады. Өрт қаупі бар маусымда бекет адамдар және аспалы тісті дөңгелекті сораптар орнатуға лайықталған су құйылған цистерналар тасымалдауға арналған автомашинамен қамтамасыз етіледі.
№5 Практикалық сабақтың тақырыбы : Өрттің дамуын бағалау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5