Сабақтың мақсаты: Өртті сөндіру кезінде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін зерттеу
Сабақтың қысқаша мазмұны: өртті тоқтату – өрт шетінде оттың алаулап жануын тоқтату;
сөндіру – оның одан әрі таралуы мүмкіндігін жою;
3қосымша сөндіру – өрт ішіндегі жану ошақтарын сөндіру;
қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта шығу мүмкіндігінің жоқтығына көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт сөндіру командалары жұмысшыларының өрт болған алқапта кезекшілік атқару;
өртті құрықтау – өрттің барлық жану ошақтарын түпкілікті түрде сөндіру және өрттің қайта шығып кету мүмкіндігінің болмау кезеңдерін қамтиды.
Өрт сөндіру тактикасын таңдау кезінде орман өртін сөндіру басшысы жергілікті жердің ерекшеліктерін және ауа райы жағдайларын, өрттің түрін, өрт сөндіру күштері мен құрал-саймандардың бар-жоғын ескереді.
Орман өрттерін сөндірудің мынадай негізгі жердегі тәсілдері:
1) төменгі өрттің шеттерін сабалау немесе оған топырақ шашу;
2) жер өңдейтін құралдардың және жарылғыш материалдардың көмегімен минералды жолақтар тарту және орлар қазу;
3) өрттерді сумен немесе өрт сөндіргіш химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
4) жағу немесе қарсы өрт қою пайдаланылады.
Жетуге қиын аумақтарда және ірі орман өрттері шыға қалған жағдайда оларды сөндіру үшін ормандарды авиациямен күзету және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет орындарының өрт сөндіруші-парашютшілер немесе өрт сөндіруші-десантшылар командалары тартылады.
Орман өрттерін сөндіру жұмыстары басталмай тұрып осы жұмыстарға тартылатын барлық адамдар оларды жүргізу тәртібімен және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережемен таныстырылады.
Орман өрттерін тікелей сөндіруге 18 жасқа толмаған адамдар, екіқабат және бала емізетін әйелдер, мүгедектер, көру және есту қабілеттері нашар адамдар жіберілмейді.
Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Өрт сөндіру құралдары Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4