Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Өрттің таралуының себептері
1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Сабақ мақсаты: Орман өртінің туындауның негізгі себептерін, өртке қарсы профилактика, өртті бақылуды зерттеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады:
жеңіл түтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шеп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандыр-ғыш болады;
ормандагы бәсең түтанатын жангыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады.
Жанғыш материалдардың түрі, олардың мөлшері, жай-күйі мен орман алқабында бөлінуі - орман өрттерінің таралуында негізгі мағынаға ие болады. Сонымен, материалдардың өрт үшін «пісіп-жетілуі», олардың мөлшері, - жану жылдамдығы мен қарқынына тікелей себепкер болады. Айрықша қауіп тудыратын нәрсе - мөлшері ағаштар мен жасыл желеңдердің түріне және жасына байланысты орташа есеппен 8-ден 59 т-/га аумақты алатын жанғыш материалдардың пайдасыз жатқан (өлі) коры. Оттың жайылуында жанғыш материалдардын алкапта тегіс және үздіксіз таралып жатуының маңызы аз емес.
бақылау тапсырмалары
Өрттің таралуына әсер ететін жағдайлар жәнет олардың өртепен байланысы.
Ауа райы шарттары. Ауа райы шарттарының өрттің таралуында шешуші маңызы бар, өйткені жауын-шашын мен жоғары ылғалдылық жануды шектейді және тоқтатады. Күшті желдер, керісінше, өрттің өршуіне себеп болады. Тынық ауа райы және температураның темендеуі, -әсіресе түн мерзімінде, - ертті тыншытып, оның қарқынын темендетеді. Құрғақ, ыстық ауа райы оттың шығуы мен таралуына аса қолайлы жағдайлар туғызады. Жұмыстар тәжірибесі керсеткендей, ерттің таралуына эсер ететін. негізгі есепке алынатын факторлар - жел, ылғалдылық, ормандағы жанғыш материалдар мен олардың қоры, ауа температурасы және жер бедері болып табылады (сурет 1).
Жел Ылғалдылық Температура
Сур. 1. Өрттің таралуын анықтайтын ауа – райы факторлары
Жел. Желдің әсерімен жанғыш материалдар кебеді, оттың, -әсіресе жоғарыдағы орман ерттерінің, - таралу жылдамдығы артады. Бұл жанып жатқан белшектердің жылжуы арқылы ерттің жаңа ошақтарының шығуына себепші болады. Ормандағы өрт бір жердің шеңберіндегі ауа толқындарын туындатады да, сол арқылы оттың жайылуына басым желдің әсерін күшейтеді. Жалынныңүстіңгі жағындағы ауа қызып, жоғары көтеріледі. Оның орнына жаңа ауа толқыны құйылады да, оттың өршу мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, өрттің үстінде конвекциялық (жылулық) құбыр пайда болады. Конвекция (жылулық) құбырында, көбінесе, жанып жатқан бұтақтар, қылқан үйінділері болады да, олар орман үстіндегі жабыннан ары өтіп, содан кейін негізгі от ошағынан 200...300 метр және одан да асатын аралықта (желдің жылдамдығына және жылу құбырының ойысқан бағытына байланысты) орманға түседі, сөйтіп оттың жаңа ошақтарын туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |