1 глоссарий



бет16/30
Дата06.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26885
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Жайыққала - Теке - Орал


1775 жылға дейін қазіргі Орал деп жүрген қаламыздың Жайық қалашығы аталып келгені тарихтан белгілі. Жағасына осы қала орналасқан өзен де Жайық деп аталатын. Жайық - ежелгі түрік сөзі, мағынасы жайлы отан. Жайықтың жағасында скифтердің, гот-тардың, ғұндардың, аварлардың, хазарлардың, печенегтер мен қыпшақтардың үндері қалған. Бұл Жайық солардың ұрандарын бойына сіңірген.
ХІІІ-ХҮ ғасырларда бұл өлкенің Алтын Ордаға қарағаны белгілі. Алтын Орданың сауда-саттық, әрі мәдени орталығы болған Сарайшық та Жайықтың бойында. Бұны Еділ бойынан келген казак-орыстар 1580 жылы құртып жіберген. Казактардың бұл ойраны Ермактың озбырлығымен ұласып кеткені де мәлім.
XVII ғасырдың аяқ шенінде-ақ жікке бөлінген, байы мен кедейі іріктеліп шыққан казактар XVIII ғасырда алпауыттарға қарсы бас көтере бастайды. 1667-1671 жылдардағы Степан Разин басшы-лығымен көтерілген қара халық, бұдан 100 жыл өткеннен кейін Е.Пугачевтің туының астына жиналады. 1773 жылдың 17 қыркүйегінде Е.Пугачев пен И.Зарубин-Чика бастаған көтерісшілер тобы алғаш рет Жайық даласында атқа қонады. Осы Жайықта болған бақытсыз оқиғаларды мүлдем ұмыттыру үшін Екатерина ІІ 1775 жылы Жайық өзенін Орал өзені деп, Жайық қаланы Оральск деп өзгертеді. .
Патшаның бұйрығы өз алдына, Жайықтың Самар беті мен Бұқар бетін тең жайлаған қазақ халқы Жайығын Жайық деп, Ораль-скіні Теке деп атаудан еш жаңылмайды. Сол өлкеде қылышыжарқылдаған Махамбет те "Волга-Урал екі өзен" демей, "Еділ-Жайық екі өзен" деп жалынды жырға қосады.
1868 жылы Теке Батыс Қазақстан өлкесіндегі үлкен бір облыс орталығына айналады. XIX ғасырдың басында Теке қаласы орыс интеллигенциясының назарын өзіне бұра бастайды. Әуелі орыс география қоғамын ұйымдастырушылардың бірі А.И.Левшин келсе, оның еңбегімен танысқаннан кейін, 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісі болған жерлерді өз көзімен көру үшін А.С.Пушкин 1833 жылдың 21 қыркүйегінде Текеге келіп түседі. Бұл кездегі оның жолбасшысы, соңынан әрі ғалым, әрі жазушы ретінде аты шыққан В.И.Даль еді.
Сол шамада Текеде 12 400 адам тұратын, 4 алаңы, 85 көшесі болған.
Сөз соңында айтарымыз, патша II Екатеринаның қырсықтығынан ежелгі атын жоғалтқан қалаға не Жайыққала, не Теке деген атын қайтарып берсе деген ұсыныс жасаймыз.
(Баспасөзден)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет