1 глоссарий


Мәтін бойынша тапсырмалар



бет17/30
Дата06.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#26885
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Мәтін бойынша тапсырмалар:


1-тапсырма: Орыс тіліне аударыңыз.
1775 жылға дейін қазіргі Орал деп жүрген қаламыз Жайық аталған. Жайық - ежелгі түрік тілінде жайлы отан деген мағынаны білдіреді. Жайықта болған қанды оқиғаларды ұмыттыру үшін Екате-рина II 1775 жылы Жайық өзенін Орал, Жайық, қаласын Оральск деп өзгертеді, Қазақ халқы патшаның бұйрығына қарамай қаласы мен өзенін өз атымен атаудан жаңылмайды.


2-тапсырма: Көмекші есімдерге талдау жасаңыз.
Дәл осы кезде тыста, үй сыртында, жүгірген балалардың дауысы естіліп еді. Жүгіріп қасына барған Хакімге танымайтын адамша тосырқап қарады. Тозған үй ішінен жылу кеткен. Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас үрген ит дауысы келеді.


3-тапсырма: Көмекші есімдерді теріп жазып, сөйлем құраңыз.
Артта, ішіне, қасында, жанында, жанына, сыртта, қала, үлкен, ескі, кең, маңындағы, алға.


Семей


Семей - Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі.
Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Қаланың 16-17 ғасырлардағы ежелгі аты - Доржынкит. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында "Тас мешіт" деген атпен XVI ғасырдың басынан бел-гілі. I Петр тапсырмасымен бұл жерге арнайы келген әскер басшы-ларының хабарларында бұл қоныс "Гудские каменные палаты", "Семь палат" деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған. 1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген Чередов пен Бухгольц Жеті шатыр сарайларының биіктігі мен әшекейлеріне таң қалады. Бұл екеуінің жазуы бойынша Жеті шатырдың құрылыстары Бұхар мазарларының стилімен салынған. Онда ғажайып суреттер, кітаптар, қолжазбалар болған. Сарайдағы жазулардың бір тобын 1717 жылы Бухгольц I Петрге сыйға тартқан. I Петр ол жазулардың мазмұнын айыру үшін Париж академиясына жібереді. Бұл жазулар қазір сонда сақталуда. Жеті шатыр сарайының ең бағалы қазыналарының бірі - суреттер. Әр сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттермен көркемделген.
Семей бекінісінің іргесі 1718 жылы қаланғаннан кейін, 1782 жылдан уездік қала. Қала іргесі қаланған кезден-ақ Орта Азия ха-лықтары мен көршілес елдердің Шәуешек, Құлжа, Қашғар қалаларымен сауда Жібек жолы арқылы жүргізілді.
Семейде 1870 жылы май шығаратын екі завод, сабын қайнататын бес завод, он алты кірпіш заводы және 1353 тұрғын үй болған.
Сол жылдары оқу орындарынан бір уездік училище, бір әйелдер училищесі, бес мұсылман медресесі болған.
Совет өкіметі жылдарында маңызды экономика және мәдени орталықтарының біріне айналды. Қалада тамақ, жеңіл машина жөндеу, металл өңдеу және құрылыс материалдары кәсіпорындары салынған болатын. 1975 жылдың басында мұнда арматура, кабель, газ аппаратурасы, протез, тәжірибелік-тері-былғары, жол-құрылыс техникасы, автомобиль, тұрмыстық машиналар мен аспаптар жөндеу зауыттары, цемент, тері-бетон комбинаттары, аяқ-киім, шұлық, тігін, жүн фабрикалары және басқа жеңіл-өнеркәсіп орын-дары болды.
Қала тұрғындарына көптеген тұрмыстық кәсіпорындар, жоғары оқу орындары, қазақ, орыс драма театрлары, өлке тану мұражайы, қазақтың ұлы кемеңгері Абай Құнанбаевтың, орыс жа-зушысы Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайлары қызмет көрсетеді.
Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты 1965 жылы Жамбыл технологиялық институтының бір бөлімі болып ашылды, ал 1980 жылдың қаңтар айынан бастап, Семей қаласында өз алдына Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты болып өзгеріп құрылды.
Семей мемлекеттік институты - жоғары дәрежелі маман дә-рігерлер дайындайтын оқу орны 1953 жылы ашылды. 1961 жылға дейін бір ғана емдеу факультеті болды. Қазір бірнеше факультет бар.
Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты 1951 жылы ұйымдастырылған.
Семей педагогика институты педагог кадрлар дайындайтын жоғары оқу орны. Институт 1937 жылы құрылған.
Семей облыстық өлкетану мұражайы 1883 жылы ашылған. Ол жер аударылғандар Е.П.Михаэлис, А.А.Леонтьев, А.А.Блэк, Н.И.Долгополов және Абай Құнанбаевтың қатысуымен құрылды. Қазір мұражайда 35 мыңдай экспонат және 33 мың данадан аса ғылыми әдебиет бар.
Облыс 1939 жылғы қазанның он төртінде құрылған. Аумағы -179,6 мың шаршы шақырым. Халқы - 838,3 мың адам.


Сөздік
Мәдениетті Көркемделген
Ресми құжат Бекініс
Әшекей Мұражай
Мазар Мамандар
Қолжазба Дәреже
Өлке тану



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет