1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология


Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы



бет5/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)

8.Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы.
Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегіне байланысты – минералдық, өсімдік, жануартекті; қоры бойынша – сарқылатын (кендер, минералдар, жанғыш пайдалы қазбалар) жəне сарқылмайтын (су, ауа, өсімдік жəне жануартекті); химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық (кендер, минералдар) жəне органикалық (мұнай, көмір, табиғи газ); агрегаттық күйі бойынша – қатты, (кендер, минералдар, көмір, сланецтер, торф) сұйық (су, тұздықтар, мұнай) жəне газтəрізді (ауа, табиғи газ). Сондайақ шикізатты біріншілік (минералдық, өсімдік жəне жануартекті, жанғыш пайдалы қазбалар, су, ауа) жəне екіншілік (өнеркəсіптік жəне тұтынылатын қалдықтар), табиғи жəне жасанды (кокс, химиялық талшық, синтетикалық каучук, синтетикалық бояулар, шайырлар жəне т.б.) деп бөледі.
Химиялық-технологиялық үдерістерде қолданылатын шикізат:

  • соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;

  • шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға жəне үдерісті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;

  • бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;

  • əрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым жəне аз энергия жұмсау;

  • реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру сияқты талаптарды қанағаттандыру керек.

9.Шикізатты дайындау және байыту. Байыту процестері.


Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жыныс) жəне зиянды бөгде заттар болады. Көптеген жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі. Байыту операциясы – шикізатты өңдеуге жұмсалатын шығынды азайту, өнімнің сапасын жақсарту жəне шикізатты өндіріске тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайту үшін қажет. Шикізатты байыту жəне дайындаудың негізгі əдістері төмендегідей.
Шикізатты өңдеуге дайындаудың маңызды əдістерінің бірі – оны байыту. Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру жəне бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық жəне физикалық-химиялық əдістердің жиынтығы. Байыту нəтижесінде құрамында пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық өзгеру жылдамдығы жоғарылау нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны төмендейді.
Байыту әдістері:
Гравитациялық, электромагниттік, электростатикалық байыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет