1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология


Химиялық өндіріс.Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтері



бет3/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)

3.Химиялық өндіріс.Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтері
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналар мен аппараттарда жүзеге асырылатын процестер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндіріске қойылатын жалпы талаптар:

  • өндірісте қажетті өнімдер алу;

  • экологиялық қауіпсіздік;

  • пайдаланудың қауіпсіздігі және беріктігі;

  • шикізат және энергияны максималды пайдалану;

  • максималды еңбек өнімділігі.

Химиялық өндірістің компоненттері :
Ауыспалы компоненттер - өндірісте тұрақты түрде тұтынылады немесе түзіледі. Шикізат,Қосымша материалдар,Өнімдер ,Өндіріс қалдықтары,Энергия жатады.
Тұрақты компоненттер - өндірістің пайдалану мерзімінде тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Аппараттық жабдықтама,Тәртіп және басқару ұйымдастырылуы,Құрылыс объектілері,Қызметкерлер жатады.

1 шикізатты дайындау; 2 – шикізатты өңдеу; 3 – негізгі өнімді бөлу;
4 – қалдықтың утилизациясы және санитарлық тазалау;
5 – энергетикалық жүйе; 6 – қосымша материалдар мен суды дайындау;

  • басқару жүйесі

4.Химиялық өндірістің көрсеткіштері.







5.Химиялық-технологиялық жүйе және үдеріс.Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеу.
Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат)өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық,басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
ХТЖ-нің жалпы белгілері:
– химиялық өнім шығару;
– элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы;
– жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі;
– жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі;
-өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы;
-жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:– негізгі химиялық үдеріс:
– шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);
– шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;
– алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады. Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
ХТЖ элементтері нақты жұмыс істеу принципіне сəйкес жіктеледі:
Механикалық жəне гидромеханикалық элементтер, мұнда материалдың түрімен өлшемі өзгереді жəне оның ауысуы, ағыстарға бірігуі мен бөлінуі жүреді. Бұл операциялар ұнтақтағышта, грануляторда, араластырғышта, сепараторда, сүзгіште, циклонда, компрессорда, насоста жүргізіледі.
Жылу алмасу элементтері ағыстың темпе-ратурасын, оның жылу құрамын өзгертеді жəне басқа фазалы күйдегі затқа ауыстырады. Бұл 24 операциялар жылуалмастырғышта, буландырғышта, конденсаторда, сублиматорда жүреді.
Масса алмасу элементтері компоненттердің фаза аралық ауы суын жүзеге асырады жəне жаңа заттың пайда болуынсыз ағыстың компоненттік құрамын өзгертеді. Бұл операциялар дистилляторда, абсоберде, адсорберде, ректификационды колоннада, экстракторда, кристаллизаторда, кептіргіште жүргізіледі
Энергетикалық элементтерде энергияның түрленуі жүреді жəне энергия тасымалдағыштар алынады. Бұған турбиналар, генераторлар, энергетикалық буды шығаратын қазандық-утилизатор, механикалық энергияны шығаратын приводалар жатады.
Бақылау жəне басқару элементтері ағыс күйінің параметрлерін өлшеуге, аппараттар мен машиналардың күйін бақылауға, ағыстың жүру жағдайын өзгерту арқылы үдерісті басқаруға мүмкіндік береді. Бұл операциялар датчиктер (температура, қысым, жұмсалу, құрам жəне т.б.), атқарушы механизмдер, сигналдарды шығаратын жəне түрлендіретін приборлар (вентилдер, задвижкалар, өшіргіштер жəне т.б.), ақпараттық жəне есептегіш қондырғылар арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет