Каталитикалық крекинг- жоғары сапалы бензин алу; одан бөлек құрамында бутан-бутилен фракциясы көп газ (жоғары октомды бензин компонентік өндіру үшін шикізат) және газойл фракцияларын алады. Катализатор есебінде аморфты алюмосиликаттар немесе құрылымы жетімен кристалды кристалды құрылымды цеолиттер қолданылады. Процесс температура жағынан термиялық крекингке (470-540ºС) ұқсас, бірақ реакция жылдамдығы бірнеше дәрежеге жоғары, ал алынған бензин сапасы да едәуір жоғары болады.
Каталитикалық крекинг процесінде жоғары октан санды бензин фракциясы мақсатты өнім болып саналады. Бензиннен бөлек бұл процесте тағы көмірсутекті газ, жеңіл газойл (195-350ºС фракция), ауыр газойл және кокс түзіледі. Кокс катализатор бетіне отырады және сапасы, сонымен бірге түзімен кокстың да, шикізат сапасы мен процесс параметрлеріне тікелей байланысты.
Каталитикалық крекингтің ең негізгі шикізаты 200-500ºС арасында қайнайтұғын фракциялар болып саналады, көбінесе қолданатыны алғашқы айдаудың вакуум фракциясы (350-500ºС) және гидрокрекингтің газойлдері. Жеңіл ішкі заттарды (кеорсин газойл фракциясын және т.б.) базалы ұшақ бензинінің компанентін алуда, ал ауырлауын автобензин компанентін өндіруде пайдаланады. Қоспа шикізаты да (225-490ºС. 265-500ºС) автобензин өндіруде пайдаланылады.Крекинг катализаторы- соңғы кездерге дейі зауыттарда аморфты табиғи жасанды алюмосиликат катализаторы пайдаланылып келеді, олардың құрамында орташа 10-25% Al2O3, 75-80% SiO2 және аздаған кристалды суы, ал қоспа күйінде – темір, магний, кальций және натрий оксидтері болады.
12.Су сапасының көрсеткіштері.Судың кермектігі,кермектік түрлері,суды жұмсарту.Фармацевтикалық максаттарға арналған су Химиялық өндірістерде су универсалды еріткіш, жылу тасымалдаушы және шикізат ретінде қолданылады. Су – сутек және оттек алудың көзі, қышқыл, сілті алуда, сонымен бірге көптеген химиялық үдерістерде реагент болып табылады. Сонымен қатар ол өнімдер мен аппараттарды жылытуға немесе салқындатуға, вакуумды құруға және бу шығаруға, еріткіштерді, реакциялық ортаны, экстрагентті немесе сіңіргішті, тасымалдауыш агенттерді, жууға арналған заттарға, айдау заттарына жұмсалады. Көптеген технологиялық процесстер жоғары температура мен қысымда өтеді, ондай технологиялар үшін деминералданған сулар қажет етіледі.Химиялық кәсіпорындардағы судың шығыны өндіріс қуаттылығымен, өнімнің түрімен және технологияны жетілдірумен, қызмет көрсететін персоналдың біліктілігімен, кәсіпорындағы су қорымен анықталады.Мақсатына қарай су шартты түрде өндірістік және ауыз су болып бөлінеді.Олардағы қоспалардың құрамы белгілі стандарттармен реттеледі. Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне физикалық жəне химиялық сипаттамалары: мөлдірлігі, түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдық, жалпы сілтілігі, жүзгін заттардың мөлшері жəне су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Осы көрсеткіштер су құрамындағы қоспалардың бар жоғын анықтайды.
• Жүзгін заттардың мөлшері • Құрғақ қалдық
• Судың жалпы сілтілігі • Судың кермектілігі
• Судың мөлдірлігі • Судың тотығуы
• Судың реакциясы