1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі және олардың түрлері. Жеке қылмыстық құқық бұзушылық


Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі51,61 Kb.
#84454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚҚ 7 Қ.Құқықбұз. көптігі

4. Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы.
Егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады.14-бап, 1-бөлігі.
2. Қылмыстардың қауіпті қайталануы деп адамның:
1) егер осы адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса, ауыр қылмыс жасағаны;
2) егер ол бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, аса ауыр қылмыс жасағаны танылады.
3. Он сегiз жасқа дейінгі адамның жасаған қылмыстары үшін сотталғандық, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіппен алып тасталған немесе жойылған сотталғандық қылмыстардың қайталануын және қылмыстардың қауіпті қайталануын тану кезінде есепке алынбайды.
4. Қылмыстардың қайталануы және қылмыстардың қауіпті қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соғады.
Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сотталғанды, бүрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немнсе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағы болуы шарт. Яғни, қылмыстың қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрі. Қасақана қылмыс істеп, сол үшін сотталып, одан тиісті қорытынды шығармай, тағыда қасақана қылмыс істеуі, өзі мұндай адамдардың мемлекет, қоғам, жеке азаматтардың мүддесіне көрсетеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999ж. 30-сәуірдегі қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы №1 нормативтік қаулысына сәйкес соттардың назары бұрын сотталған , бірақ тұзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген зазалаудың қатаң шараларын қолданылыу керектігіне аударылды. Республика Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған қаулысының екінші тармағында сотта қылмыстық кодекстің қылмыстың қайталануын тану кезінде кезкелген алынып тасталмаған немесе бұрын жойылған соттылықтар емес, олардың тек ересек жастағы жасаған қылмысына байланысты соттылық қана негіз болып табылынын ескеру керек, делінген.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы фактілі және ресми болып бөлінеді. Адамның бірінші істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық қайталау деп саналады. Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық қайталау болып табылады.
Ресми қылмыстық қайталау деген атақтың болуы кінәлі адамның іс- әрекетін саралауға, оған жаза тағайындағанда немесе бас бостандығын айыру жазасына сотталғанда жаза өтеу колониясының белгілеуге сондай–ақ шартты жазаны жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның неғұрлым жеңілірек жазаға ауыстыруды қолдану мәселесіне сотталғандықтан арылу немесе оны жою сияқты мәселелерді шешуге тікелей әсері бар. Ресми қайталану жалпы, арнаулы, жай, күрделі пенициярлық қауіпті аса қауіпті болып бөлінеді.
Жалпы қайталану деп сотталғандығы бар адамның кезкелген жаңа қылмыс істеуін айтамыз, Мысалы ұрлық жасап сотталып, жазасын өтеп келген адамның бұзақылық жасауы. Жалпы қайталанудың қылмысты саралау үшін әсері жоқ ол тек жазаны даралағанда және тағайындағанда ғана есепке алынады.
Арнаулы қайталау деп сотталғандығы бар адамның бұрынғы істеген қылмысына ұқсас немесе біртектес жаңа қылмысты істеуін айтамыз. Мысалы ұрлық , бұзақылық үшін бұрын сотталған адамның сотталғандығы жойылмай тұрып тағы да ұрлық, бұзақылық істеуі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет