2. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы. Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық өзара бірнеше рет жасалуды құрамайды. (12-бап, 1-бөлігі). Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды (12-бап, 2-бөлігі)
Осы заңның мазмұнына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықты бірнеше мәрте жасады деп тану үшін бірінші және одан кейінгі қылмыстарды істеуде уақыты жөнінен үзіліс болуы және қылмыстық жауапқа тартудың ескіруі болмаса, егер сотталған болса, сотталғандықтан арылмаса немесе сотталғандығы жойылмауы негізі шарт болып табылады. Егер бұрын істеген қылмыстар үшін оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған болса немесе заңда белгіленген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса, қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмыстар дабірнеше мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жалпыжәне арнаулы болып екі түрге бөлінеді.