Жеке, күрделі құрамының бір түрі – балама әрекетті қылмыс болып табылады. Оның ерекшелігі сол қылмыс заңда көрсетілген әр бір әрекет немесе әрекетсіздік біткен қылмыс құрамың көрсетеді. Мысалы, ҚК-тің 175 бапта бір қылмыс құрамы мемлекетке опасыздық туралы жауаптылық көрсетілген, осы қылмыстың объективтік жағының әр-түрлі мынадай балама әрекеттерінің әрқайсысы жеке-жеке біткен қылмысты білдіреді: қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттеріне әр қайсысы жекеленген қылмыс құрамының біткен түрін білдіреді, осы әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін істегенде де бір ғана қылмыс істелді деп есептеледі.