1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі және олардың түрлері. Жеке қылмыстық құқық бұзушылық


Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы



бет9/10
Дата07.02.2022
өлшемі51,61 Kb.
#84454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚҚ 7 Қ.Құқықбұз. көптігі

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы
Қылмыстық Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы кезінде адам, егер осы іс-әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.(ҚК 12-бапа, 1-бөлігі).
Қылмыстық Кодекстiң екi немесе одан да көп бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгiлерi бар бiр әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың мұндай жиынтығы кезінде адам, егер бiр іс-әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа іс-әрекет үшiн неғұрлым қатаң жазаны көздейтiн нормасында қамтылмаған болса, әрбiр жасалған іс-әрекет үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауаптылықта болады. (ҚК 12-бап, 2-бөлігі).
Егер адам Қылмыстық кодекстің әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмасанемесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс –әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың жиынтығында кінәлі түрде істеген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті Қылмыстық кодестің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігініңнемесе бір баптың неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен қылмыста, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа қатысуды түзетін болса, онда мұндай әрекет те қылмыстың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 78-баптарында көрсетілген шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан босату; процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; кепiлгерлік белгіленуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты фактілер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында орын алмауы керек.
Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы болмайды. Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы идеалдық және нақты (реалдық) болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әр түрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе оданда көп қылмыстардың істеуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-нің іс-әрекеті мысал бола алады. Ш.өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш.К-нің саяжайында қатты мас болып, ұйықтап жатқанын көріп, одан кек алу мақсатымен, есік, терезенің сыртынанмықтап бекітіп, дәлізде тұрған 10 литр бензинді саяжай ішіне шашып, от өояды. Өрттен сажай өртеніп, ішіндегі К. Ауыр жарақат алып 4 тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. Бір әрекетпен (К-нің саяжайын өртеу арқылы) екі қылмыс істеді; 1) бөтеннің мүлкін өртеп жіберу арқылы қасақана құрту (202-бап, 2-бөлігі. «1» тармағы, 2)кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтіру (99-бап, 1-бөлігі).
Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұлда қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.
Мысалы, У. Төртінші қабаттағы пәтерінде тұрып жолдан өтіп бара жатқан өзінің жеккөретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-ға қаратып жұдырықтай тас лақтырады. Тас С-ға тимей Ж-деген әйелге тиіп оған ауыр дене жарақатын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі қылмыс жасағанын кореміз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақатын түсіру. Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әртүрлі бабына жататын қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та, практикалықта маңызы зор. Қылмыстың нақты жиынтығының заңдылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшінде оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Оның үстіне қылмыстық кодекстің 54-бабының 1-бөлігінің «1» тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу керек. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстық кодекстың бірнеше баптарынан сол іс- әрекетке тән бір бапты ғана бөліп алып, іс- әрекетті сол бойынша саралайды.
Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады. Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда зазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.
Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы кодекстің ерекшк бөлімінің арнаулы норманы қамтитың бабы бойынша туындайды (2-бап, 3-бөлігі). Яғни, басқаша айтқанда егер бірқ қылмысты іс- әрекет екінші бір қылмыстың міндетті белгісі ретінде көрінсе қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану жеке қылмыс 361-бап, ол сонымен бірге адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет бөтеннің мүлкін талантаражға салудың тәсілі ретінде көрінуіде мүмкін 189-бап 2-бөлігі, 3-тармағы, соңғы жағдайда барлық іс- әрекет бір қылмыс болып табыладыда, қосымша 361-бапбен саралануға жатпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет