Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықты істеуі болып табылады. Сондай-ақ, қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген немесе сотталғандықтан арылған немесе ондай атағы жойылған іс-әрекеттер қылмыс көптігіне жатпайды. Қылмыстық құқықта қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі деп адамның екі немесе одан да көп қылмысты кінәлі түрде істеуін айтамыз.
Іс-әрекеттің құрамына қарай қылмыстық құқық қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігін мынадай үш нысанға бөледі: 1). Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы (ҚК-тің 12-бабы).
2). Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы (ҚК-тің 13-бабы).
3). Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы (ҚК-тің 14-бабы).