19) Аллергендерге сипаттама беріңіз және түрлерін атаңыз. Аллергиялық аурулардың пайда болу себебі - аллергиялық реакция дамытатын аллерген. Аллерген мен антигеннің айырмашылығы: егер организмге енген зат аллергиялық реакция берсе, ол - аллерген, ал тек иммундық реакция дамытса - антиген. Аллергендер антигенге ұқсас (белок, организмге бөтен зат). Сонымен бірге аллергиялық реакцияны антигендік қасиеті жоқ заттар да шақыра алады. Олар - микромолекулалы қосындылар, мысалы - дәрілер, химиялық қарапайым заттар (бром, йод, хром, никель т.б.), кейбір белок емес күрделі затгар (микроб өнімдері, полисахаридтер т.б.). Аллергендер екі топқа бөлінеді: экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер). А.Д. Адо мен А.А. Польнер (1963) жзогендік аллергендерді пайда болуына байланысты бөлді: 1) инфекциялық емес аллергендер - тұрмыстық, эпидермалдық, шаң-тозаң, тағам, өндірістік; 2) инфекциялық аллергендер - бактериалық, саңырауқұлақтық, вирустық. Тұрмыстық аллергендердің негізі - үйдің шаңы. Құрамы күрделі: киімнің, жиһаздың, төсек-орынның ұсақ бөлшектері, саңырауқұлақтар, бактериялар, үй жәндіктерінің бөлшектері. Оның ішінде аллергендік әсері коп-кенелер, аквариум балықтарын қоректендіретін дафниялар. Тұрмыстық аллергендер тыныс алу жолының аллергиялық ауруларын шақырады. Жәндік аллергендері - шағатын, тістейтін (сілекейі) жәндіктердің аллергендеріЭпидермалық аллергендерге жануарлардың жүні, қайызғағы, құстың жүні, балықтың қабырғасы жатады Кәсіби сенсибилизация (малшыларда, виварий және шаштараз, құс ұстаушыларда) ринит, бронх демікпесін, есекжем сияқты аллергиялық аурулардыдамытады. Дәрі аллергені - гаптен. Егерде адамның бір дәріге аллергиясы болса, молекуласының антигендік үқсастығы бар басқа дәрілерге де алллергия дамиды. Тозаң аллергендері; жел арқылы ұрықтанатын, тозандары 35 мкм-ден үлкен болмайтын өсімдіктер аллергендері Астық тұқымдастардың (бидай, арпа, атқонақ, сұлы, бидайық) бәріне бірдей аллергені бар. Әр географиялық аймақта өзіне тән аллергия беретін өсімдіктері табылған Тағам аллергеңдері. Балык, бидай, бұршақ, қызанақ аллергияны жиі береді. Тағамға қосынды химиялық заттар (бояу, қош иістеу, ашытқы т.б.) аллерген болуы мүмкін. Өндіріс аллергендері. Үйде, өндірісте химиялық заттармен жанасу көбейді. Өндіріс аллергендері көбінесе гаптендер. Жиі кездесетін өндіріс аллергендеріне скипидар, майлар, никель, хром, мышьяк, деготь, смола, бояулар, танин, пирогалол, детергентгер, хлорбензол, нафталин және шаш, қас бояулары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |