20) Жоғары сезімталдылықтың Кумбс пен Джелл бойынша жіктелу түрлерін түсіндіріңіз. Қазіргі кездегі иммунологиялық жетістіктеріне байланысты , қорғаныстың иммундық жауаптардың және иммундық патологиялық жағдайлардың , оның арасында аллергияның да, барлығының негізінде иммунологиялық серпілістің гуморалдық және жасушалық механизмдері жататыны белгілі болды. Осыдан 1964 жылы Кумбс пен Джелл (P.Gell, R.Coombs) жоғары сезімталдықтың даму жолдарына қарай жіктеуін ұсынған. Бұл жіктеу бойынша жоғары сезімталдықтың негізінде сезімталдықтың әр түрлі клиникалық көріністеріне алып келетін иммундық механизмдердің ерекшеліктері жатады . Бұл жіктеу қазіргі уақытта жалпы қабылданған. Осы жіктеу бойынша жоғары сезімталдықтың 4 түрін ажыратады: Атопия және анафилаксия Цитоксикалық (цитолитикалық) серпілістер Иммундық кешен аурулары Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмдері (БЖС) Бұл механизмдер аллергиялық және аутоиммундық ауруладың патогенезінің негізінде жатыр. Аллергиялық серпілістер бұл антигенге гиперэргиялы иммундық жауап болып табылады. Жоғары сезiмталдықтың жасушалық механизмдерi (жоғары сезiмталдықтың баяу түрi). Кумбс пен Джеллдің жiктеуi бойынша, жоғары сезiмталдықтың IV-түрi – аллергенмен қайтадан кездескеннен соң 12 сағаттан кейiн дамиды және бұл серпілістер, гуморалдық иммундық механизм бойынша емес, жасушалықмеханизм бойынша дамиды.
) 21) Адамның иммундық статусын анықтауға көрсеткіштерді және анықтау әдістерін түсіндіріңіз.
Иммунды статус – сандық және сапалық көрсеткіштердің ара қатынасы және иммунды жүйенің қазіргі жағдайын көрсететін көрсеткіш. Иммунды статус жағдайы жастық ерекшеліктеріне байланысты болады. Иммунды жүйе көрсеткіштері әртүрлі сыртқы және ішкі әсерге байланысты өзгеріске ұшырайды: жүктілік ағымы, баланың бірінші жылында омыраумен емізу, басынан өткерген аурулары және т.б. Иммунды статус анализін өткізуге міндетті көрсеткіштер: иммунологиялық зерттеу әдістері маңызды кезде (біріншілік иммунодефицит, дисгаммаглобулинемия, миелома, СПИД, трансплантация және гемотрансфузия). аурулар тобында дифференциальды диагностика жасау қажет болған кезде (аутоиммунды аурулар, лейкоз, лимфома және т.б).
Иммунды статус анализін өткізуге салыстырмалы көрсеткіштер: Балаларда арнайы препарат иммуномодулятор қолданған кезде оң әсер болатын жағдайлар: инфекциялық ауру ұзақтығын қысқарту, жедел респираторлы аурулардың жиілігін төмендету және асқынуларын алдын алу. Бұндай көрсеткіштерге жатады: 1) Баладағы жедел респираторлы вирусты аурулардың жиілігі – жылына 6 рет.
2) Созылмалы, персистирленген инфекция (мысалы, герпетикалық инфекция, Эпштейн-Бар вирусты инфекциясы). 3) Бала ағзасында созылмалы инфекция ошақтарының болуы: рецидивті іріңді отит, синусит, рецидивтеуші бронхит. Иммунды статусты зерттеу көп компоненті бірнеше сатыдан тұратын зерттеу: гуморальды иммунитетті бағалау; жасушалық иммунитет; ағзаның бейспецификалық резистенттілігі.