19.Даярлық үшін KMnO4 – ті қандай мөлшерде (массада) алу керек: а) 500мл 0,05 н ерітіндісі (fэкв=1\5)
б)500 мл Т(KMnO4\Fe)=0.005932 ерітіндісі
в) 500 мл Т(KMnO4\СаО)=0.005246 ерітіндісі
(барлық жағдайда титрлеуді қышқылдық ортада жүргізеді)
Жауабы: а)0,7902 г; б)1,6786 г; в)1,4783 г.
Комплексонометрия
К о м п л е к с о н д а р – құрамында бірнеше карбоксил топтарымен қатар донорлы-акцепторлы байланыс түзуге бейім, бөлінбеген электрон жұптары бар аминді азот атомдары бар аминполикарбонқышқылдары.
Аналитикалық химияда мыңызды комплексон болып этилендиаминтетрасірке қышқылы немесе ЭДТА қолданылады.
ЭДТА – түссіз, суда және этанолда нашар ерігіш зат, ол екі немесе одан да көп көпзарядталған металл иондарымен суда ерігіш тұрақты хелаттар түзеді.
(HOOCCH2)2N(CH2)2N(CH2COOH)2 Этилендиаминтетрасірке қышқылы төрт негізді болып табылады.
Оның сулы ерітіндідегі келесі протолиттік тепе-теңдігі орнайды: (Y4- ЭДТА-ның анионы)