Комплексонометриядағы қисық титрлеу мен оның мінездемесі
Бұл әдісте тұңба түзілумен қатар, комплекстүзуші реакцияларды өзінде қамтиды. Оны өздігінен тұрақты комплексонаттарды құра алмайтын элеметтерді анықтау үшін қолданады. Мысалы, аниондарды анықтаған кезде, оларды қарапайым стандартты ерітіндімен араластырып, түзілген тұнбаны металл ионына комплексонометриялық анықтайды:
Кейде тұнба бөлініп, оны қышқылмен белгілі бір мөлшерінде ерітіп анықталған ион басқа ионның мөлшерімен комплексонометриялық анықталады.
Комплексонометриялық титрлегенде соңғы нүктеге қалай жетеді?
Комплексонометриялық реакцияларға қойылатын жалпы талаптар барлық титриметриялық әдістегілердей – олар тез, соңына дейін, қосымша процестерсіз және т.с.с өтуі керек.
Басқа титриметриялық әдістердегідей, дұрыс нәтижелер алу үшін комплексонометрияда индикатордың рМ титрлеу қисығының секірген жеріне кіруі қажет. Тәжірибеде экиваленттік нүктесі мен мен индикатор бояуының өтуі толық дәл келе бермейді, сондықтан индикаторлық қателік рМ пайда болады.
рМ = pMт - pMэкв
Қисық комплексонометриялық титрлеуде эквивалент нүктесі
ЭДТА катиондары әрекеттескенде екі протон бөлініп шығуына байланысты, оларды байланыстыру үшін анализденетін ерітіндіге әдетте аммиак буферін немесе сілті қосады.
Титрлеу қисығын құру үшін, әдетте, координаталар ретінде рН шамасын және ЭДТА көлемін таңдайды. Есептеулер үшін – коэффициент функциясын пайдаланамыз, ол протондану, бәсекелі реакциясын есепке алады:
Егер, өрнегін комплексінің тиісті теңдігіне қоятын болсақ,
Онда шартты тұрақтылық констансасының өрнегі шығады
Мұндағы с- ЭДТА-ның жалпы концентрациясы.
Достарыңызбен бөлісу: |