I. Антенатальды -Жүктіліктің І және ІІ –ші жартыларының гестоздары, түсік қаупі, анасының экстрагенитальды аурулары, ата-анасының кәсіби зияндылықтары, хирургиялық араласулар, вирты аурулар және т.б.
II. Интранальды - Ұзақ немесе тез босанулар, кесар тілігі, асфиксия, туу жарақаты, шала туылу, гемолитикалық аурулар, жедел жұқпалы және жұқпалы емес аурулары.
III. Постнатальды - Кез келген этиологиялы жедел аурулары, жасанды тамақтандыруға ерте көшіру және тағы да басқа денсаулық әсер ететін факторлар.
Әлеуметтік анамнез параметрлері :
I. Отбасының толықтылығының сипаттамасы -Егер әкесі және анасының жақын туыстары болса
II. Отбасының білім деңгейі -Орташа арнайы білім (ПТУ…)
III. Отбасының психологиялық жағдайы - Балаға біркелкі, қайырымды, мейірімді, достық қатынас; баланың ата-анасының бір-бірімен татулығы; отбасында жағымсыз әдеттері жоқ.
IV. Тұрмыс жағдайы - Отбасында адам басына шаққанда 6 шаршы метрден кем емес аумағы бар жеке пәтердің болуы
VI. Бала мен пәтер күтімінің санитарлықгигиеналық жағдайының деңгей
I. Қазіргі аурудың анамнезі (бар болса), оның басталуы, кейінгі ағымы, пациенттің өмір анамнезі (пробанд);
II. Пробандтың сибстері туралы мәліметтер (ағалары мен әпкелері) (туу реттіліктері, жасы, денсаулық жағдайы және т.б.). Отбасында барлығы неше бала бар болғанын, олардың дене және жүйке іс-әрекетінің дамуы, қашан және қалай ауырғаны, қандай жағдайда ауырғандары және өлгендері туралы мәліметтерді білу міндетті
III. Жақын туыстары туралы мәліметтер, ең бірінші пробандтың әке-шешесі, сонан соң I және II дәрежелі туыстықтан мәліметтер алынады.
IV. Пробандтың анасынан барлық болған түсіктерін, өлі туылу, ерте бала өлімі туралы жәйттерді анықтау қажет.
VI. Жұбайлар арасындағы қандас туыстық жөнінде барынша мәлімет жинау керек, ол тұқымқуалаушылықтың аутосомды рецессивті типіне күдік туғанда тетікті мәлімет болады.