«№1 жалпы дәрігерлік тәжірибеде науқастарды жүргізу алгоритмі»


Міндетті профилактикалық екпелерге халықтың мынадай топтары жатады



бет42/92
Дата03.05.2024
өлшемі5,23 Mb.
#201726
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Байланысты:
Экз ответы ОПВ1

Міндетті профилактикалық екпелерге халықтың мынадай топтары жатады:
1) міндетті профилактикалық екпелер жүргізу белгіленген мерзімдерге сәйкес жасы бойынша адамдар;
2) инфекциялық аурулардың (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар;
3) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер топтарына жататын адамдар: медицина қызметкерлері ("В" вирусты гепатиті, тұмау); кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);
4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: қан құйылған адамдар ("В" вирусты гепатиті); медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);
5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті ( тұмау);
6) кез келген жануар тістеген, сілекейін жаққан адамдар (құтырма);
7) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар (сіреспе);
8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар (" А" вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, коронавирус инфекциясы).
Балаларда

  • профилактикалық екпе картасы (063/у нысаны)

  • баланың даму тарихы (112/у нысаны)

  • баланың медициналық картасы (026/у нысаны)

  • амбулаториялық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақ (025-1/у нысаны)

  • жаңа туған нәрестенің профилактикалық екпелерін есепке алу журналы (064-1/у нысаны)

Ересектерде

  • амбулаториялық науқастың медициналық картасы (025/у нысаны)

  • профилактикалық екпелерді есепке алу журналы (064/у нысаны).



Анатомические места введения вакцин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет