«№1 жалпы дәрігерлік тәжірибеде науқастарды жүргізу алгоритмі»



бет50/92
Дата03.05.2024
өлшемі5,23 Mb.
#201726
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92
Байланысты:
Экз ответы ОПВ1

7. Сарғаю синдромы.

  1. Сарғаю синдромының жіктелісі мен диагнозын анықтау критерийлері.

Сарғаю синдромы - бауыр және өт жолдарының көптеген ауруларында байқалады. Тері сарғаюымен бірге зәр түсі өзгеруі ықтимал. Зәрдің түсі қоңыр-сары немесе қоңыр (сыра түсті) болады, ал нәжістің түсі ақшыл, кейде тіпті түссіз болуы мүмкін.
Сарғаюдың екі түрі бар: Негізгі сарғаю,алиментарлы сарғаю.1) негізгі сарғаю- патологиялық жағдайларда кездеседі, 2) алиментарлы сарғаю – қалыпты жағдайда каротині көп тағамдарды қабылдағанда болатын сарғаю (сәбіз, мандарин, апельсин).
Негізгі патологиялық сарғаюда науқастың біріншіден таңдайы, көзі, алақаны сарғаяды, содан кейін барып терісі, ал алиментарлық сарғаюында – тек терісі ғана сарғаяды. Сарғаю билирубин алмасуы бұзылғанда негізгі үш себептің нәтижесінде дамиды:

  1. Билирубиннің көп түзілуінен (гемолиздік сарғаю, эритроциттердің көп мөлшерде бұзылып ыдырауынан);

  2. Бауыр клеткалары бос билирубинді ұстап және оның глюкурон қышқылымен байланысуы бұзылуынан (паренхиматозды сарғаю);

  3. Билирубиннің өтпен бірге ішекке түсуі және байланысқан билирубиннің қайта қанға сіңуі бұзылуынан (механикалық сарғаю).

Бауырдың қалыпты қызметтері:
а) пигменттік алмасу;
б) көмірсу, белок, май алмасуы, микроэлементтер алмасуы;
в) залалсыздандыру қызметі;
г) бөліп-шығару қызметі.
Паренхиматозды (бауырлық) сарғаю- гепатоциттердің зақымдануынан дамиды, олар билирубинді ұстап, глюкурон қышқылымен байланыстырып, өтпен бірге шығара алмайды. Қан сарысуында бос және байланысқан билирубин көбейеді. Зәрде билирубин және өт қышқылдары пайда болады. Нәжіспен бөлінетін стеркобилиноген азаяды.
Механикалық сарғаю (обтурациялық, бауырастылық ) жалпы өт жолы жартылай немесе толық бітелуінен дамиды. Себептері: сыртынан ісіктің басып тастауы (ұйқы безі басының ісігі, Фатеров еміздігінің рагі), немесе ішінен таспен бітелуі. Соның салдарынан өт іркіліп, өт жолдарында қысым жоғарылайды. Нәтижесінде өт капиллярлары керіледі және бауыр клеткаларына өт сіңеді де, гепатоциттер некрозға ұшырап өледі, ал өт әрі қарай лимфа кеңістіктеріне және қанға сіңеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет