Іш қуысы мүшелерінің тарылуы (ішек түйілуі, копростаз, өт шаншымасы, обструкциялық панкреатит, бүйрек шаншымасы).
Іш астардың тітіркенуі: эндогенді интоксикация және метаболизм бұзылысы (диабеттік, алкогольды кетоацидоз, уремия, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, порфирия).
Іш қуысының жарақаты.
Іш қуысы мүшелерінің перфузиялы бұзылысы: қолқаның және іш астар артериясының эмболиясы, тромбозы, жыртылуы, тарылуы немесе жаншылуының әсерінен пайда болады (жіті ишемиялық колит, ішектің созылмалы ишемиялық ауруының асқынуы, жіті мезентериалды тромбоз, қолқа аневризмасының жыртылуы немесе сылынуы, қосалқы кистасы, жұмыртқа қосалқысы, қысылған жарық, ішек көктамырының инфаркті).
Іш қуысы мүше капсуласының созылуы: паренхималық мүшелердің ісігі немесе жіті қабыну кезінде (жіті алкогольды гепатит, көк бауырдың жіті тромбозы, бауырлық немесе қақпа көк тамырының жіті тромбозы — Бадда-Киари синдромы, жүрек жеткіліксіздігі (бауырлық іркілу), нефролитиаз.
Иммунологиялық бұзылыс (анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісік, васкулиттер).
Инфекциялық себептер: гастроэнтерит, гепатит, инфекциялық мононуклеоз, герпес, сепсис т,б.
Жедел немесе созылмалы экзогенді интоксикация (сынап және қорғасын мен созылмалы улану, метил спиртімен улану, улы өрмекшілердің шағуы, т.б.).
Жедел хирургиялық аурулар кезінде іштің жедел ауырсынуының орналасуы
Іштің жоғарғы оң жақ квадранты: жіті холецистит, өт шаншымасы, гепатит, панкреатит, бауырлық және көкет асты іріңдік, миокард инфаркті, пневмония, плеврит, перикардит, ішек түйілуі
Іштің жоғарғы сол жақ квадранты: панкреатит, көкбауырдың жыртылуы, көкбауырдың инфаркты, гастрит, миокард инфаркты, пневмония, плеврит, ішек түйілуі
Іштің төменгі оң жақ квадранты: аппендицит, ішек түйілуі, дивертикулит, тесілген жара, қысылған жарық, бауырлық шаншымасы, эктопиялық жүктілік, аналық без ауруы, эндометриоз, аналық без қосалқыларының ауруы
Іштің төменгі сол жақ квадранты: қолқа аневризмасының жыртылуы, қолқаның сылынуы, ішек түйілуі, дивертикулит, іш астар арты іріңдігі, бүйрек шаншымасы, эктопиялық жүктілік, аналық без ауруы, эндометриоз, аналық без қосалқыларының ауруы
Жедел іш синдромымен көрінетін аурулардың ажырату диагностикасы.
Достарыңызбен бөлісу: |