Көбінесе АКДС енгізгеннен кейін поствакциналық асқыну жиі дамиды: гипертермия (40С және жоғары); енгізу орнындағы жұмсақ тіндердің ісінуі мен гиперемиясы түріндегі ауыр жергілікті реакция; анафилактикалық шок; Квинке ісігі; ұзақ ащы айғай; естен танумен жүретін фибрилді діріл; энцефалиттің дамуы (дірілдер мен ұзақ естен танумен гипертермиямен, құсумен, гиперкинездермен, аяқ-қол шаласалданумен (парез), жергілікті симптомдармен көрініс береді).
ОПВ енгізгеннен кейін вакцинамен ассоциирленген полиомиелит дамуы мүмкін. Ол екпеден кейінгі 4-30 тәулік аралығында және егілгендермен қатынаста болғандарда 60 тәулікте дамиды. Бұл асқыну иммундықтапшылық балаларда байқалады.
БЦЖ енгізгендегі поствакциналық асқынуларға ерекше назар аудару қажет, оған жергілікті сипаттама тәні:
регионарлы лимфааденит (екпеден 2-3 ай өткен соң мойын, қолтықасты лимфа түйіндері ұлғаяды);
теріасты суық абцесс (вакцинаны тері астына енгізу техникасы бұзылғанда немесе жоғары дозаны енгізгенде — асептикалық инфильтрат дамиды); беткей жара;
келоидты тыртық (тері бетінен көтеріліп тұратын дәнекер тіндік түзіліс);
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасын дамыту стратегиясы. Вакциналау бойынша ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары.
ҚР-да профилактикалық егулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Вакцинация кестесі бұзылған кезде екпелерді алу ережесі.
Ересек тұрғындардың эпидемиологиялық жағдайы бойынша вакцинация критерийлері .
Иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер. Профилактикалық егулерді жүргізуге қарсы көрсетпелер.
Қазақстан Республикасындағы иммунопрофилактика туралы негізгі ережелер. Қазақстан Республикасындағы иммундаудың құқықтық аспектілері
Вакцинациядан кейінгі жалпы асқынулар. Егу бөлмесінде шұғыл көмек көрсету.