Балалардың денсаулығын кешенді бағалау критерийлері. (Бұйрық ҚР ДСМ от 15.12.2020г. №ҚР ДСМ-264/2020)
Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер не жалпы практика дәрігері мынадай "денсаулық топтарын" айқындай отырып, балалардың (15 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) денсаулық жай-күйіне кешенді бағалау жүргізеді:
1-топ – дені сау балалар;
2-топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторлары бар балалар;
3-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
4-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар балалар;
5-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар балалар.
Балаларды вакцинациялауға қарсы көрсеткіштер. (Бұйрық ҚР ДСМ №361, от 13.06.2018. приложение №3)
Профилактикалық егулер жүргізуге қарсы көрсетілімдер
1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа дейін және оданда жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникаялық-гипореактивті синдром);
2) осы вакцинаны бұрын салғанда болатын асқынулар – тез болатын аллергиялық реакциялар, оның ішінде егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок, вакцина салғаннан кейін жеті күн ішінде пайда болатын және бұл белгілерді түсіндірудің басқа себептері жоқ энцефалит немесе энцефалопатия (естің деңгейінің өзгеруімен, құрысу байқалатын).
2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) АИТВ инфекциясын қоса алғандағы тұрақты иммун тапшылығы жағдайы;
2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік;
3) жүктілік.
3. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер:
1) орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинациялау сауыққан күннен бір жылға дейінгі мерзімге қалдырылады;
2) жіті гломерулонефрит – вакцинациялау сауыққан соң 6 айға дейін кейінге қалдырылады; нефротиялық синдром – вакцинациялау кортикостероидтермен емделу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады;
3) температураға байланыссыз ауырлығы орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар - вакцинациялау сауыққаннан кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі;
4) әртүрлі патология кезінде стероидтерді, сондай-ақ иммундық-супрессивті қасиеттерге ие басқа да препараттарды қолдану;
5) біртіндеп ұлғаятын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар вакцинациялауға жатқызылмайды; асқынатын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар ремиссия кезеңінде егіледі.
4. Вакциналардың жекелеген түрлеріне қосымша қарсы көрсетілімдер:
1) туберкулезге қарсы вакцинаға (БЦЖ):
шала туғандық (сәби денесінің салмағы 2000 граммнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас);
алғашқы туысқандық дәрежедегі адамдарда анықталған БЦЖ генерализацияланған инфекциясы (тұқым қуалаған иммун тапшылығының ықтималдығы);
БЦЖ вакцинасын бұрын салғаннан кейін пайда болатын вакцинадан кейінгі кезеңнің асқынып өтуі;
орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – жүйке жүйесінің туа біткен аурулары және орталық жүйке жүйесінің неврологиялық симптомы бар перинаталдық зақымдануы (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі);
жаңа туған сәбилердің гемолитикалық ауруы (ауырлығы орта және ауыр түрлері);
құрсақ ішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсис;
туберкулездің микобактерияларын жұқтыру, анамнезінде туберкулездің болуы;
оң немесе күмәнді Манту реакциясы;
2) ауыз арқылы қабылдайтын тірі полиомиелит вакцинасына (бұдан әрі – АПВ):
иммундаудан кейін 30 күн ішінде АПВ бұрынғы дозасын салғанда параличтің немесе парездің дамуы;
иммун тапшылығы бар адамдармен тұрмыстық жанасу.
Осы жағдайларда вакцинациялау белсенділігі жойылған полиомиелиттік вакцинамен (бұдан әрі – БПВ) жүргізілуі мүмкін.
3) БПВ-ға:
вакциналарды өндіруде қолданылатын неомицинге немесе стрептомицинге шұғыл аллергиялық реакциялар;
4) жасушасыз көкжөтел компоненті бар көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы адсорбцияланған вакцинаға (бұдан әрі – АбКДС) және құрамында АбКДС бар (бұдан әрі – құрамында АбКДС бар вакцина) құрамдастырылған вакциналарға:
инфантильдік спазмдарды, бақыланбайтын эпилепсияны қоса алатын үдемелі орталық жүйке жүйесі аурулары, вакцинациялаудан кейін жеті күн ішінде пайда болатын үдемелі энцефалопатия (естің деңгейінің өзгеруі), сондай-ақ алдыңғы вакцинациялаудан кейін 3 күнге дейін дамыған афебрильді құрысулар;
вакцина өндіруде қолданылатын вакцина ингредиентіне расталған жүйелі реакция (глютаральдегид, неомицин, стрептомицин, полимиксин В);
5) құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаға (АДС-М, АС):
құрамында сіреспе анатоксині бар вакцинаны бұрын салғаннан кейін алты апта ішінде пайда болатын Гийен-Барре синдромы.
6) құрамында аттенуирленген тірі вирустар бар вакциналарға:
тауық жұмыртқасының ақуызына (егер вакцина вирустары тауық эмбриондарында өсірілетін болса), вакцина өндіруде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа да антибиотиктерге анафилактикалық реакциялар.
7) тауық эмбриондарында алынған тұмауға қарсы вакцинаға:
тауық жұмыртқасының ақуызына, штаммдарды өсіруге арналған орта компоненттеріне (ақуыздар, антибиотиктер және басқа да заттар) аллергиялық реакциялар;
8) ВВГ-ге қарсы вакцинаға және құрамында жекелеген рекомбинантты иммуногендер бар басқа да рекомбинантты немесе кешенді вакциналарға:
ашытқы тәрізді зең компоненттеріне, бактерияларға немесе вакциналар өндіруде қолданылатын басқа да жасушаларға шұғыл аллергиялық реакциялар.
Гипотиреоз синдромымен бірге жүретін аурулар. (КХ ҚР № 26 от 18.08.2017)