1. Жалпы ережелер


Қабатты вакуумде жағу бойынша



бет50/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71



638. Қабатты вакуумде жағу бойынша

құрылғылардың операторы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын вакуум құрылғылардағы құралдық және құрылымдық болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға және алмас кристалдарға басқару пультімен иондық тозаңдандыру әдісімен жағу процессін жүргізу. Жабдықтың тиімді жұмыс режимін таңдау. Жағу технологиясын өңдеу мақсатында бұйымдардың сынақ партиясына жағу. Өлшеу блогын орнату және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жекелеген механизмдері мен тораптарын жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықты кинематикалық схемасы, вакуумды сынақтардың теориялық негіздері мен практикалық әдістері, құралдық және құрылымдық болаттан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға технологиялық өлшемдерді белгілеу ережесі, қабатты жағу үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері және олардың қабаттың сапасына тигізетін әсері, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, өлшеу блогын орнату және реттеу ережесі, блоктың қызмет көрсетілетін жабдықтарын баптау және реттеу ережесі.



639. Қабатты вакуумде жағу бойынша

құрылғылардың операторы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Нитрид, борид, карбид және басқа да материалдардан жасалған тозуға төзімді, декоративті және қорғаныш қабаттарын иондық тозаңдандыру әдісімен өңделетін барлық балқымалар мен материалдардан жасалған құралдарға, бөлшектер мен бұйымдарға басқару пультімен жағу процессін вакуум құрылғылардағы жүргізу. Өңдеудің жаңа технологиялық режимдерін таңдау және пысықтау. Жабдықты баптау және жөндеу. Қаптау сапасын техникалық шарттар бойынша бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, иондық тозаңдандыру әдісімен өңделетін барлық балқымалар мен материалдардан жасалған құралдар, бөлшектер мен бұйымдар өңдеу үшін технологиялық режимдерді белгілеу ережесі, вакуумда қаптау процессінің теориялық негіздері, электротехника және электроника негіздері, вакуум сынақтарының теориялық негіздері мен практикалық әдістері, ағындарды анықтағышпен жұмыс істеу ережесі, өңдеудің жаға технологиялық режимдерін таңдау ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және реттеу ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Қорғасыншы


640. Қорғасыншы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қорғасындалған табақты тазалау машинасына салу және оларды машинадан шығару. Машинада тазалағаннан кейін табақтағы шағын ақаулықтарды жою. Табақтарды іріктеу және сапасыз қапталған табақтарды қайта қорғасындауға жіберу, өңделген кескіндерді жаңасымен ауыстыру. Тазалау машинасын ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тазалау машинасының жұмыс қағидаты, тазалау машинасының негізгі бөлшектерінің атауы мен мақсаты, табақтардың сұрыптамасы.



641. Қорғасыншы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары қорғасындаушының басшылығымен табақтарды қорғасындау табақтарында қорғасындау процессін жүргізу. Табақтарды қорғасындау аппаратынан қабылдау және оларды салқындатуға орнату. Майдың астаудағы тұрақты деңгейін қамтамасыз ету. Майлау машинасының біліктерін ыстық және таза күйінде ұстау. Қорғасын мен қалайыны астауға балқыманы өндіру жағдайына қарай салу. Майды сүзгілеуге қатысу. Қайта қорғасындалуға тиіс табақтарды тазалау. Майлау машинасын баптауға және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қорғасындау аппаратының жұмыс қағидасы, табақтарды қорғасындау процессі, орындалатын жұмыс көлемінде химикаттарды қорғасындау кезінде қолданылатын қорғасынның физикалық және химиялық қасиеттері.



642. Қорғасыншы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табақтарды қорғасындау табақтарында қорғасындау процессін жүргізу. Табақтарды аппаратқа салу. Қаңылтыр табақтарды қорғасындау сапасын бақылау. Астаудың температурасын реттеу. Флюс режимін жүргізу. Қорғасындау аппаратын жұмыс барысында баптау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қорғасындаушының басшылығымен табақтар мен таспаларды үздіксіз және жартылай үздіксіз жұмыс істейтін қорғасындау агрегаттарында қорғасындау процессін жүргізу.

Білуге тиіс: қорғасындау аппаратының құрылысы мен жұмыс қағидаты, табақтарды қорғасындау және өңдеу процессі, орындалатын жұмыс көлемінде химикаттарды қорғасындау кезінде қолданылатын қорғасынның физикалық және химиялық қасиеттері.


643. Қорғасыншы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Табақтар мен таспаларды үздіксіз жұмыс істейтін қорғасындау агрегаттарында қорғасындау процессін жүргізу. Қабаттың талап етілетін қалыңдығына, жолақ (табақ) бетінің сұрыптамасы мен сапасына және электролиттердің жай-күйіне байланысты агрегат жұмысының қозғалыс жылдамдығы мен технологиялық режимін белгілеу. Болат жолақтың (табақтың) бетін қорғасындауға дайындау сапасын бақылау. Астауға келетін тоқ күшін және қорғасындаудың технологиялық процессін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: үздіксіз ыстық қорғасындау, электролиттік майсыздандыру және өңдеу агрегаттарының құрылысы, кинематикалық және электр схемасы, қорғандау агрегаттарының бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратурасын баптау және реттеу ережесі, электролиттер мен ерітінділерді талдау әдістері.



Ыстық тәсілмен мырыштаушы


644. Ыстық тәсілмен мырыштаушы 1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды мырыштауға қатысты қосымша жұмыстарды: жуу, ысқылау және тазалау жұмыстарын орындау. Бұйымдарды сілку және олар салқындағанша іліп қою. Дайын өнімдердегі мырыш қылаулары мен қаспақтарын металл щеткамен тазалау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қорғасындаушының басшылығымен астауларға флюстер мен тұнба материалдарды құю, сымның астау мен орау аппаратына үздіксіз жіберілуі, табақтарды машинаға реттеп салу бойынша жұмысты орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет