Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, бытыра көздегіш құрылғыны, сырлап кептіру камерасын, агрегатты толтыру тәсілдері, металдың, бөлшектер мен бұйымдардың берілу ережесі, бітеме дайындау тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау және жуу тәсілдері, қызмет көрсетілетін механизмдерді баптау және жөндеу ережесі.
Жұмыс сипаттамасы. Бытыра көздеу құрылғыларының көмегімен сырлап кептіру желісіндегі табақ және бейінді металды, металл бұйымдар мен бөлшектерді күюден, қабыршықтардан, коррозия мен коррозияға қарсы қабат қалдықтарынан басқару пульті арқылы алдын ала және соңғы тазалау процессін жүргізу. Өңделетін материалдарды, бұйымдар мен бөлшектерді қыздыру пешінде қыздыру. Технологиялық процеске сәйкес белгіленген өлшемдерді қамтамасыз ету үшін жануды реттеу және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен қыздыру пешінің температуралық режимін ұстау. Сырлау қабатының сапасын бақылау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді баптау және ағымдағы жөндеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, кинематикалық схемасы мен баптау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.
630. Сырлау-кептіру желісі мен агрегаттың операторы5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тораптарды, механизмдерді, аппараттарды, жылжыма құрамдарды сырлап кептіру агрегатында басқару пульті арқылы сырлау және кептіру процессін жүргізу. Сырлап кептіру агрегаты мен оның механизмдерін; сырланған бөлшектерді тасымалдауға арналған тізбекті транспортерді, тораптар мен бөлшектерді, вагондарды жылжытуға арналған реверстік транспортерді, пневматикалық сырлау механизмдері жүйесін, электростатикалық сырлаудың автоматты механизмдері мен жоғары вольтті автомат түзеткіш құрылғыларды жұмыс режиміне реттеу және баптау. Бытыра көздеу құрылғыларында тазалағаннан кейін табақ және бейінді металды, металл бұйымдар мен бөлшектерді сырлап кептіру желісінде басқару пульті арқылы сырлау және кептіру процессін жүргізу. Электр сорғы гидравликалық станциясы мен май мен сыр жіберу жүйесін автоматты және жартылай автоматты басқару. Болат маркасын, балқыту режимін және басқа да сертификаттық деректерді айқындау және тіркеу арқылы өңделген металды сұрыптау. Агрегат пен желіні жұмысқа жарамды күйде ұстау, механизм жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және оларды жою.
Білуге тиіс: орындалатын жұмыс көлемінде сырлап кептіру агрегатының тораптары мен механизмдерінің және сырлап кептіру желісі камерасының құрылысы, кинематикалық, электр схемасы және құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі, газ және терморадиациялық кептіру жүйесі және оны реттеу, агрегат пен желіні автоматты басқару схемасы, пневматикалық және электростатикалық сырлау механизмдері жүйесі, майлау жүйесі және гидрожүйе, гидрожүйенің майлау материалдары мен сұйықтықтарының түрлері, қасиеттері, металдардың сұрыптамасы мен сертификаты, агрегат пен желінінің механизмдері жұмысындағы ақаулықтардың себептері.
Үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және күйдіру агрегаттарын басқару постының операторы
631. Үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және күйдіру агрегаттарын басқару постының операторы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орамадағы табақ металды үздіксіз майсыздандыру, дәрілеу және күйдіру желілерінің орауыштар, түзету машиналары, жиектеу және басқа да механизмдерді топтық бақылаушының көмегімен басқару, сондай-ақ екі қабатты табақ металл өндірісіндегі слябтың жұмысын басқару. Жолақтың желінің өн бойында қозғалуының белгіленген жылдамдығын қамтамасыз ету. Жолақ бетінің сапасын бақылау, жиектің түйілуін, бүкпесін анықтау және оларды жоюға қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау және оны жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін агрегаттардың жұмыс қағидаты және технологиялық процестің негіздері, металл сұрыптамасы мен маркасы, қолданылатын электролиттер мен ерітінділердің қасиеттері.
632. Үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және күйдіру агрегаттарын басқару постының операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз дәрілеу және орамадағы табақ металды күйдіру агрегатындағы орамасын жазу станциясының механизмдерінің; ораманы жазу станциясының басты постының және үздіксіз электролиттік дәрілеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау агрегаттарындағы дәнекерлеп-құрастыру машинасының механизмдерінің; орама қаңылтырды үздіксіз дәрілеу, электролиттік қалайылау және лактау агрегаттарындағы орамасын жазу және орау механизмдерінің жұмысын басқарушы бақылаушылардың көмегімен басқару. Үздіксіз дәрілеу және майсыздандыру агрегаттарындағы қайшыны басқару. Тұрақты дәрілеу агрегатына қызмет көрсету. Механизмдерді іске қосу, тоқтату және қозғалу жылдамдығын реттеу. Ораманы жазу құралына және жолақты агрегатқа әперу, жолақты дәнекерлеу, ораманы домалату. Жолақтың бетін бақылау және бүкпелер мен жыртылған жиектерді, бүкпелерді, кертіктерді, сырылуларды, майсыздандыру астауларында жолақтардың күйдірілуі және басқа да ақаулықтарды анықтау және орларды жоюға қатысу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын өздігінен орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, гидравликалық және пневматикалық жетек жүйесі, орама қаңылтырды электролиттік майсыздандыру және қалайылау процессі, орындалатын жұмыс көлемінде механизмдерді басқарудың электр схемалары.
633. Үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, лактау және күйдіру агрегаттарын басқару постының операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз дәрілеу және орамадағы табақ металды күйдіру агрегаты басты постының механизмдерінің; үздіксіз электролиттік қалайылау және мырыштау агрегаттары посттарының, қалайылау желісіне жапсарлас орналасқан индуктивтік кептіре отырып электростатикалық өрісте лактау агрегаты посттарының; үздіксіз дәрілеу, күйдіру және электр оқшаулағыштық қаптау агрегаттарындағы дәнекерлеп-құрастыру машинасының жұмысын басқарушы бақылаушылардың көмегімен басқару. Үздіксіз күйдіру және болат жолақты дәрілеу агрегаттарындағы бытыра лақтыратын құрылғыны басқару. Сорғы жүйесін, майсыздандыру, өңдеу, бейтараптандыру, қалайылау астауларын іске қосу және сөндіру. Жолақтың қозғалу жылдамдығын үздіксіз күйдіру, өңдеу, қалайылау және мырыштау технологиялық процестерінің жылдамдығына сәйкес қамтамасыз ету. Қалайылау, майсыздандыру, өңдеу астауларындағы тоқ күшін бақылау және оның кернеуін реттеу. Кептіру құрылғысындағы ауа температурасын және майсыздандыру, өңдеу және қалайылау астауларының температурасын аспаптар бойынша бақылау. Орамадағы табақ металды өңдеу барысында жолақтың бетіндегі жиектің бүгілуі мен бүкпелерді және қажет болған жағдайда түйілістерді шабуды анықтау. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын бақылау және оны баптауға қатысу. Майсыздандыру, өңдеу, анодтау, жуу, полимерлеу, күйдіру, кептіру, суды деминералдау, ағындарды бейтараптандыру, ерітінділерді күйдіру агрегаттарын пульттен басқару. Орамадағы алюминий таспаларды бір қабаттап екі жақты лактау агрегатын басқару.