1. Жалпы ережелер


) Сорғылар мен компрессорлардың штоктары – тотықпайтын болатпен металдау



бет45/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71

21) Сорғылар мен компрессорлардың штоктары – тотықпайтын болатпен металдау.



615. Металдаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ұнтақ және баяу балқитын материалдармен күрделі пішінді бөлшектер мен бұйымдарды газотермиялық, электродоғал және вакуумды тәсілдермен металдау. Ұнтақ және баяу балқитын материалдарды күрделі пішінді бұйымдар мен бөлшектерге плазмалық бүрку. 20 мкм астам шақтамамен белгілі бір қалыңдықты бөлшектер мен бұйымдарды Детонациялық, жоғары жиілікті және плазмалық тозаңдандыру. Әртүрлі металл мен балқымалардан, псевдобалқымалардан жасалған қабатты тотықпайтын болат пен қатты балқымалардан жасалған бұйымдарға жағу. Бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматтар мен тізбекті тозаңдандыру жартылай автоматтарында металдау. Күрделі бөлшектер мен бұйымдардың баяу балқитын металдардан жасалған металдау қабатын балқыту. Баяу балқитын металдардан жұқа қабатты бөлшектерді мастер-модельде тозаңдандыру арқылы жасау. Қоспаланған кремнийді жоғары жиілікті сіңдіру агрегатында алдын-ала балқыта отырып, электр қыздырғыштардың карбидкремний дайындамаларын металдау. Қызмет көрсетілетін аппаратураны орташа жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті және детонациялық тозаңдандыру құрылғыларының құрылысы, жартылай автоматтар мен тізбекті тозаңдандыру жартылай автоматтарының құрылысы мен кинематикалық схемасы, газбен, электродоғал металдау және плазмалық тозаңдандыру құрылғыларының кинематикалық схемасы, қабаттарда ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу әдістері және жою тәсілдері, бөлшектерді орнату тәсілдері, бөлшектердің олардың қабаттарының көлемі мен түрлеріне байланысты айналу жылдамдығы, бөлшектерді тозаңдандыруға дейін және одан кейін өлшеу картасын жасау ережесі, плазможасаушы газдардың: аргон, сутегі, азоттың талап етілетін санын есептеу тәсілдері, шектеулер мен қондырмалар жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері.

Жұмыс үлгілері

1) Газ өткізгіш бөлшектер – ішкі бетін плазмалық тозаңдандыру;

2) Электронды техниканың барлық типті номиналдарының дайындамалары, бөлшектері мен тораптары - металдау және көміртектендіру;

3) Га турбиналардың күректері – қатты балқымалармен металдау;

4) Ауыспалы радиуста айналатын денелердің беті - плазмалық тозаңдандыру;

5) Тоқыма машиналарының тізгіндері - металдау;

6) Ірі көлемді гидромашиналардың штоктары – тотықпайтын болатпен металдау.



616. Металдаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тозаңдандыру кезінде деформациялану мен шалыстыққа ұшырайтын эксперименталдық, сынама қымбат және ірі көлемді бөлшектерді, тораптар мен жұқа қабатты бөлшектердің бұйымдарын ұнтақ және баяу балқитын материалдармен плазмалық тозаңдандыру. 20 мкм дейін шақтамамен белгілі бір қалыңдықты бөлшектер мен бұйымдарды детонациялық, жоғары жиілікті және плазмалық тозаңдандыру. Арнайы металл мен балқымалардан жасалған бұйымдарға қабаттың арнайы түрлерін жағу. Бөлшектер мен бұйымдарды автоматтар мен тізбекті тозаңдандыру автоматтарында металдау. Тәжірибелік-сынақ жұмыстарын жүргізу. Қабаттардың эталондық үлгілерін жасау. Детонациялық жоғары жиілікті тозаңдандыру құрылғыларын таңдау және оның жұмысын реттеу. Атмосферасы бақыланатын камераларда бөлшектерді плазмалық тозаңдандыру. Көп компонентті механикаландырылған құрылғылар мен қабатты тозаңдандырудың ағын тізбегіне қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пайдаланылатын құрылғылардың, автоматтар мен тізбекті тозаңдандыру автоматтарының тозаңдандырылатын материалдардың түрлеріне, бұйымдардың материалдары мен олардың мақсатына байланысты құрылысы , электр және кинематикалық схемасы, тозаңдандырудың технологиялық өлшемдерінің материалды пайдалану коэффициентінің көлеміне, қабат қасиеттеріне тигізетін әсері, термо- және өңдеудің басқа түрлерінің олардың физикалық және механикалық қасиеттеріне тигізетін әсері, тозаңдандыру бойынша жұмыс өндірісі жағдайларын бақылау әдістері мен аспаптары, қабаттар мен бөлшектердің деформациялануын азайту үшін қабат жағу тәртібі, тозаңдандыруға қажеті материалдар санының талап етілетін салмағын есептеу тәсілдері, шектеулер мен қондырмалар жүйесі, квалитеттер мен кедір-бұдырлық өлшемдері, тозаңдандыру учаскелерін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1) Жылу алмастырғыш аппараттар, тотықпайтын болаттан жасалған құбыр элементтерінің шоғыры – ыңғайсыз жағдайда көзбен шолып бақылаусыз, стандарт емес ұзартқыш бастарды пайдалана отырып металдау;

2) Ағын бағыты мен тозаңдандырылатын бетінің арасындағы бұрышы 45° газ өткізгіштердің бөлшектері – ішкі беттерін плазмалық тозаңдандыру;

3) Гидро бүріккіштердің реттығындары – детонациялық тозаңдандыру;

4) Жылу алмастырғыш тоңазытқыштар – кеуек қабатты автомат желілерде жағу;

5) Әртүрлі материалдардан жасалған құбырлар – металл және металл қыш қабаттардың ішкі беттерін детонациялық тозаңдандыру;

6) Гидросорғылардың тістегершіктері – тістегершіктердің тірек беттерін детонациялық қаптау.



Металды жуып-кептіруші


617. Металды жуып-кептіруші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Металды жуып кептіру машинасына әперу, табақтарды машинадан алу және оларды қатарлап үю. Астаудағы ерітіндінің деңгейі мен температурасын бақылау. Бөлшектерді, бұйымдарды, металды, қаңылтырды және құбырларды арнайы камералық пештерде дәрілеу, лактау және сырлаудан кейін кептіру. Кептіру пештерінің температуралық режимін аспаптар бойынша бақылау. Қоймадан химикат алу және оны астауға себу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жуып кептіру машинасының құрылысы, табақтардың сұрыптамасы, табақтар мен қаңылтыр орамаларды кептіруге дайындау ережесі, бөлшектерді, бұйымдар мен қаңылтырды лактау және сырлаудан кейін кептіру процессі.



618. Металды жуып-кептіруші 3-разряд




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет