1. Жалпы ережелер


Жұмыс уақыты және демалу уақыты



бет2/5
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#18009
1   2   3   4   5

7. Жұмыс уақыты және демалу уақыты
7. 1. Тараптар келесі келісімге келді:

7.1.1. Ұйымдағы қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісілген жұмыс уақытының тәртібі туралы Ережемен, оқу кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сонымен қатар еңбек шартының талаптарымен, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен және нұсқауымен, ұйымның Жарғысымен (Ережесімен) анықталады.

7.1.2. Білім беру ұйымының басшылығына, әкімшілік-шаруашылық, оқу-көмекші және қызмет көрсету қызметкерлеріне жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспайтын межелік созылмалылығы белгіленеді.

7.1.3. Білім беру ұйымдарының басшылық қызметкерлерінен басқа, педагогикалық қызметкерлеріне қысқартылған жұмыс уақытының созылмалылығы еңбекақысының ставкасы бойынша аптасына 36 сағаттан аспайды.

Педагогикалық қызметкерлердің нақты созылмалы жұмыс уақыты еңбекақысының ставкасына белгіленген педагогикалық жұмыс уақытының межесіне, оқу жүктемесінің көлеміне, қосымша атқарылған қызметіне, еңбек тәртібіне және Жарғыға байланысты болып келеді.

7.1.4. Толық емес жұмыс күні – толық емес жұмыс күні немесе толық емес апталық жұмыс келесі кездерде белгіленеді:

- жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісімдері бойынша;

- жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы (18 жасқа дейінгі мүгедек бала) бар ата-ананың (қамқоршысы, заңды өкілі), сонымен қатар медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы біреуінің күтушісінің өтініші бойынша жүргізіледі.

Толық емес жұмыс уақытын атқаратын қызметкер үшін еңбек демалысының ұзақтығына ешбір кедергі келтірмейді (ҚР ЕК 80-бабының 3-тармағы).

7.1.5. Сабақтар арасында үзіліс болмауын сақтайтын педагогикалық қызметкердің жұмыс уақытын рационалды пайдаланатын сабақ кестесі құрылады (жасалады).

Бір ставкада оқу жүктемесі бар, дәріс (сабақ) жүргізетін педагогикалық қызметкерлерге бір аптада әдістемелік жұмыс жүргізуге және біліктілігін арттыруға бос бір күн беріледі. Әдістемелік күннің берілуі жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.

7.1.6. Сабақ (дәріс) жүргізу сағатынан, кезекшілік, білім беру ұйымының жоспарымен қарастырылған сабақтан тыс шаралардан (педагогикалық кеңес отырысы, ата-аналар жиналысы және т.б.) бос уақытында педагогикалық қызметкер өзінің қалауынша жұмсауы мүмкін.

7.1.7. Педагогикалық қызметкерлерді демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шығару ҚР ЕК 97-бабына сәйкес тек қызметкердің жазбаша келісімен және жұмыс берушінің ресми бұйрығы негізінде жүргізіледі, тек ҚР ЕК 98-бабына сәйкес қызметкердің келісімінсіз жұмысқа тартылуы келесі жағдайда мүмкін:

1) төтенше жағдайында, табиғи апатты немесе өндірістік апаттарды болдырмау, олардың салдарын шұғыл жою мақсатында;

2) жазатайым жағдайларды болдырмау немесе тергеу барысында, өлім немесе мүлікке зардап келген жағдайда;

3) алдағы уақытта білім беру ұйымының және оның құрылымдарының жұмыс қарқыны жағымды бағытта жұмыс атқаруына ықпал ететін шұғыл жағдай, жоспарланбаған шұғыл жұмыстарды орындауда.

Демалыс және мереке күндері атқарылған жұмыс ҚР ЕК 128-бабына сәйкес екі есе көлемде төленеді. Қызметкердің өз қалауы бойынша оған басқа күндері демалыс берілуі мүмкін.

7.1.8. ҚР ЕК 90-бабына сәйкес жұмыс беруші шамадан тыс жұмыс атқаруға 18 жасқа дейінгі, жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден басқа қызметкерлерді олардың жазбаша келісімімен кепілдігі мен шектеулігін есепке ала отырып, тартуы ықтимал.

7.1.9. Білім беру ұйымының қызметкерлерін еңбек шартында, лауазымдық міндеттерімен қарастырылмаған жұмыстарға тарту Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған қызметкердің жазбаша келісімімен, жұмыс берушінің жазбаша өкімімен және қосымша ақы төлене отырып жүргізіледі.

7.1.10. Білім беру ұйымдарындағы күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарда (каникулдар) педагогикалық және басқа да қызметкерлер еңбек демалысымен қатар келмесе, аталмыш демалыстар жұмыс уақыты болып саналады.

Бұл уақыт межесінде педагогикалық қызметкерлер демалыс басталғанға дейін оқу жүктемесінен аспайтын педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарына тартылады. Каникул (демалыс) уақытындағы жұмыс кестесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісімі бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі.

Педагогикалық қызметкерлер үшін каникулдық уақыттың кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін жағдайда қызметкерлердің келісімімен бір айдың ішінде жұмыс уақытының жинақталған есебі белгіленуі мүмкін.

7.1.11. Каникулдық уақытта оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персонал (қызметкерлер) белгіленген жұмыс уақыт аралығында арнайы білім қажет етпейтін (жеңіл жөндеу, аумақтағы жұмыс, ұйымды күзету және т.б.) шаруашылық жұмыстарға тартылады.

7.1.12. Жылдық кезекті төленбелі еңбек демалысының кезегі күнтізбелік жылдың басталуынан он күннен кем емес мерзімде бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің келісімімен ұйымның басшысы бекітеді.

Еңбек демалысының уақыты туралы қызметкер еңбек демалысының басталуынан екі айдан кем емес уақытта хабардар болуы керек.

Егер еңбек демалысының кестесіне өзгерістер енгізілетін жағдай қызметкер бұл туралы екі аптадан кем емес уақытта хабардар болуы керек.

Кезекті жылдық жазғы немесе басқа да ыңғайлы уақыттағы еңбек демалысына келесі қызметкерлер басымдық құқықтарына ие:

а) кәмелет жасына толмаған балаларды (18 жасқа дейін) тәрбиелейтін ата-аналар (қамқоршылар);

б) үш және одан көп балалары бар әйелдер;

в) еңбек зақымы келген (алған) қызметкерлер;

г) сауықтыру жолдамалары бар кез-келген қызметкерлер.

Қызметкердің еңбек демалысын созу, ауыстыру, бөлу немесе шақыру ҚР ЕК 108-110-баптарына сәйкес тек қызметкердің келісімімен ғана жүзеге асады.

7.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

7.2.1. Жыл сайын қызметкерлерге төленбелі және тиісті созылмалы еңбек демалысын беру. Тамыз бен қазан айлары аралығында қызмет атқарған жұмысқа қабылданған педагогикалық қыметкерге оқу жылы аяқталған соң аталмыш санаттағы қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес созылмалы еңбек демалысын алдын ала беру.

Жазғы каникул уақытында нақты жұмыс атқарған уақыты үшін қызметкердің жазбаша келісімінсіз созылмалы еңбек демалысын бермеу.

7.2.2. Жыл сайынғы қосымша төленбелі еңбек демалысын:

- ҚР ЕК 203-бабына сәйкес зарарлы және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайындағы қызметкерлерге беру;

- ҚР ЕК 102-бабына сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедектерге он бес күннен кем емес созылмалы еңбек демалысын беру.

7.2.3. Қызметкерлердің жазбаша түрдегі еңбекақысының сақталмайтын еңбек демалысын келесі жағдайларда беру:

- отбасында бала дүниеге келгенде 5 күн беру;

- басқа жерге көшу кезінде 7 күнге дейін беру;

- балаларын әскерге шығарып салуға 5 күн беру;

- қызметкер (қызметкердің балалары) үйленгенде 7 күнге дейін беру;

- әскери қызметін өтеу кезінде пайда болған ауруларының салдарынан, контузия немесе зақым келген, жарақат салдарынан қайтыс болған немес қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары, әйелдері, күйеулеріне – 15 күнге дейін;

- жұмыс істеуші мүгедектерге – 10 күнге дейін;

- босатылмаған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына (төрайымына) – 3 күнге дейін.

7.2.4. Қызметкерлердің жақын туыстарының дүниеден өтуіне байланысты жазбаша өтініштері бойынша тиісті құжаттардың негізінде еңбек демалыстарына қосымша үш күнге дейінгі демалыс (әкесі, шешесі, ұлы, қызы, ағасы, апасы, жары, күйеуі) беру.

7.2.5. Жалпы орта, кәсіби және техникалық, орта білімнен соң, қосымша, арнайы және мамандандырылған оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс аптасын алты күндік ретінде бекіту. Білім беру басқармасы, білім берудің әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету ұйымдарында аптасына бес күндік жұмыс уақыты бекітілсін. Жалпы демалыс күні ретінде жексенбі саналады. Аптасына бес күндік режимдегі білім беру ұйымдарына демалыс күндері сенбі, жексенбі болып есептеледі. Білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп бойынша жеке кәсіптегі қызметкерлер үшін апталық жұмыс уақыты бес күндік болуы мүмкін.

Аптасына алты күндік жұмыс уақытымен жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлерге каникулдар кезінде аптасына бес күндік жұмыс атқарады және демалыс күндері сенбі, жексенбі болып саналады.

7.3. Білім беру ұйымдары бойынша педагогикалық қызметкерлердің тамақтану және демалу үшін үзілісі, кезекшілік кестесі, ауысым кестесі, демалыс және мереке күндеріндегі кезекшілік ішкі еңбек тәртібінің Ережесімен белгіленеді.

Жұмыс беруші тарапынан педагогикалық қызметкерлер үшін тамақтану үзілісі оқушылардың сабақ аралығындағы үзілістермен (қоңырау) қатар беріледі. Ішкі еңбек тәртібінің Ережесіне сәйкес педагогикалық қызметкерлер үшін демалу және тамақтану үзілісі 30 минуттан кем болмау керек.

7.4. Педагогикалық қызметкерлер үшін кезекшіліктің созылмалылығы сабаққа дейінгі 20 минуттан басталып, сабақтан кейінгі 20 минуттан аспауы керек.

7.5. Тараптар күзетші, тәрбиеші, режим бойынша кезекшілер, жатақхана бойынша кезекшілер, қазандық құрылғыларының операторлары, пеш (от) жағушылар, тәрбиешілердің көмекшілері, медициналық бикештер мен дәрігерлер жұмыс уақыттарының жинақталған есебін енгізуді айқындады. Жұмыс уақытының жинақталған есебіне ауыстыруды кәсіподақ комитетінің дәлелденген ой-пікірін есепке ала отырып, ұйым басшысының бұйрығымен орындалады. Есептік мерзім ретінде тоқсан (3 ай) болып есептеледі, бұл орайда ауысым ұзақтығы 12 сағаттан кем емес аралығы ұсынылады.

 

8. Еңбек төлемі және мөлшері


8.1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбек төлемін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысы негізінде төлеу туралы тараптар мәмілеге келді.

8.2. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық, медициналық, кітапхана қызметкерлерінің еңбек төлемдері экономика саласына сәйкестендірілген қызметкерлер санаты тәрізді қолданылған, ал жұмысшылар қатарындағы разряд бойынша қызметкерлерге осы санаттағы қарастырылған еңбек төлемі қолданылады.

8.3. Қызметкерлердің еңбекақылары жұмыс істейтін жерде ай сайынғы ақшалай түрде төленеді. Қызметкерлердің ағымдағы айдың еңбекақысы келесі айдың 10 күнінен (кезінен) кем емес мерзімде төленуі тиіс.

8.4. Еңбекақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және оған кіретіндер:

- лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме);

- мемлекеттік бюджет қорынан төленетін ұйымдардың азаматтық қызметшілері мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек жағдайы (талаптары) үшін еңбекақының өсуі, үстемақы және қосымша төлем;

- жергілікті (локальды) ұйымның нормативтік актілері, қолданыстағы заңнамалармен қарастырылған басқа да төлемдер.

8.5. Еңбек жағдайларына байланысты білім беру басқармасы қызметкерлерге базалық лауазымдық жалақысынан (БЛЖ) келесідей қосымшалар және үстемақылар тағайындауды, төлеуді мойнына алады:

8.5.1. Сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін қосымша төлем: 1-4 сыныптарының мұғалімдері, оқытушылары және басқа да қызметкерлерге – 25%; 5-11 (12) сыныптар үшін - 30%; кәсіби және техникалық, орта білімнен кейінгі қйымдарда - 25%;

8.5.2. Дәптерлер мен жазбаша жұмыстары тексеруі үшін: 1-4 сыныптар үшін – 20 %; оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдерде жүретін мектептердегі (сыныптардағы) орыс тілінің осы пәндерді 1-4 сыныптарда жүргізетін мұғалімдерге - 25%; жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 (12) сыныптар мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушыларға қазақ, орыс тілдері, басқа ұлттық тілдер мен әдебиет бойынша - 25%; математика, химия, физика, биология, шет тілдер, стенография, сызу, құрастыру, техникалық механика бойынша - 20%.

8.5.3. Мұғалімдерге, оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және оқытушылық қызметті жүргізетін қызметкерлерге, оқыту кабинеттерін (зертханаларды, шеберханаларды, оқу-консультативтік пункттерді) меңгергені үшін: мектептерде және мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде - 20%; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында - 25%; құрастырылған шеберханалар болған ретте меңгергені үшін - 30% төленеді;

8.5.4. Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) үшін қосымша ақы төлемдері:

- білім беру мекемелерінің оқытушылары, мұғалімдері мен басқа қызметкерлеріне – 30%;

- директорларға күндізгі-сырттай оқыту нысанындағы, күндізгі жалпы білім беру мектептері жанындағы жұмыс істейтін жастар, кешке (ауысымдық) жалпы білім беру мектептеріндегі сыныптарға жетекшілік жасағаны үшін – 20%;

- педагогикалық қызметкерлерге мектепке (сыныптарға), оның ішінде директор лауазымы көзделмеген музыкалық, көркемөнер, өнер және т.б. басшылық жасағаны үшін – 20%;

- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы көзделмеген жеті жылдық музыка мектептерінде, өнер мектептерінде және көркемөнер мектептерінде оқу жұмысына жетекшілік етуші мұғалімге – 20%;

- кітапханашы лауазымы көзделмеген барлық үлгідегі және атаудағы мектептерде, мектеп-интернаттарда, оқулықтар даналарының санына қарай мұғалімдерге, оқытушыларға және басқа да қызметкерлерге оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін – 30%;

- барлық үлгідегі және атаудағы мектептердің, мектеп-интернаттардың (лицейлердің, гимназиялардың), сондай-ақ музыкалық және көркемөнер орта мектептерінің, хор, хореография колледждерінің директорларына (директор лауазымы көзделмеген мектептердің педагог қызметкерлеріне) оқу орны жанындағы интернатқа, егер интернат меңгерушісінің лауазымы көзделмеген жағдайда меңгерушілік еткені үшін – 25%;

- мектептердің директорларына немесе директордың ұзартылған жұмыс күніне басшылық жасау жүктелген орынбасарларына – 20%;

- білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне барлық үлгі мен атаудағы мектептерде, мектеп-интернаттарда, салауатты өмір салты бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізгені үшін - 45%;

- компьютер техникасына қызмет көрсету жөніндегі маман лауазымы көзделмеген білім беру мекемелерінде компьютер техникасына қызмет көрсету міндеті жүктелген мұғалімдерге, оқытушыларға немесе басқа қызметкерлерге – жұмыс істейтін әрбір компьютер үшін – 3,5%;

- оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және оқытушылық жұмыс жүргізуші басқа да қызметкерлерге әдістемелік циклдық және пәндік комиссияларға басшылық еткені үшін – 25%;

- құрамында кемінде екі арнайы тобы (сыныбы) бар жалпы үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің басшыларына қосымша ақы даму мүмкіндігі шектеулі, ұзақ уақыт емдеуді, айрықша тәрбие жағдайын қажет ететін оқушылармен (тәрбие алушылармен, балалармен) жұмыс үшін – 30%;



- даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі, сондай-ақ айрықша тәрбие жағдайын немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалармен және жасөспірімдермен жұмыс үшін – 30%;

- жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін – 30%;

- мектепке дейінгі балалар тәрбиелеу және білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің көмекшілеріне залалсыздандырушы заттармен жұмыс істегені үшін – 34%.

8.5.5. Білім беру мекемелерінің кітапханашы қызметкерлеріне оқулықтардың кітапханалық қорымен жұмыс істегені үшін – 20%;

8.5.6. Өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы - 100%.

8.5.7. Ауыр (аса ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы – 34% (4-қосымша), диет-бикештерден басқа, оларға 22%; залалсыздандыратын заттарды пайдаланып өндірістік және қызметтік үй-жайларды – 20%; залалсыздандыратын заттарды пайдаланып, дәретханаларды жинау кезінде тазалаушыларға – 30%;

8.5.8. Біліктілік санаттары үшін қосымша төлем:

- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының біліктілігі жоғары деңгейлі мұғалімдеріне: жоғары санатты – 100%: бірінші санатты – 50%; екінші санатты – 30%;

- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының біліктілік деңгейі орташа мұғалімдеріне: жоғары санатты – 90%: бірінші санатты – 45%; екінші санатты – 30%;

-балабақшалардың, шағын орталықтардың бліктілік деңгейі жоғары тәрбиешілеріне: жоғары санатты – 90%: бірінші санатты – 40%; екінші санатты – 25%;

-балабақшалардың, шағын орталықтардың бліктілік деңгейі орта тәрбиешілеріне: жоғары санатты – 90%: бірінші санатты – 35%; екінші санатты – 20%;

- жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының біліктілік деңгейі жоғары мұғалімдеріне: жоғары санатты – 100%: бірінші санатты – 50%; екінші санатты – 30%;

- жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының біліктілік деңгейі орта мұғалімдеріне: жоғары санатты – 90%: бірінші санатты – 45%; екінші санатты – 30%;

- жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының біліктілік деңгейі жоғары тәрбиешілеріне: жоғары санатты – 90%: бірінші санатты – 40%; екінші санатты – 25%;

- жалпы үлгідегі, арнаулы (түзету), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының біліктілік деңгейі орта тәрбиешілеріне: жоғары санатты – 90%: бірінші санаттағы – 35%; екінші санаттағы – 20%;

- педагогикалық бейіндегі біліктілік деңгейі жоғары мамандарға: жоғары санаттағы – 60%; бірінші санаттағы - 35%; екінші санаттағы – 20%;

- педагогикалық бейіндегі біліктілік деңгейі орта мамандарға: жоғары санаттағы – 50%; бірінші санаттағы - 30%; екінші санаттағы – 20%;

- педагогикалық емес мамандықтағы біліктілік деңгейі жоғары мамандарға: жоғары санаттағы – 50%; бірінші санаттағы - 25%; екінші санаттағы – 15%;

- педагогикалық емес мамандықтағы біліктілік деңгейі орта мамандарға: жоғары санаттағы – 50%; бірінші санаттағы - 20%; екінші санаттағы – 10%;

- біліктілік деңгейі жоғары дәрігерлік-медициналық персоналға: жоғары санаттағы – 150%; бірінші санаттағы – 120%; екінші санаттағы – 100%;

- біліктілік деңгейі орта медициналық персоналға: жоғары санаттағы – 100%; бірінші санаттағы – 70%; екінші санаттағы – 50%;

Лауазымдық жалақыдан (ЛЖ) қосылатын қосымша және үстемақы төлемдер:

8.5.9. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне:

- бірінші (ілгері) деңгейдегі – ЛЖ-дан 100%;

- екінші (негізгі) деңгейдегі – ЛЖ-дан 70%;

- үшінші (базалық) деңгейдегі – ЛЖ-дан 30%.

Тараптар көрсетілген қосымша төлемдерді төлеудің мерзімдерін анықтайтын нормативтік-құқықтық актілерді (НҚА) қабылдауға дейінгі біліктілік санатына қосымша төлемді біліктілік санатын алған күннен бастап төлейтіндіктері туралы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығының 5-тармағы 1-тармақшасын жетекшілікке алатындықтары жөнінде келісімге келді.

8.5.10. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемақы – ЛЖ-дан 10%.

Тараптар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабына сәйкес ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін азаматтық қызметші болып табылатын педагогикалық қызметкерлерге жергілікті өкілетті органдардың шешімімен лауазымдық жалақылары (ставкалары) 25 % есеппен үстеленеді.

8.6. Тараптар сабақ (дәріс) жүргізетін, қосымша немесе кеңейтілген қызмет көрсету жұмыс атқаратын мұғалімдердің, оқытушылардың жәе басқа да педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемелерін көтермеу туралы келісімге келді. Аталмыш тұлғалардың оқу жүктемелерін көтеру барлық туындайтын құқықтық салдарымен қосымша қаралатын болады.

8.7. Тараптар кабинеттердің (зертханалар, шеберханалар) меңгерушілік қызметі үшін қосымша ақы олардың жыл сайын 20-30 тамыз аралығында жүргізілетін білім беру ұйымдарының комиссияларының аттестаттау нәтижесімен төленетіні туралы келісімге келді. Кабинеттерді (зертханалар, шеберханалар) аттестаттау нәтижелері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді. Егер оқу жылының басында аттестаттау жүргізілмеген жағдайда, қосымша ақы төлеу үдерісі алдыңғы аттестаттау қорытындысмен төленеді.

8.8. Тараптар айрықша жағдайда тәрбие немесе ұзақ емдеуді қажет ететін, даму және оқу барысындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер, сонымен қатар жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс атқаратын білім беру ұйымдарының қосымша ақы алатын тізімдерге:

- білім беру ұйымдарының басшылары кіреді;

- барлық лауазымдағы және мамандықтағы педагогикалық қызметкерлер кіреді;

- педагогикалық емес қызметкерлер кіреді, олар: тәрбиешілердің көмекшілері, зертханашылар, барлық мамандықтағы медициналық қызметкерлер, кітапханашылар, аспазшылар.

8.9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен бекітілген қосымша ақыларды төлеу туралы тараптар педагогикалық қызметкерлердің нақты оқу жүктемесіне пропорциялы төленетіндіктері туралы шарттасты:

- дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы мектеп-интернаттардың 1-4 сыныптардың мұғалімдері мен оқытушыларына;

- мамандандырылған мектептер, мектеп-интернаттар және басқа да білім беру ұйымдарындағы бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдете оқытқаны үшін;

- ауылдық жерде қалалық үлгідегі кенттерде орналасқан ұлттық тілдерде жалпы білім беретін барлық үлгідегі мұғалімдеріне орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша сағаттары үшін;

- орыс тілінде немесе басқа тілде жалпы орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік және ұлттық тілдер мен әдебиеттер бойынша сабақ беретін мұғалімдері мен оқытушыларына;

- жалпы білім беретін мектептердегі араб, қытай және парсы тілдерінде сабақ беретін (жүргізетін) мұғалімдеріне;

- жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың), жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін ұйымдардың (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне;

- ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін мамандарға;

- құрамында кемінде екі арнайы тобы (сыныбы) бар жалпы үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің басшыларына қосымша ақы даму мүмкіндігі шектеулі, ұзақ уақыт емдеуді, айрықша тәрбие жағдайын қажет ететін оқушылармен (тәрбие алушылармен, балалармен) жұмыс үшін;

- даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі, сондай-ақ айрықша тәрбие жағдайын немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалармен және жасөспірімдермен жұмыс үшін;

- даму және оқу мүмкіндіктері шектеулі, сондай-ақ айрықша тәрбие жағдайын немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалармен және жасөспірімдермен жұмыс үшін;

- жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін;

- біліктілік санаты үшін.

8.10. Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебімен жүргізіледі.

8.11. Штаттық қызметтерінсіз (лауазымдардың) (мұғалім, оқытушы, тәрбиеші және т.б.) жүргізілетін педагогикалық қызметкерлердің жұмыстарына оқу жылының басына тарифтік тізім жасалады және бекітіледі. Тарифтік тізімдер білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен және ол бұйрықтың ішіне бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті өкілі кіретін тарифтік комиссиямен жасалады.

8.12. Қызметкердің еңбекақысын, еңбек демалыс төлемдерін, қызметтен шығу, жұмыс үдерісінің тоқтап (тұрып) қалу немесе басқа да тиісті төлемдерді төлеудің мерзімін сақтамаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың есептік ставкасына сәйкес әрбір мерзімі асқан күнтізбелік күн үшін жұмыс берушілер аталмыш сомаларды өсімпұл айыбымен төлеуге міндетті.

8.13. Қызметкердің ай сайын еңбекақы алу күні жұмыс беруші тарапынан қызметкерге жазбаша түрде тиісті еңбекақысынан ұсталынатын қаражатты, мөлшері және оның негіздері, міндетті зейнетақы жарналары туралы, сонымен қатар қызметкердің қолына берілетін қорытынды сомасы туралы мәліметті хабардар етуі міндетті.

8.14. Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына қосымша ақы, сыйақы, материалдық көмек көрсету туралы белгіленген Ережеге тәртібіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспары немесе қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген сметаларының үнемделу нәтижесіндегі қаражатты жұмыс берушілер қызметкерлерге сыйақы, жеке персоналды қосымша ақы, материалдық көмек көрсету төлемі ретінде төлеуді міндетке алады.

8.15. Еңбек төлемін төлеудің өзгерістері келесі жағдайларда жүргізіледі:

- мамандығы жөнінде еңбек өтілінің артуы (өсуі) кезінде, яғни тиісті өтілі келген күннен бастап, егер құжаттары аталмыш ұйымда болған жағдайда немесе еңбекақы (лауазымдық жалақы) ставкасының мөлшерінің артылуына құқық беретін өтілі туралы тиісті құжат ұсынған күннен бастап;

- білім алғанда немесе білім алуы туралы құжатты қалпына келтірген жағдайа, білімі туралы тиісті құжатты ұсынған күннен бастап;

- педагогикалық қызметкерлерге біліктілікті арттыру туралы санаты берілген жағдайда, келесі оқу жылының басталуымен беріледі;

- «Еңбегі сіңген» құрметті атақ берілген жағдайда, берілген күннен бастап;

- ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелердің берілу жағдайында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті алқасының немесе президиумының диплом бергені туралы шешімі жарияланған күннен бастап;

8.16. Жыл сайынғы еңбек демалысы немесе басқа демалыста болған жағдайында, сондай-ақ жұмысқа уақытша жарамсыз мерзімінде қызметкердің еңбекақысы және (немесе) еңбекақысының ставкасының өзгеру құқығы пайда болған жағдайда еңбекақысының жоғары разрядының ставкасының көлемінен еңбек демалысының немесе уақытша жұмысқа жарамсыздық күні аяқталғаннан бастап еңбекақысы төленеді.

8.17. Тараптар еңбекақыларының нормативтік оқу жүктемесімен айқындалатын мұғалімдер, тәрбиешілер, басқа қызметкерлердің оқу жүктемесі мен тарифтік тізімдері білім берудің стандарттары және нормативтік құқықтық актілері негізінде сыныптардың (топтардың) толтырылымы есебімен құралатыны туралы келісімге келді.

8.18. Жұмыс берушінің ұсынысымен қызметкердің күнделікті жұмысты бөліктерге бөлген жағдайда қызметкерге БЛЖ-дан 50% өтемақы төленеді (ҚР ЕК 83-бабының 3-тармағы)

8.19. Педагог-психолог, дефектолог-мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтары, ұйымдастырушы-педагогтар, алғашқы әскери даярлық ұйымдастырушы-педагогтардың еңбекақыларының мөлшерін анықтауда жұмыс берушілер оларды деңгей біліктілігіне байланысты «барлық мамандық мұғалімдері» тобының реестріне жатқызады, ал техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оларды «оқытушылар» тобының реестріне жатқызады деп тараптар келісімге келді.

8.20. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 168-бабының 4-тармағына сәйкес тараптар қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі төмендегідей:

- білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары;

- шаруашылық меңгерушісі;

- кассир;

- экспедитор;

- қойма меңгерушісі;

- қоймашы;

- аға шеберші;

- кітапхана меңгерушісі (кітапханашы);

- медициналық бикеш.

Тараптар осы келісім шартпен қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы үлгілік шартын бекітті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет