1. Жалпы ережелер


Кепілдіктер мен өтемақылар



бет3/5
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#18009
1   2   3   4   5

9. Кепілдіктер мен өтемақылар
9.1. Тараптар мыналарға міндеттенеді:

9.1.1. Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес қызметкерлерге және қызметшілерге ұзақтығы өмір сүру аймағына тәуелді жыл сайынғы қосымша ақысы төленетін демалыс ұсынуға;

9.1.2. Оқу орындарын аяқтаған соң, жұмыс істеуге келген жас мамандарға материалдық қолдау көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың: біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуі және баспана сатып алу үшін әлеуметтік қолдау көрсетуі – сыйақы мөлшері 0,01%, 15 жылдық мерзімге бюджеттік кредит ұсыну кепілдіктерін орындауына қол жеткізуге;

9.1.3. ҚР «Білім туралы» Заңының 55-бабымен көзделген мерзімде ауылдық жерде тұратын педагог қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуге:

- қалалық жердегі педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда 25% кем емес арттырылған еңбекақы;

- жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын ұсыну кезінде жылына бір рет сауықтыру жәрдемақысы. Мұғалімдерге, қосымша білім беру педагогтарына, оқытушыларға сауықтыру жәрдемақысының мөлшері демалыс ұсыну күніне қатысты нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Қосымша жұмыс істеу шартымен қызмет жасайтын тұлғаларға жәрдемақы жалпы негізде тағайындалады және төленеді;

- жыл сайын тегін педагог қызметкерлердің медициналық тексерілуден өтуі.

9.1.4. ҚР «Білім туралы» Заңының 53-бабы 2-тармағымен көзделген төлем туралы жергілікті билік органдарына:

- коммуналдық қызмет үшін шығындарды өтеуге біржолғы ақшалай өтемақы және жергілікті билік органдары орнататын мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға;

- меншігінде малдары бар қызметкерлерге жануарлар үшін жем-шөп, жайылымдықтар мен шөп шабатын жер телімдерін ұсыну, ауылда жұмыс жасайтын педагогтарға ауыл шруашылық бірлестіктердің қызметкерлерімен қатар жеңілдіктерді, кепілдіктерді ұсынуға басқа да мүмкіндіктер табуға қолдаухат жолдауға.

9.1.5. Білім алушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда және бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша жоғары нәтижелер көрсететін педагогтарға шипажайларда және демалыс үйлерінде тегін демалу үшін облыстық кәсіподақ бюджетінен қаржы бөлуге.

9.1.6. Қызметкерлер үшін қоғамдық тамақтануды (асханалар, буфеттер, тамақтанатын бөлмелер (орындар) ұйымдастыруға.

9.1.7. ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақылар мына жағдайларда ұсынылады:

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындау кезінде;

- медициналық тексерілуге жіберілуі кезінде;

- қызметтік іссапарға жіберілуі кезінде;

- донор болып табылатын қызметкерлер үшін;

- жұмысты жоғалтуына байланысты;

-заңнамамен көзделген жағдайларда.

9.1.8. Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты (ҚР ЕК 240-бабы) азаматтық қызметші болып табылатын қызметкерді жұмыстан босату кезінде, ағымдағы күнтізбелік жылы демалысқа сауықтыру жәрдемақысын алмауы шартында бір лауазымдық еңбекақы (тарифтік ставка) мөлшерінде жұмыстан босатылуы бойынша жәрдемақы төленеді.

9.1.9. Қызметкер үшін қызметтік мақсатта білім беру ұйымдарының кітапхана қорын тегін пайдалануы қамтамасыз етіледі.

9.1.7. Лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмыстарды орындау сапасының жоғары болуы, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыс барысында жетістіктерге жеткені үшін азаматтық қызметшілерді және басқа да қызметкерлер: 1) азаматтық қызметі бойынша көтермелеу; 2) ақшалай марапаттау; 3) алғыс білдіру; 4) Грамота беру арқылы марапатталады.

9.1.8. Ұжымдық шарттарда Мемлекеттік стандарт талаптарын қамтамасыз ете отырып, қызметкердің кінәсінен емес жұмыссыз болған күндері үшін жалақысын 100% сақтау мүмкіндігі белгіленеді.

10. Еңбекті және денсаулықты қорғау
10.1. Білім беру басқармасы мыналарға міндеттенеді:

10.1.1. Пайдалы және қауіпсіз еңбек шарттарына деген қызметкердің құқығын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттың және қызметкердің кәсіби сырқатының туындауының алдын алатын заманауи қауіпсіз еңбек құралдарын енгізуге.

10.1.2. Жұмысқа жаңа орналасқалы тұрғанғандарға, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлерге еңбек қорғау, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту және нұсқаулық жүргізуге.

Оқу жылының басында еңбек қорғау бойынша қызметкерлердің білімдерін тексеруді ұйымдастыру.

10.1.3. Еңбек қорғау, ережелер, нұсқаулықтар, нұсқаулық журналдары бойынша нормативтік және анықтамалық материалдардың және басқа да материалдардың білім беру ұйымдары есебінен болуын қамтамасыз ету.

10.1.4. Кәсіптері мен лауазымдар тізбесіне сәйкес, қызметкерлерді арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және өзге де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге.

10.1.5. Жұмыс беруші есебінен жеке қорғану құралдарының, арнайы киімдердің және аяқ киімдердің сатып алынуын, сақталуын, кептірілуін, залалсыздандырылуын және жөнделуін қамтамасыз етуге.

10.1.6. Қызметкердің кінәсінен емес, еңбек қорғау талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік қадағалау және бақылау жүргізетін органдармен жұмыс уақытша тоқтатылған кезде қызметкердің жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысы сақтап қалуға.

10.1.7. Жұмыс барысында қайғылы (жазатайым) оқиғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақтылы тексеру жүргізіп, оларды есепке алуға.

10.1.8. Жұмыс берушінің еңбек қорғау бойынша нормативтік талаптарды орындамау салдарынан оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі кезінде, қызметкер жұмыстан бас тартқан орайда, қызметкерге осы қауіпті жою уақытында басқа жұмыс ұсынуға немесе осы себептен тундаған жұмыссыз қалғаны үшін орташа жалақы мөлшерін төлеуге.

10.1.9. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша әрбір жұмыс орнына еңбек қорғау бойынша нұсқаулықты әзірлеу және бекітуге.

10.1.10. Қызметкерлердің еңбек қорғау бойынша талаптарын, ережелерін және нұсқаулықтарын сақтауын қамтамасыз етуге.

10.1.11. Білім беру ұйымдарында еңбек қорғау жөніндегі комиссияларын құруға, оның құрамына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің мүшелері тепе-тең негізде енуі керек.

10.1.12. Өндірісте қайғылы (жазатайым) оқиға нәтижесінде қайтыс болған қызметкерлерді жерлеуге, өз еңбек міндеттерін орындау кезінде асыраушысынан айрылуы жағдайында келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға шығындарды өтеуге.

10.1.13. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерімен бірлесіп, еңбек шартының жағдайына және қорғалуына, еңбек қорғау бойынша келісімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға.

10.1.14. Қызметкерлердің жұмыс орындарын (лауазымдарын) және орташа жалақысын сақтаумен, тегін міндетті алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден (қараудан) өтуін қамтамасыз етуге.

10.1.16. Нормаларға сәйкес және келісілген тізбе бойынша қызметкерлерді тегін сабынмен, жуылатын және залалсыздандырылатын заттармен қамтамасыз етуге.

10.1.17. Ұйым қызметкерлерінің демалысы үшін бөлме жабдықтауға.

10.2. Кәсіподақ міндеттенеді:

- кәсіподақ мүшелері мен басқа қызметкерлер үшін дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға;

- қызметкерлердің балаларын, Кәсіподақ мүшелерін – қызметкерлерді сауықтыру.
11. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
11.1. Кәсіподақ қызметінің және тиісінше сайланбалы кәсіподақ органдарының құрылымдық ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктері Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңымен, өзге де заңдарымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одақтарының Павлодар облыстық ұйымдары Жарғысымен анықталады және Кәсіподақтардың бірлестіктерімен, жұмыс берушілердің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, салалық (тарифтік) келісімдер, өзге келісімдер, осы келісім арасындағы Бас келісімді ескерумен іске асырылады.

11.2. Тараптар төмендегілер туралы келісті:

11.2.1. Әлеуметтік-еңбек заңымен кепілдік берілген өзге де құқықтар мен бостандықты шектеуге, мәжбүрлеу, жұмыстан шығару және кәсіподақтағы мүшелігімен немесе кәсіподақ қызметімен байланысты кез-келген қызметкерге қатысты өзге де ықпал ету түріне тыйым салынады.

11.2.2. Тараптар жұмыс берушілер мен олардың өкілетті өкілдері мыналарға:

- кәсіподақ ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін сақтауға, кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектеуге жол бермей және мекемелер мен салалық кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымдарын құруға және қызмет етуіне кедергі болмай, олардың іс-әрекетіне ықпалын тигізуге;

- сайланбалы кәсіподақ органына қызметкерлердің санына тәуелсіз санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін, жылумен, жарықпен, сайланбалы кәсіподақ органының жұмысына және қызметкерлердің жиналысын өткізуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген тегін қажетті үй-жай (кем дегенде бір үй-жай), сондай-ақ ұйымдастыру техникасын, байланыс құралдарын (оның ішінде компьютерлік жабдықтар, электрондық пошта және Ғаламтор) және қажетті нормативтік құжаттарды ұсынуға; күзетті және үй-жайдың жинастырылуын қамтамасыз ету, бар көлік құралдарын өтеусіз ұсыну және сайланбалы кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да жағдай жасауға;

- сайланбалы кәсіподақ органының өкілдеріне жарғылық міндеттерді және заңнамамен ұсынылған құқықтарды іске асыру үшін кәсіподақ мүшелері жұмыс жасайтын ұйымдарға баруына кедергі келтірмеуге;

- кәсіподақ органдарына олардың сұрауы бойынша еңбек жағдайы, жалақы, тұрмыстық қызмет көрсетуге, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысы, қызметкерлердің өмір сүру жағдайы және басқа да әлеуметтік-экономикалық сұрақтар бойынша ақпаратты ұсынуға;

- кәсіподақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған орайда, ұйымның есеп айырысу шотынан Кәсіподақтың есеп айырысу шотына мүшелік жарналарды, төленетін жалақының, стипендияның 1% мөлшерінде қаражатты ай сайын тегін аударуға. Қаражатты аудару толық көлемде және жалақыны, стипендияны берумен қатар жүргізіледі;

- білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын және кәсіби мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақтың қызметі туралы қызметкерлерді кең ауқымды ақпараттандыру үшін салалық және жергілікті ақпараттық жүйелерді пайдалануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесуге міндетті екендігіне назар аударады.

11.3. Тараптар кәсіподақ ұйымдарының құрамына сайланбалы (табысталған) және негізгі жұмысынан босамаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, соның ішінде:

- кәсіподақ ұйымдарының құрамындағы қызметкерлер өздері мүше болып табылатын сайланбалы кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – аумақтық кәсіподақ комитеттерінің алдын ала келісімінсіз тәртіптік жазаға тартылмайды.

Жұмыс берушінің бастамасымен аталған кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін басқа жұмысқа ауыстыру өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағалары – аумақтық кәсіподақ комитеттерінің алдын ала келісімінсіз жүргізілмейді;

- жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек шартын мардымды өзгертуге (оқу жүктемесі көлемінің өзгеруіне немесе қызметкердің күнәсінсіз өзге жұмыс көлеміне байланысты еңбекақы мөлшерін, белгіленген үстемақылар мен қосымша ақыларды, өзге де ынталандырушы және мадақтама төлемдерін және т.б. азайту) жол беріледі, алдымен өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімімен, ал бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары (орынбасарлары) - аумақтық кәсіподақ комитеттерінің алдын ала келісімімен, жұмыстан босатудың жалпы тәртібі сақталады;

- сайланбалы кәсіподақ органының мүшелері, еңбек қорғау бойынша қоғамдық кәсіподақ инспекторлары, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері білім беру ұйымдарында жұмыс берушімен бірлесіп құрылатын комиссияларда қызметкерлер ұжымының мүддесінде қоғамдық міндеттерді орындау үшін және қысқа мерзімді кәсіподақ оқу барысында орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан босатылады.

Тараптар аумақтық кәсіподақ ұйымының атқарушы комитетінің мүшесі болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына жылына 10 жұмыс күнінен көп емес, ал екі жақты комиссияның, ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі ұжымдық келіссөздерді жүргізетін комиссиялардың мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне – 7 жұмыс күнінен көп емес осы ережені қолдануға келісті.

11.4. Білім беру ұйымдарында негізгі жұмыстарынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері форумдардың жұмысына қажетті уақытқа, съездердің, конференциялардың, пленумдардың, президиумдардың, жиналыстардың, семинарлардың және Кәсіподақпен шақырылатын өзге де іс-шараларға қатысатын уақытқа ғана босатылады.

11.5. Тараптар кәсіподақ ұйымдарының құрамына сайланбалы (табысталған), жұмыстан босатылған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды.

11.5.1. Кәсіподақ органдарының сайланбалы лауазымына таңдалған (табысталған) қызметкерлерге олардың сайлану өкілеттілік мерзімдері аяқталған соң, бұрынғы жұмысы (лауазымы), егер ол болмаса – қызметкердің қалауымен сол немесе басқа білім беру ұйымында бұрынғы жұмысына тең жұмыс (лауазым) ұсынылады.

11.5.2. Босатылған кәсіподақ қызметкерлерінің және кәсіподақ органының штаттық қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын, ұжымдық шарттарға, келісімдерге, барлық деңгейдегі келісімдерге сәйкес білім беру ұйымдарында қолданылатын кепілдіктер мен жеңілдіктер сақталады;

11.5.3. Сайланбалы кәсіподақ органының құрамында өкілеттілік мерзімі аяқталған кезде және аттестациялау нәтижесі бойынша берілген біліктілік санатының қолданыс мерзімі аяқталған кезде (өкілеттікті орындау кезеңінде немесе ол аяқталған соң алты ай ішінде) Кәсіподақтың босатылған қызметкерлеріне өздерінің өтініштері бойынша белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткенге дейінгі кезеңде біліктілік санатының қолданыс күші екі жылдан көп емес уақытқа ұзартылады.

11.6. Кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы төраға лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы жұмыс білім беру ұйымдарының қызметі үшін маңызды болып табылады және қызметкерлерді мадақтау, оларды аттестаттау, басшы лауазымдарының орнын басуға конкурстық іріктеу кезінде назарға алынады.

11.7. Кәсiподақ органдарының құрамына сайланған қызметкерлердi сайланған өкiлеттiгi аяқталған соң екi жыл iшiнде жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға жол берiлмейдi, бұған кәсiпорын толық таратылған немесе қызметкер заңмен көзделген жұмыстан шығарылуы мүмкiн болатындай күнәлi iс-әрекет жасаған жағдайлар қосылмайды. Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісінше кәсіподақ органының келісімімен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

11.8. Тараптар сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру және оларды ведомстводық белгілермен марапаттау туралы шешімдерін бірлесіп қабылдай алады.

11.9. Білім беру басқармасы өздерінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруларын қиындататын жұмыс беруші өкілдерінің кәсіподақ ұйымдарының тәжірибелік қызметіне араласуына жол бермеу бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

11.10. Білім беру басқармасы еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы үшін кәсіподаққа кедергі келтірмейді. Кәсіподақ өз мамандарының күшімен күнтізбелік жылы екі реттен жиі емес білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жоспарлы тексерістерді жүргізуге құқылы. Бұл шектеу сала қызметкерлерінің арыздары мен шағымдары бойынша, өзге де жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерістерге таралмайды.

Тексеріс нәтижесі бойынша Кәсіподақ білім беру ұйымдарының басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісінше актілер мен ұсыныстарды жолдайды.

Тексерістерді жүргізу тәртібі, тексерулердің нысандары мен түрлері Кәсіподақтың тиесілі актісімен анықталады.

11.11. Кәсіподақ мүшелері тарификациялау, педагог қызметкерлерін аттестатау, өндірісте орын алған қайғылы оқиғаны тергеу, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбек қорғау, әлеуметтік сақтандыру және басқалар бойынша білім беру ұйымдарының комиссия құрамына енеді.
12. Жастар саясаты
12.1. Тараптар ұйымдарда жастар саясатын іске асыру бойынша бірлескен қызметте төмендегі бағыттарды басым деп есептейді:

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6-бабымен көзделген жастардың әлеуметтік құқықтарын орындауға көмектесу;

- жастарды ұйымдарда орнықтыру мақсатында олармен жұмыс жүргізу;

- олардың кәсіби біліктілігін арттыруға және қызметтік өсуіне жәрдемдесу;

- жастардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

- жастардың бос уақытын, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын белсендіру, қолдау.

12.2. Қызметтегі және оқитын жастардың іскерлік белсенділіктерін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту, оларда жігерлі өмірлік және азаматтық көзқарасты қалыптастыруға ықпал еті. Жастар проблемасына назар аударту және жастар қатарындағы оқытушылардың, мұғалімдердің және ғалымдардың әлеуметтік-экономикалық және кәсіби проблемаларын шешуде мемлекеттік билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен әрекеттесуін қамтамасыз ету мақсатында облыс қалалары мен аудандарында жастар кеңестерін құру жұмыстарын жалғастыру. «Нұр Отан» партиясының жас қанаты - «Жас Отанмен», Қазақстанның жастар одағымен, «Жасыл ел» студенттік еңбек отрядымен пәрменді ынтымақтасу.

12.3. Мемлекеттік оқу орындарында оқитын мұқтаждар санаты үшін: аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққандарға, мүгедектерге, жетімдерге және тағы басқаларға жатақханаларда тұруы үшін жеңілдікпен төлемді ұсыну, лайықты тұрмыс жағдайын құруға жәрдемдесу.
13. Келісімнің орындалуын бақылау

Тараптардың жауапкершілігі
Тараптар мыналар туралы келісті:

13.1. Кәсподақ қол қойған күннен бастап 10 күн ішінде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Келісімді хабарламалы тіркеу үшін жібереді.

13.3. Осы Келісімнің орындалу барысын жылына бір реттен жиі емес қарау.

13.2. Осы Келісімді орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бірлесіп әзірленеді.

13.4. Келісімнің қызмет ету кезеңінде туындайтын барлық қарама-қайшылықтарды және оны орындаумен байланысты дау-жанжал апталық мерзімде қарастырылады.

13.5. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуде заңмен белгіленген тәртіпті сақтайды, даудың шешудің ең соңғы шарасы – қызметкерлердің ереуілге шығуын алдын алу мақсатында жанжалды туғызу себебін жою үшін барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.

13.6. Келісімнің міндеттемелерін бұзған немесе орындамаған жағдайда кінәлі жақ немесе кінәлі тұлғалар заңмен көзделген тәртіппен жауап береді.

13.7. Осы Келісімнің шарты білім беру саласының барлық құрылымдарында қолданылады және қалалар мен аудандар деңгейінде келісімдерді жасау кезінде, сондай-ақ ұжымдық шарттар кезінде міндетті.


13.8. Тараптардың ешқайсысы біржақты түрде осы Келісімнің қызметін уақытша тоқтатуға немесе күшін жоюға құқылы емес.

13.7. Осы Келісім 2015-2017 жылдар ішінде қолданыста.

13.8. Осы Келісім екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылған, заңды күші бірдей әрбір данасы Тараптардың әрқайсысына беріледі.
14. Осы Келісімге қол қойғандар:


Білім беру басқармасы атынан:
Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы

Бексейітова Б.М.
_______________________
«___» __________ 2015 жыл

Кәсіподақ атынан:
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы
Наурызбаева Г.Ә.
__________________________
«___» ____________ 2015 жыл


Салалық келісімге

1-қосымша
Мемлекеттік білім беру органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағына сәйкес, лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ білім сапасын арттыру, еңбек функциясын орындауда ұйым қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қолданылады.


2. Сыйлық беру шарттары
3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау;



2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері;

3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;

4) мерейтой, мереке күндері;

5) қызметкерге жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.

4. Қызметкерге:

1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

2) тиісті органда алты айдан кем жұмыс істеген болса;

3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;



4) қосарлас жұмыс істеу шартында еңбектенетін қызметкерлерге сыйлық берілмейді.
3. Лауазымдық жалақысына үстемақылар белгілеу шарттары
5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемақылар белгілеу оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.

6. Сондай-ақ, үстемақылар еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуымен байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін.

7. Үстемақылардың барынша үлкен мөлшері лауазымдық еңбекақыдан елу пайызынан аспауы тиіс.


4. Материалдық көмек көрсету ережелері
8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:

1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (ата-анасының, зайыбының, ағаларының, әпкелерiнiң, балаларының) қайтыс болуы;

2) некеге тұру;

3) бала туылған, бала асырап алған;

4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (шипажайлықтан басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);

5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, табиғи дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру.
5. Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу тәртібі
9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

10. Бұйрықта қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемақы) беруге негіздеме мен мөлшері көрсетіледі.

11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтініші негізінде білім беру ұйымының басшысы шығарады.

12. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлерін үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:



1) жыл бойы, смета бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда – жыл бойы төменде келтірілген шығындар бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде жүзеге асырылады:

- іссапар шығындары;

- коммуналдық қызмет көрсету;

- электр энергиясы;

- жылу;

- байланыс қызметі;

- көлік қызметі;

- негізгі құралдарды ұстау;

- ағымдағы жөндеу;

- негізгі қаражат бойынша жалдау ақысы,

- кредиттер бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу шығыстары;

2) смета бойынша үнемделген қаражатты толық көлемде келесі шығын түрлері бойынша:

- жалақы;

- салықтар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер.

Шығындардың қалған түрлері бойынша смета бойынша қаражатты үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемақылар белгілеуге жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет