1. жалпы мәліметтер оқытушы: Аманиязова Бағдагүл Айтбайқызы



бет1/13
Дата28.09.2023
өлшемі1,06 Mb.
#182872
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Философия 2022-23ж силлабус жана




1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


Оқытушы: Аманиязова Бағдагүл Айтбайқызы
электронды пошта: bagdagul-1977@mail.ru
Zoom 534-575-4572 ID номері 456718
Пәннің қысқаша сипаттамасы :Оқу курсы білім алушының философия пәнінің қалыптасу тарихымен, классикалық ғылымда қолданылатын негізгі әдіс тәсілдерімен танысуға және оларды пәнаралық қатынаста (мамандықтармен) тәжірибе жүзінде пайдалануға бағытталған. Курс жалпы дүние жаратылысының мәнін, қоғамда орын алып жатқан түрлі саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстардың қисынын түсінуге және кездесетін мәселелердің оңтайлы шешімін табуға көмектеседі Курс мазмұнын игеру арқылы білім алушы сыни ойлау, қоғам алдында сөйлеу, мәселелерді шешудің коллобаративті жолдарын ұсыну дағдыларын қалыптастырады. Курста кейс-стадий, тренинг, рөлдік ойын, миға шабуыл, сұрақ-жауап, жобалық жұмыс, пікірталас әдістері қолданылады. Курс 150 академиялық сағаттан (5 кредит) тұрады.
Оқыту мақсаты: Бағдарламаның мақсаты студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
Оқыту нәтижелері:

  1. Білу және түсіну. Дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктей біледі, мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнын түсінеді.

  2. Қолдану. Қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын қалыптастыру, нақты практикалық жағдайлар мен жағдаяттарда оқыған материалды келешек кәсіби қызметтері аясында қолдана алу.

  3. Талдау. Медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық жағдайлардың философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау, негіздеу, талдау жасау.

  4. Синтез. Философияның өзекті мәселері бойынша философиялық сұхбат және пікірталас жүргізу тәсілдерін меңгеру; көпшіліктің алдында сөйлеу және өзіндік көзқарасын жазбаша түрде дәлелді баяндау және қорғау;

  5. Бағалау. Кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну. Студенттердің адам және оның әлемінің құндылықтар жүйесін бағалай білуі және оқылған тақырыптарға қорытыңдылар жасай алуы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет