1 Жалпы сипаттама ҚҰмо «Достық»


ретінде Қытай қазақтары тілінің құрамындағы лексикалық ерекшеліктер алынды. Зерттеудің пәні



бет2/2
Дата22.04.2024
өлшемі41,81 Kb.
#201135
1   2
Байланысты:
отчет текст

 ретінде Қытай қазақтары тілінің құрамындағы лексикалық ерекшеліктер алынды. Зерттеудің пәні: Қытай қазақтары және қазақ тіліндегі диалектілер және лексико-семантикалық ерекшеліктер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- алғаш рет қазақ тіл білімінде қазақ тілінің әр түрлі географиялық аумақтардағы қолданысы диалектологиялық тұрғыдан сөйленіс ұғымымен қарастырылды.
- алғаш рет Қытай қазақтарының тілі тарихи зерделенді;
- алғаш рет Қытайдағы қазақ диаспорасы тілі мен мәдениеті сабақтастырыла арнайы нысанға алынды;
- алғаш рет қазақ диаспора тілі мен қосар (бикультура) мәдениеттің ықпалдастығы талданды;
- Қытай қазақтары тіліндегі диалектілік ерекшеліктер ғана емес, семантикалық ерекшеліктер де сараланды;
- Қытай қазақтарының тіліне тән жергілікті диалектизмдердің этномәдени сипаты, оның қолданылу ерекшеліктері, тілдік, стильдік табиғаты алғаш рет арнайы қарастырылып, өзіндік белгілері айқындалды.
Зерттеудің теориялық ˗ методологиялық тұғырына қазақ диалектологиясы бойынша жарияланған (жинақтар, аймақтық, түсіндірме, фразеологиялық сөздіктер, монографиялар, мақалалар, экспедиция материалдары т.б.) еңбектер, тағылымдама барысында Қытай қазақтарының арасында болып, жазып алынған материалдар. Иллюстративтік материалдар ретінде осы аймақтан басылып шыққан газет-журналдардан, осы аймақта таратылатын радиодан, телеарнадан, ақын-жазушылардың (С.Әбілқасымұлы, З. Сәнік, Т. Жолдыұлы, С. Жанболатов, Ғ. Қанапия, Қ.Шабданұлы т.б. қаламгерлер) шығармаларынан мысалдар алынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • Қытай қазақтарының тілі – қазақтың жалпыхалықтық тілінің құрамдас бөлігі;

  • Қытай қазақтары тіліне өздерімен ғасырлар бойы қоян-қолтық араласа өмір сүріп отырған көршілес қытай, ұйғыр, моңғол тілдерінің жасаған ықпалы лексикада көрініс тапқан;

  • Қытай қазақтары тілін жалпы қазақ тілінің өзге говорларымен байланыстыра қарағанда диалектілік сипаты жағынан қазақ тілінің солтүстік-шығыс говорының және оңтүстік-шығыс говорының заңды жалғасы деуге болады, Қытай қазақтары тілінің оларға үлкен әсері бар;

  • Қытай қазақтарының тілі өзге бір қоғамдық орта аясында, әр алуан әлеуметтік және тілдік факторлардың әсеріне ұшыраған тіларалық аралас говор түріне жатады;

  • аймаққа тән лексемаларда, фразеологиялық диалектизмдерде, көркем мәтіндерде т.б. тілдік фактілерде сол өңірге тән ерекшеліктер, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық болмыс, жергілікті халықтың тыныс-тіршілігі, басынан өткізген тарихи оқиғалары айқын көрініс тапқан;

  • диалектілік ерекшеліктер көркем мәтіндерде айшықты түрде көрініс тауып, қоршаған орта туралы мағлұмат беруде маңызды орын алады;

  • жергілікті тілдік ерекшеліктер рухани мәдениет бірліктері ретінде сол аймаққа тән тілдік мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сол арқылы тілдің маңызды қызметтерінің бірі – ақпарат жеткізуші қызметін орындайды.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызы:

  • қазақ тілінің лексикалық қоры мен диалект сөздер жан˗жақты талдап, тарихи даму және қалыптасу, баю, ұлғаю және құнарлану көздерін тарихи тұрғыдан пайымдауға, қазақ тілінің Қытай қазақтары тілі мен тарихи˗тілдік байланысын нақтылай түсуге белгілі дәрежеде бағыт˗бағдар береді;

  • лексикология саласы бойынша қолға алынуға тиісті «Территориялық диалект», «Әлеуметтік диалект», «Урбанодиалект» тәрізді жаңа ғылыми салалардың теориялық˗методологиялық негізін қалауға белгілі дәрежеде үлес қосады;

  • қазақ тілінің тарихи дамуына қатысты ғылыми теориялық пайымдарды және «этнос тарихы және тіл тарихы» сабақтастығына қатысты зерттеулердің ғылыми теориялық аппаратын толықтырады, қазақ тілінің болмысы мен тарихын танудың лингвистикалық географиясын, территориялық өрісін кеңейтеді. 

Зерттеудің практикалық құндылығы.Зерттеу жұмысындағы ой-пікірлер мен негізгі тұжырымдар қазақ тілінің жергілікті сөйленістерінің лексикалық ерекшеліктеріне арналған ізденістердің қалыптасып дамуына септігін тигізеді. Жұмыста қол жеткізген нәтижелер сөйленістердегі лексикалық ерекшеліктерді анықтап, олардың лингвогеографиялық таралу шегін көрсету мақсатындағы зерттеулер үшін маңызды бола алады. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарының филология және журналистика факультетінің студенттеріне, сондай-ақ «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Тарихи лексикология», «Қазақ диалектологиясы», «Этнолингвистика», «Стилистика», «Лингвомәдениеттану» пәндерін оқытуда, арнайы семинарлар мен курстарда, таңдау пәдерінде пайдалануға болады. Зерттеу материалдарын диалектологиялық сөздік, аймақтық сөздік сияқты еңбектерге дереккөз ретінде практикалық мақсатта пайдалануға болады.

Қорытынды


Қорытындылай келе тіл ғылымы адамзат өркениеті қол жеткізген аса құнды да маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады, өйткені адам болмысымен, оның физиологиялық табиғатымен, әлеуметтік дамуымен, халықтық-мәдени өсуімен тығыз байланыс құраған әрі бүгінгі күні кең өріспен өзектеліп келе жатқан аталмыш сала пәнаралық сабақтастықтың нығаюына, жаңа теориялық ұстанымдардың зерделенуіне айтарлықтай үлес қосып отыр. Адам және әлем, қоғам және халық сынды ұғымдық тіркестерді басшылыққа алған тілтану ғылымы жалпы адамзат тілінің өзгешелігіне, әлеуметтік өмірінде атқарар қызметіне ерекше зейін қойып, сол арқылы тілді адам әрекетінің өзегі, барша табиғи құбылыстар мен қоршаған дүние заттарының қатталып сипатталуы деп танытып отыр. Кез келген халықтың барлық өмір тарихы, тұрмыс- тіршілігі, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, рухани байлығы, ең алдымен, сол халықтың ана тілінен өз өрнегін табады да, асыл қазына болып қалыптасып, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Елімізден жырақта қалған қандастарымыздың – шетелдегі қазақ диаспорасының руханиятын, оның ішінде сарқылмас байлығы – төл тілін зерделеу қазақ тілінің тағы бір қырынан танылуына өз үлесін қосатын, бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған қажеттілік болып табылады. Тәжірибие кезінде менің унивеситетте осы жылдары алып келе жатқан білімім жоғарғы деңгейде екендігіне көзім жетті. Сонда да, мың рет естігенше бір рет көрген артық деген сияқты мен өзімнің ағылшын тілінде сөйлесу қабілетін шынықтырып, аудармашы рөліне кіре алдым. Шынайы халықаралық құжаттар толтыра алдым. Құжат толтыру сапасын палатада өте қатаң тексереді. Себебі, бұл біздің біліміміздің айқын белгісі болып табылады. Телефонмен, онлайн сөз алмасу шын өмірде бетпе-бет кездесу өткізгенге ешқашан жетпейді екен. Оларға дайындық, ақпарат жинау, тактика таңдау, этиканы көрсетудің жоғарғы деңгейдегі тәжірибиесін алдым.Мен үшін өндірістік практика өз білімімді сынаудын бір мүмкіндігі болды. Мен бұл практика арқылы халықаралық қатыснастар мамандығының мәнін жақсырақ түсіне алдым. Және біздің мамандықтын халық өміріндегі рөлі өзгеше екендігін түсіндім. Мамандық қиың болғанымен де, бұл практикадан кейін менің осы мамандықта жұмыс істеуге ынтарлығым одан сайын өсе түсті.
Жұмыста қол жеткізген нәтижелер сөйленістердегі лексикалық ерекшеліктерді анықтап, олардың лингвогеографиялық таралу шегін көрсету мақсатындағы зерттеулер үшін маңызды бола алады. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарының филология және журналистика факультетінің студенттеріне, сондай-ақ «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Тарихи лексикология», «Қазақ диалектологиясы», «Этнолингвистика», «Стилистика», «Лингвомәдениеттану» пәндерін оқытуда, арнайы семинарлар мен курстарда, таңдау пәдерінде пайдалануға болады. 
Зерттеу материалдарын диалектологиялық сөздік, аймақтық сөздік сияқты еңбектерге дереккөз ретінде практикалық мақсатта пайдалануға болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. «Достық» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

https://onmcdint.kz/kk/obshhestvennoe-obedinenie-kitajskij-naczionalno kulturnyj-czentr-druzhba-kk-translation/

  1. http://www.shuak.kz/index.php?option=com_content&view=category&id=86&Itemid=109&lang=ru

  2. https://coinspot.io/analysis/otchyot-kitajskogo-centra-cert-soobshhaet-chto-u-ripple-hudshaya-bezopasnost-po/

  3. http://kelisim.kz/ru/karaganda_10










Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет