1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны


Абылай ханнын мемлекеттик кызмети



бет4/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)
Гос.сұрақтары-2022(Соңғы вариант) (4), волейбол зарина русс
Абылай ханнын мемлекеттик кызмети

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.


Абылай ханның ата-бабалары Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын – Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз Жәнібектен тараған.
Әбілмансұрдың әкесі жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді және Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен-ақ отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады. Ол қашанда қанды шайқастардың бел ортасында жүреді, әсіресе жекпе-жекте ерен ерлік көрсетеді. Қалың халық бұқарасына оны әйгілі еткен ірі жеңіске ол Әбілмәмбет бастаған қазақ жауынгерлерінің жоңғарлармен болған шайқасында қол жеткізді. Бұл ұрыста 20 жасар Әбілмансұр қалмақтардың қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.
Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзеге асыра бастайды.
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды Ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым-қатынас орнатылды.
Бұл күшті мемлекеттер білгір қазақ ханымен санасатын болған. Соғыс тәсілдерін жетік білетін қолбасшы орыс және қытай өкіметінің ішкі есебін де біліп отырған. Сондықтан да ол жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенмен болған тоғыз жылдық келісімнен кейін соғыс өртінің тұтанатынын білді. Жоңғар мемлекеті ішіндегі өзара қырқысулар соғыстың басталуын жылдамдатты.
1752 жылы жоңғар басшысы Лама Доржы қазақ жеріне қарақшылық шабуыл жасағанда, Абылай хан бастаған қазақ әскері оларға ойсырата тойтарыс береді. Кезекті шабуылдан соң, соғыстың айла-тәсілдерін жетік білетін Абылай өзінің бес жүз таңдаулы жауынгерлерін жібереді. Қарсыласы жағынан әскер келеді деп күтпеген Лама Доржы тұтқынға түсіп, дарға асылады. Бұл оқиға 1753 жылы 12 қазанда болған еді.
Абылайдың арғы есебі жоңғарларды жеңіп, оларды қазақтардың ықпалына көндіру, Қытаймен және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнату еді. Бұл мақсатта 1753–1754 жылдары ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Өтеген сынды батырларымен бірге қалмақ ұлыстарына шабуылды үдете түсті. 1755 жылдың көктемінде сарбаздардың жеңісті жорықтары жалғаса берді. Ақыры ойраттар мен қазақтардың арасында 200 жылға созылған сұрапыл соғыста қазақ халқы түпкілікті жеңіске жетті.
Қазақ халқының жеңісі көршілес Қытай мен Ресей үшін қолайсыз болды. 1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанып, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді.
1765–1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорық бастайды, нәтижесінде мемлекет шекарасы кеңейеді. 1771 жылы ол Еділ қалмақтарын талқандайды. Мемлекет шекарасы Абылай хан билік құрған кезеңде одан әрі кеңейе түсті. Халықтың рухы көтеріліп, мерейі үстем болды.
Тарихи тұлға Абылай ханның қол жеткізген жетістіктері сол кезеңде Қазақ мемлекеті өте күшті болғанын айғақтайды.
34. Кіші жүздегі С.Датұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс (1783-1797).
Жауабы: С.Датұлының ұлт азаттық көтерілісі 1783-1897 . Сырым бастаған қозғалыстың басталуы 1783 ж уақиғаға байланысты болды. Сол жылы Сырым ауылының үстіне орыс саудагері Филип Григорев өтіп бара жатқанда, қазақтар шабуыл жасап тонайды.Бұдан кейін сырымды тополин бекінісіне тұтқындап, Орал қаласында түрмеге жабады. 1784 жылы тамыз айынан бастап Жайық қазақтары Сырым мен нұралы ханның ауылына шабул жасай бастайды.сол себепті 1784 ж Нұралы Сырымды 70 жылқы мен 350 сом ақша беріп , шығарып алады.Сырым мен Барақ 1000 адамдай қал жинап, төменгі Орал ж/е Елек бекіністеріне шабуыл жасайды. 1785 ж көктем айында сырым бастаған қазақтар қозғалысыеың негізі ауданы – төменгі Орал маңында ірі шайқастар болды. 1783-1785 ж арасында Сырымнан басқа Тама руының старшиналары – Қадыр мен садыр айтарлықтай ерлікпен күрес жүргізді. Сырымның ұлт – азттық қозғалысы өз заманында қазақ даласында қазақ даласындағы ең ауыр екі жағдайдан алып шыға алды. Отаршылдық тынымсыз шабуылын тыйдырса , өрісі таралған Жайықтың арғы шүйгін жайылымдарына шығуға жол ашты.
35,19ғ 3Қазақстанның материалды4 рухани мадениети .Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ қолданылды.
Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз үйлер болатын. Қазақтың киіз үйлері олардың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және одан да көп болатын. Сыртқы түрі бойынша күмбез тәрізді және шошақ болып келетін. Қысқы қыстаулар орналасқан өзендердің аңғарлар мен тау шатқалдарына қазақтардың киіз үйлері тұрақты үлгімен салынатын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара) тұрғызылған құрылыс түрінде, тік бұрышты жеркепе және жертөле, жер бетіне тік бұрышты етіп салынған шым үй және саз балшықтан домбаздалған соқпа там болды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтардың және ескіден келе жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын, көлемі әр түрлі сандықтар пайда болды.
Қазақ әдебиеті. XIX ғасырда орыс ғалымдары мен қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, суырыпсалма жыршылар, жыраулар туралы мәліметтер жинап, тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың мәтіндерін жазып ала бастады. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері өз туындыларын жазып отырды. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақталып қалған. XIX ғасырдың ортасынан бастап жекелеген ақындардың өлеңдері мен жырлары жариялана бастады. Бұл жекелей поэзиялық шығармашылықтың айқын көрініс тапқан және дами бастаған дәуірі болды.
Музыка өнері. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орныдаушылық – жеке ән салу мен аспапты жеке тарту кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері — ән мен күй.


36. 19 ғ бірінші жартысындағы Қ/н саяси ж/е әлеуметтік, экон/қ жағдайы Сібір
Жауабы: 1817 ж Бөкей хан , ал екі жылдан соң Уәли хан қайтыс болды . Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны болмаған жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын ала келісөз жүргізбей , іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді. Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф сперанскийге жүктелді.
1822ж 22 маусымда Патша * Сібір губернияларына арналған мекемелер * , * Бұратаналарды басқару туралы жарғы* , * Қырғыз – қайсақтарды* басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы ,жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары , шаруалар мен * Бұратаналар араысндағы борышкерлік міндеттемелер * туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
37. Бөкей ордасындағы И. Тайманұлының басшылығындағы халық көтерілісі.
Жауабы: Бұл көтеріліс 1836-1838 жаралығында болған Оны Бастағанда Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы . Қазақ елінің ер жүрек батыры И. Тайманұлы өлгенен кейін халық қозғалысы жеңілді. Исатайдың досы Махамбет аман қалған достарымен Хиуа хандығына өтеді. Одан кейін Орынбор әкімшілігі қолға түсіріп Орынборда соттап, Атырау өңіріне жіберіледі. Орынбор сотынының үкіміне риза болмаған Баймұхамед жігіттері 1846 жыл қыркүйек айында Махамбетті үінде отырған жерінде қонақ болып өлтіріп кетеді.
Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.
Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.
1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.
Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.
Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.


Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.
Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.


38. К.Қасымұлының басшылығындағы ұлт азаттық қозғалыс.
Жауабы: Орта жүздегі бытыранқы көтеріліс ошақтары Кенесарының басшылығымен 1837-1838 жылдары біртұтас қозғалысқа біріге бастады. 1838 жылдың аяғына қарай кенесары Ырғыз бен Торғай жаққа қашты. Ол кезде бұл жерлер Орынбор әскери губернаторлығына қарайтын . Оның генерал губернаторы граф Перовский еді. Ол көтерілісшілер мен ара-қатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысты. 1840 ж аяғында кенесары мен Перовский уақытша келісімге келеді. 1841 жылы қыркүйекте қазақтың үш жүзі қкілдері жиналып Кенесарыны ата бабамыздың салты бойынша ақ киізге салып кқтеріп, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет