Қондырғының құрылысы мен жұмыс істеу принципі. ТММ-47М қоңдырғысы үстел типті құрылғы болып табылады (4.2 - cурет). Конструкциясының негізіне тісқамауышпен өңдеу методымен тісті дөңгелек дайындау принципі салынған.
Құрал делегейлі айналмалы үстелден 3; айналмалы құрылғыдан 2; тұрады. Үстел мен тісқамауыш 4.1. негізінде бекітілген.
4 пернесін басқанда иілгіш байланыс арқылы байланысқан делегейлі үстел мен тісқамауыш бір қадамға айналады, сосын қағазда қарандашпен тісқамауыш тістерінің қарамы жүргізіледі. Винтта 5 айналдырумен тісқамауыштың бастапқы қарамын жылжытып, кесілген дөңгелек тістерінің түзетілген пішінін сызуға болады.
Құрал үстелге қондырылады. Жұмыс алдында ТММ-31А қондырғысымен диаметрі 220мм қағаз делегейлер дайындап алу керек. Тісқамауыш тістерінің қарамын 2Т немесе 3Т қаттылықты үшкір ұшталған қарандашпен жүргізген жөн.
Жұмысты орындау реті.
1) ТММ-47М қондырғысының құрылысымен танысып, берілген ілінісу модулінің m, тісқамауыштың тістер саны z0, тісқамауыштың тістер шыңдарының диаметрінің da0 белгілерін жазу.
2) Бастапқы есептеуші қарамның коэффициентін формула бойынша анықтау
(4.19)
мұндағы С*=0,25 – радиальді санылаудын коэффициенті.
3) Тісқамауыштың ығысу коэффициентін формула бойынша есептеу:
. (4.20)
Достарыңызбен бөлісу: |