Кез келген теңестірілмегендікті жою (статикалық, моменттік, динамикалық) ротор инерциясының басты центрлік осі оның айналу осімен сәйкестелуін береді, немесе аналитикалық =0, =0. Осы жағдайда ротор толығымен теңгерілген болып саналады. Практикада теңгеруді конструкция кезінде есептеу тәсілімен тетік жасауды эксперименталды арнайы теңгергіш білдектерде жасайды. Екінші тәсілді дәл және сенімді болғандықтан жоғары айналу жиілігі бар жауапты тетіктерге қолданылады.
Рама типті білдекте роторларды теңгеру кезінде теңгерілмегендік белгісінің бұрышын анықтауға үш рет қосу тәсілі қолданылады. Бірінші қосу кезінде теңгелілмегендік әсерінен D1 болған амплитуда өлшемдерін S1 өткізеді. Бұл үшін роторға өз жиілігінен 1,5...2 есе жоғары айналу жиілігін береді. Оның тежелу процесінде индикатормен шанақ тербелісінің максималды амплитудасы тіркеледі.