Критериалды бағалаудың қағидаттары(принциптері)
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сəйкес жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нəтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дəл жəне сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нəтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай- ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде жəне жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нəтижелері оқушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды жəне ынталандырады.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
2. Тұлғаны нəтижеге жеткізу
3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау
4. Қалыптастырушылық жəне негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.
Қалыптастырушы бағалау:
-күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; -негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді;
-кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды жəне мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
- Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; - Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
- Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; - Білім берудің сапасы артады;
Мұғалімдерге:
- Сапалы нəтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
- Өз жұмысын талдау жəне жоспарлау үшін ақпарат алуға;
- Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
- Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
- Бағалаудың əр түрлі тəсілдері мен құралдарын қолдануға;
- Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
- Нəтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу жəне түсінуге;
- Рефлексияға қатысу, яғни өзін жəне өз достарын бағалауға;
- Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
- Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
- Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
- Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Рубрика – бұл оқыған тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлердің тізімі. Ол əр тақырыптың зерттеу мақсаттарымен анықталады жəне осы рубриканы ашатын мазмұнды критерийлермен толтырылады.
Критерийлер оқытудың міндеттерімен анықталады жəне оқушы қызметінің əр түрлі тізімі жəне жұмыс барысында жетістіктерін жетілдіреді. .
Дескриптор əр критерий бойынша оқушының жетістіктерлерінің деңгейлерін көрсетеді(жақсы нəтижеге жеткені бойынша оқушының барлық қадамдарын дəйекті түрде көргізеді ) жəне анықталған ұпайларымен бағалайды : жетістік жоғары болса – осы критерий бойынша ұпайлар көбірек болады.
Рубрикалар көрсетеді, не үшін бала оқиды
Критерийлер көрсетеді, неге ол үйрену керек
Дескрипторлар көрсетеді, қалай ол жақсы нəтижеге жетеді
Бағалау түрлері
Бағалау үшін тапсырмаларпəннің саралау келісіміне қарай түрленеді. Пəннің талаптарына сəйкес негізгі білім мен дағдылар,тұжырымдамалар мен презентациялар бейімдеуге қалыптасқан тапсырмалар бар. Оның ішіне оқу мен жазу, тыңдау мен сөйлесім енгізіледі: математикалық, эксперименталдық жəне шығармашылық дамуы. Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру.
Оқытудың күтілетін нәтижелері – білім алушының оқу үдерісі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Оқу бағдарламасы – әр оқу пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзыреттілік көлемін анықтайтын бағдарлама.
Ортақ тақырып – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Білім алушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеуді жүзеге асыратын электрондық құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |