Критериалды бағалаудың моделі оқушылардың оқу жетістігін бағалау тəжірибесіне өзгерістер енгізудің негізін анықтайды. Бұл бағалау рəсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сəйкестігін жəне əр оқушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның қызығушылығын жəне оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер əр оқушыға жəне оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты əрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге əбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да:
Оқушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу жəне оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
2. Бағалаудың оқу бағдарламасы жəне оқу жоспарымен байланысы.
3. Білімді толық меңгеру теориясы.
4. Оқу мақсаты таксономиясы.
1. Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, қызметі, әдістері, формалары мен құралдары туралы жалпы сипаттама.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тəжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар
3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
2. анық, айқындылығы;
3. бағаның əділдігі;
4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау. - критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дəптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.