- Оқушыларды өз білімдерін өздері «жасаушылар/құрушылар» ретінде қалыптастыру. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білі малушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалп ы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі