Қалыптастырушыбағалау құрылымы Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау – көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірибесі. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• кері байланыс беру;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |