Қалыптастырушы бағалау:
-күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды;
-негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді;
-кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.
Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды жəне мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
55.Тапсырмаларды әзірлеуде жетістік критерийлерін құрастыру бойынша ескерілетін мәселелерді жіктеңіз.
Тапсырмаларды әзірлеуде жетістік критерийлерін құрастыру бойынша ескерілетін мәселелер: Жетістік критерийі бойынша дайындалған тапсырманың бағдарламадағы сілтеме мен оқу мақсатына негізделіп жасалуы:
тапсырманың шұбалыңқы емес, оқушыға түсінікті тілде құрылуы;
қысқа көлемді тапсырмалардың қолданылуы, көлемі, орындау уақытын алдын ала жоспарлау;
бағалауда бақылауды қажет етпейтін артық ақпараттың тапсырмада қолданылмағаны жөн;
кейбір күрделі тапсырмаларда міндетті түрде орындау қадамдары берілуі керек( мысалы, жазылымда және айтылымда) шығармашылық сатыға арнап құрылатын тапсырмалар үшін арнайы шектің немесе жауап үлгісі алдын-ала даярлануы керек. Оқу мақсаттары, тапсырмалар және жетістік критерийлері өзара тығыз байланыста болады. Жоспарлау оқу мақсаттарын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы шешім қабылдаған соң, оған сай тапсырманы оқу жоспарын қолдана отырып жоспарлайды. Тапсырма оқушының бір немесе бірнеше оқу мақсаттарына табысты түрде жетуіне ықпал етеді
Достарыңызбен бөлісу: |