1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін талдаңыз



бет73/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

57. Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін талдаңыз

Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.

Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:

Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады

Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.

  • Топтық және жұптық жұмыстың ерекшеліктері:

  • 1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

  • 2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

  • 3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

  • 4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

  • 5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

  • 6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  • 7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет