Оқушылардың оқу жетістіктеріне оқу үрдісін ұйымдастырумен, оқытумен және білім беру аумағында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін мектеп қорына байланысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Бұл факторлар туралы ақпарат оқушылардың нәтижелеріне түсінік беру үшін өте маңызды. PISA зерттеуінде бұл әсерлерді зерттеу үшін зерттеуге қатысқан оқушылардан және білім беру ұйымдары әкімшілігінен сауалнама алу барысында ақпарат жиналған факторлар анықталады.
Мұндай мәліметтерге келесі факторларды жатқызуға болады:
2009 жылғы PISA-ның қорытындылары оқушылардың үлгерімдері тәртіптік климатпен тығыз байланысты болғанын көрсетеді. ОЭСР елдеріндегі оқушылардың көпшілігі тәртіптік климаттағы сыныптарда білім алудан үлкен қанағаттану алған.
"Мұғалім-оқушы" арасындағы позитивті қарым-қатынастар білім алуға себепші болатын сыныптағы жағдайларды орнатуда шешуші мағынаға ие. Зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оқушылар мұғалімдердің оларды шындап қабылдауын сезінгенде, оқушылардың білім алуға құштарлықтары артып, тәртіпке қатысты проблемалары азайған. 2000 жылғы PISA-ның қорытындылары оқушылардың басым көпшілігінің мұғалімдермен қарым-қатынастарының сапасына көңілдері толатынын көрсеткен. 2009 жылы "мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынастар сапасы одан әрі жақсарады.