1. Ұйымдастыру кезеңі



Дата18.02.2018
өлшемі149,96 Kb.
#38022
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар ән- күй залына марш ырғағымен кіреді, шеңберге тұрады,



Ән- күй жетекшісі: «Сәлем - сөздің анасы» демекші, келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме !

Дауыс жаттығуын жасау. : Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді ойынмен бастаймыз. Ол үшін біз шеңберге тұрамыз. Менің қолымда төртбұрыш бар. Осы төртбұрышты мен қозғалтып тұрамын ал сендер шеңбермен жүріп суретті дыбыс, қимыл қозғалыс арқылы көрсетесіңдер.
Ал, балалар, өте күшті қимылдадыңдар,жақсы дыбыс жасадыңдар, орынымызға жайғасайық.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «ойлайық та, ойнайық»

Ендеше барлығымыз тақтадағы суреттерге назар салайық
- Балалар, мына адамдарды өнердің қай саласынан көреміз? Бұлар кім /тақтада: Күләш, Шара, Құрманғазы /
Ендеше біз үш топқа бөлінейік: 1. Әншілер 2. Бишілер. 3. Күйшілер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, біз бүгін қазақ халқының ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынын ойнаймыз.

Атқа мініп, шауып барып, ақ шүберекке түйілген затты еңкейе іліп алып кетулерің керек. Бүгінгі біздің «Теңге алу » ойын жылдамдық пен алғырлықты талап ететін ойын.

Шарты:
Теңгелер – 5тг; 10тг; 20тг; Теңгенің құны өскен сайын сұрақтар да күрделене түседі. Дұрыс жауап бергені теңгені алады.
І бөлім: 5тг сұрақтар:
1. Құрманғазы кім?
2. Қобыз аспабында ойнаған күйшіні ата
3. Құрманғазының шәкірті.
Күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер;

Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.


Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға барлығымыз қосылып, І бөлімнің қорытындысы ретінде «Би,билейік» әнін орындайық
ІІ бөлім: 10 тг сұрақтар:
1. Мынау қандай аспап (Қобыз, ысқыш арқылы ойналады)
2. Мынау қандай аспап (Домбыра, шертіп ойналады)
3. Мынау қандай аспап (Сыбызғы, Үрлеп ойналады)
СЕРГІТУ: барлығымыз би қимылдарын жасайық.
ІІІ бөлім: 20тг сұрақтар
1. Қобыз аспабының құрылымы.
2. Домбыра аспабының құрылымы
3. Сыбызғы неден жасалынады?
4. Қазақ халқының қандай ұлттық билерін білесің? халық биi «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Айжан қыз»
5. Құрманғазының қандай күйін білесің
6.
Сіздерге жұмбақ жасырылған. Оның жауабын тапсаңдар музыка тыңдайсыңдар.
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай - салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?

Ендеше біз«Көктемгі дыбыстар» ойын ойнайық. Апайларың сендердің жинаған ұпайларыңды санай берсін. Мен сөйлем оқимын, ал сендер сол сөйлем мазмұнын түрлі - түрлі дыбыстармен көркемдейсіңдер.


Күн жылына бастады, көктем келді (балалар қолды жоғары көтереді, өзіңе ыңғайлы бір дыбыс айтады)
Тау төбелерден бұлақ көзі ақты (тілді тез - тез жан жаққа қозғалтады)
Ұнатамын бетімнен өпкен желді («ш - ш - ш» дыбысты созады)
Күн жылына бастады, жаңбыр жауды (ауызды ашып жабады)
Қоңыздар шықты («ж - ж - ж» төмен регистрде)
Шыбындар ұшты («з - з - з» жоғары регистрде)
Әрбір жаққа ұшып кетті («тр - тр - тр» сыбырлап, түрлі биіктерде)
Жапырақтардың астында бірдеңе қозғалды («шұр - шұр - шұр»)
Ол кірпі екен (мұрынмен тез демалу, тыныс алу)
Келіп көктем құстары ән салды («қар - қар», «ку - ку» т. б).
Ой, балалар жарайсыңдар !
Ендеше бүгін біздің Бишілер, күйшілер, әншілер тобы өте жоғары деңгейде өздерін көрсетті.

Теңгені көп жинаған топтың ұпайы жарияланады.
Қорытынды:
- Сендерге музыка сабағы ұнады ма?
- Қандай ұлттық өнерлерді музыкамен байланыстырдық?
Бағалау.
Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.

Мақсаты: Музыка дыбыстарын ажырату .

Міндеті:

1) Аспаптарды тембірлік үнінен ажырату.

2) Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезініп салыстырып, сәйкес қимылдар жасау. 

3) Музыканың жоғары, орташа, төменділігін сезіне білу.

4) Әнді қуанышты екпінді орындауға, әнге сәйкес би қимылдарын үйлестіріп қозғалуға талпындыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі :

Балалар ән- күй залына марш ырғағымен кіреді, шеңберге тұрады.

Ән- күй жетекшісі : Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Амандасқаннан кейін балалар орындыққ барып отырады.



Ән- күй жетекшісі :Сауболыңдар балалар!

Балалар :Сауболыңыз !

1.Шара Жиенқұлова 1912 жылдың 18 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген

Күләш Бәйсейітова  1912жылы туған Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы

Білім беру саласы: шығармашылық саласы;


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: музыка
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат!
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.

Сабақтың барысы:


І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.


Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане:
бәрі бірге: Домбырада – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, фабрикада - фа, Галяда - ля,
Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Балалар, бізде барлық нота толық болдыма?
Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді)
Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар?
Балалар: Скрипка кілті тұруы керек.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.
Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)

ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)


Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдаң да оның сөзімен қосып айтып беріңіздерші;- депті. (Балабақшада әні)
Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға біздің Ақтолқын билеп бермекші, қараймыз ба? - ия, жарайсың Ақтолқын! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді )
Музыка жетекшісі:
Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сазсырнайды үрлеп шертіп көрсетіп береді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (Ішекті)
- Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)
Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп көрсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді.
Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші оларға аспаптарды танытырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)

ІV. Қорытынды.


Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын бөлістіреді)
Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар, ендеше бәріміз бірге «Кел, билейік!» әнін орындайық та тобымызға кетейік. Әнді орындап музыка жетекшісімен сау болыңыз!- деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі;
Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Музыка әлеміне саяхатмузыка пәнінен ойын сабақ

Балалар музыкамен кіреді, музыкамен амандасады.


Музыка жетекшісі: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді ойынмен бастаймыз. Ол үшін біз шеңберге тұрамыз. Менің қолымда төртбұрыш бар. Осы төртбұрышты мен қозғалтып тұрамын ал сендер шеңбермен жүріп түскен суретті қимыл қозғалыс арқылы көрсетесіңдер.
Қимыл - қозғалысты ойын «Төртбұрыш»
Ал, балалар, өте күшті қимылдадыңдар, қараңдаршы енді бүгінгі іс - әрекетімізге күн де қонаққа келген. Бірақ күн біртүрлі мұңайып тұрған сияқты. Балалар күн неге мұңайып түр.
Балалар: Күн сәулелері жоқ.
М. Ж: Дұрыс айтасыңдар, күнде күн сәулелері жоқ, сосын ол мұңайып тұр екен. Кәнеки біздер күнге көмектесейік. Қараңдаршы мына сәулелер тек әншейін сәулелер емес олар музыкалық сәулелер. Осы музыкалық сәулелерде неше түрлі ойындар бар. Осы ойындарды ойнап біз музыкалық сәулелерді күнге сыйлаймыз. Дайынсыңдар ма?
Б: Иә, дайынбыз.
М. Ж: Мына музыкалық сәуледе «Күншуақ» ойыны жасырылған екен. Қазір «Күншуақ» ойынды ойнаймыз. Сендер суреттегі күншуақтың мінез - құлқын ым арқылы көрсетесіңдер
«Күншуақ» ойыны. Музыка ойнайды. Балалар суреттегі күншуақтың күлімсіреп тұрғаны, ренжіп тұрғаны, қөңілсіз, қорқып кеткендегі, қуанып тұрғандағы және жылап тұрғандағысын салады.
М. Ж: Күнге бірінші музыкалық сәулесін сыйлайық. Екінші музыкалық сәуледе жұмбақ жасырылған. Оның жауабын тапсаңдар музыка тыңдайсыңдар.
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай - салада ағады, Бүршік шашып, жапырақ ашып Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады?
Б: Көктемде.
М. Ж: Дұрыс, күн жылына бастады, көктем келді. Композитор Б. Ерзакович балаларға арнап музыкалық сюита шығарған. Сюита деген кішкене музыкалық шығарма. Сол сюитанын бір бөлігін қазір біздер тыңдаймыз. Ол «Көктем».
Музыка тыңдау «Көктем»
М. Ж: «Көктем» шығармада қандай дыбыстар естідіңдер?
Б: Құстардың дауысы, бұлақ аққан дыбысы.
М. Ж: Ал шығарманың көңіл - күйі қандай екен: мұңлы, аянышты немесе қуанышты, көңілді?
Б: Қуанышты, көңілді
М. Ж: Осы музыкалық шуақты да тыңдадық оны да күнге сыйлайық.
«Көктем» шығармада біздер құстың дауысын, бұлақ аққан дыбысын да естідік. Ендеше келесі музыкалық шуақ бізге «Көктемгі дыбыстар» ойын ойнатады. Мен сөйлем оқимын, ал сендер сол сөйлем мазмұның түрлі - түрлі дыбыстармен көркемдейсіңдер.
Фонопедиялық ойын «Көктемгі дыбыстар»
Күн жылына бастады, көктем келді (балалар қолды жоғары көтереді, өзіңе ыңғайлы бір дыбыс айтады)
Тау төбелерден бұлақ көзі ақты (тілді тез - тез жан жаққа қозғалтады)
Ұнатамын бетімнен өпкен желді («ш - ш - ш» дыбысты созады)
Күн жылына бастады, жаңбыр жауды (ауызды ашып жабады)
Қоңыздар шықты («ж - ж - ж» төмен регистрде)
Шыбындар ұшты («з - з - з» жоғары регистрде)
Әрбір жаққа ұшып кетті («тр - тр - тр» сыбырлап, түрлі биіктерде)
Жапырақтардың астында бірдеңе қозғалды («шұр - шұр - шұр»)
Ол кірпі екен (мұрынмен тез демалу, тыныс алу)
Келіп көктем құстары ән салды («қар - қар», «ку - ку» т. б).
М. Ж: Балалар айтыңдаршы торғай балаларын іздегенде қалай дыбыс береді
Б: «Шік - ші - рік, шік - ші - рік» (бірінші октава до нотамен әндетеді)
М. Ж: Ал торғай - балапандарышы
Б: «Шік - ші - рік, шік - ші - рік» (екінші октава до нотамен әндетеді)
М. Ж: Өте жақсы көктемгі дыбыстарды салдыңдар, осы музыкалық сәулені күнге сыйлаймыз.
Келесі музыкалық шуақта не бар екен. Ол музыкалық аспаптарда ойнау. Бәріміз аспаптарды аламыз да өлеңдетіп олармен ойнаймыз.
Оркестр. 
1ш. Кәнеки аспаптар, бам, бам, бам. Дауыстап ойнаңдар, бам, бам, бам. Аспапта ойнаймыз, Әуенді тыңдаймыз Музыканттармыз, бам, бам, бам. 
2ш. бим, бим, бим 
3ш. бом, бом, бом 
4ш. бум, бум, бум 
5ш. бам, бам, бам.
М. Ж: Қандай керемет дирижер, қандай керемет музыканттар. Енді осы музыкалық шуақты күнге сыйлайық. Ал келесі музыкалық сәуле бізге қандай ойын дайындады екен. Ол «Сылдырмақ». Кәнеки бәріміз шеңберге тұрамыз. Мен өлеңді айтқанда сендер сылдырмақты бір - біріне жалғастыра бересіңдер, өлең біткен соң сылдырмақта ойнайсыңдар.
Ойын «Сылдырмақ» Ал балалар тұрмайық Сылдырмақты берейік Өлең айтып болған соң Сылдырмақта ойнайық - балалар әндетіп бір - біріне сылдырмақты жалғастыра береді де әуен біткен соң сылдырмақ ұстап тұрған бала аспапта ойнайды.
М. Ж: Қараңдаршы, балалар, сендердің ойнағандарын күнге өте ұнады. Біртіндеп күн шуақтары жиналып жатыр. Осы музыкалық шуақ бізге би дайындаған екен. Кәнеки бәріміз жұптасып тұрамыз да билейміз.
Би «Жұптасып»
М. Ж: Қараңдаршы, балалар, сендердің ән салып бергендерің, билегендерің, ойнағандарын күнге өте ұнады. Күн қуанып күліп тұр (Музыка ойналады, әндетіп күн кіреді, музыкамен амандасады, балалар музыкамен жауап береді).
Күн: Рахмет сендерге балалар. Сендер маған көп музыкалық сәулелер сыйладыңдар. Сендердің ән салып бергендерін, аспаптарда ойнағандарын, билегендерін маған өте ұнады. Көңілім көтерілгесін мен құлпырып кеттім. Сыйлаған музыкалық сәулелеріне рахмет, сендерге күншуақты музыкалық аспаптарды сый етемін.
М. Ж: Саған да рахмет күн. Балалар ұнады ма сендерге күннің сыйлығы?
Б: Ұнады.
М. Ж: Олай болса осы күншуақты музыкалық аспаптармен ойнап күнге «Көктем» атты әнді сыйлайық
Ән «Көктем»
Күн балалармен, қонақтармен қоштасады.

Кері қайту

Ілмек сөздер: музыкалық ойындар ойнаубала бақшада

Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінде


Мақсаты: 1. Оқушылардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында,
«Миллион кімге бұйырады» ойынының ізімен музыкалық сұрақтар қоя отырып, жауап алу.
2. Ынта - ықылас, қызығушылық сезімдерін сайыс арқылы дамыту.
3. Өнерлі өрендерді музыка әлеміне жетелеу.

Түрі: сайыс сабақ


Көрнекілігі: суреттер, мультимедиа, плакаттар
Іс - шараның өту барысы:
I Мына сөздерге сәйкес сөздер тап:
Роза, Шара, Дина, Бұқар
/ биші, әнші, жырау, күйші/
Осы сұраққа ең шапшаң жауап берген 1 оқушы ойынға қатыса алады.
II. Ойынға қатысушы музыкалық сұрақтарға жауап беруі тиіс.
3 мүмкіндігі бар: 50/50, залдан көмек сұрау, телефонмен байланыс.
Қазақ халқының аспапта (домбырада) орындайтын музыкалық жанрдың түрі?
а ) ән ә) би б) күй в) жыр 200

2 Нәресте дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той


а) шілдехана Ә) тұсаукесер Б) бесікке салу в) тоқымқағар 400

3 Әнді шығаратын адам


А) Вокалист Ә) сазгер б) ақын в) әнші 500

4. Елдің жырын жырлаған,


Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
А) Төлдер Ә) Домбырасыз сән қайда б) Елім - жырым в) Домбыра 700

5. «Алатау», «Аман бол, шешем, аман бол», «Сарыарқа» күйлерін шығарған күйші


А) Дәулеткерей ә) Дина б) Құрманғазы в) Тәттімбет 900
6. Әнімен қоса билеуге келетін күй
А) Қосалқа ә) Қамажай б) Келіншек в) Еркесылқым 1000
7Ми нотасы музыкалық 5 сызықтың нешінші сызығында орналасқан
А) 1 Ә) 3 Б) 4 В) 5 1200

8 Мына суреттегі тұлға кім? 1500 Дина

9 Өзі құстың да аты, әннің де аты
А) Әуіппай ә) Маңмаңгер б) Қараторғай в) Бұлбұл 2000
10 Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі
А) Қылқобыз ә) Домбыра, б) сыбызғы в) Дабыл 2200
11 «Қазақтың бұлбұлы» атанған атақты әнші
А) Күлаш Байсейітова ә) Роза Бағланова б) Шара Жиенқұлова
В) Мақпал Жүнісова 5000
12 Оркестрді кім басқарады?

А) Әнші ә) концертмейстер б) дирижер в) артист 10000


13 «Отырар сазы» оркестрінің дирижері
А) Н. Тілендиев Ә) Е. Брусиловский б) Ш. Қалдаяқов в) М. Әлімбаев 20000

II Мына сөздерді дұрыс орналастыр


/ Жол ашқан, ұрпаққа, жерім бар, кең байтақ /
Ұрпаққа жол ашқан кең байтақ жерім бар /Әнұран
1, Әнді айтар алдында қайда қараймыз?
А) Мұғалімнің қолына ә) Дәптерге б) Тақтаға в) нотаға 200
2. Мына күйдің аты / күй тыңдату/
А) Кішкентай ә) Балбырауын б) Ақсақ құлан в) Сарыжайлау 400
3 Мына сөздер қай әнде кездеседі?

Угай - ай,


Ән салшы – ай
Бір бала ай
А) Бипыл ә) Бір бала б) Қамажай в) Қалқатайдың дауысы - ай 500
4. Ұлы күйшілер өзіне ардақты, жақын адамдарына, жора - жолдастарына арнап күй шығарған. Ондай күйлерді қандай күйлердің тобына жатқызасың?
А) тарихи, ә) арнау б) қоштасу в) аңыз - күйлер 700

5 «Жасыл жайлау», Жайылып жүрген малдар. Көгорай шалғын жер. Көз ұшында тау. Алыстағы ауыл. Осы сурет қай күйді тыңдағанда көз алдың келеді?


А) Сары жайлау ә) Ел айрылған б) Саранжап в) Кішкентай 900
6. Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан?
А) 1 ә) 2 б) 3 в) 4 1000
7 Қай күйші өзінің анасына арнап күй шығарды?
А) Махамбет ә) Тәттімбет б) Құрманғазы в) Асанқайғы 1200
8 Музыкалық шығарманың шарықтау шегі
А) вариация ә) кульминация б) вибрация в) канон 1500
9 Мына суреттегі тұлғаны табыңыз 2000

10 «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық - ай»


әндерінің авторы
А) Ыбырай ә) Сәкен б) Абай в) Жамбыл 2200
11Тез арада өз жанынан өлең мен күй шығару 5000
суырыпсалмалылық

12 Айтыстың ең көне түрі


А) Ақындар айтысы ә) Жар - жар б) Бәдік в) қыз бен жігіт айтысы
10000

13 Бүтін нота нешеге тең


а) 1ге, ә) 1ге, 2ге, б) 1ге, 2ге, 3ке, 4ке, в) 1ге, 2ге, 3ке 20000

III Бір диезі бар гамманы ата


Соль ля си до ре ми фа диез соль соль мажор гаммасы
1 Нота сызығы неше сызықтан тұрады?
А) 3 ә) 5 б) 7 в) 9 200
2. Қазақ елінің ауыр кезеңін суреттейтін ән
А) Елім - ай ә) Қазақстан б) Атамекен в) Отан 400
3. Әншілердің қосылып айтатын үлкен тобы
А) Оркестр ә) хор б) Концерт в) Оратория 500
4 Ерлердің жуан дауысы қалай аталады?
А) сопрано ә) тенор б) альт в) бас 700

5«Балдырғандар әні» қандай ән түріне жатады?


А! Салтанатты ә) марш б) лирикалық в) көңілді / мажор/ 900
6 Ішекті аспаптардың ішіндегі ең төмен дауысты көлемі жағынан үлкен, төрт ішекті аспап.
А) скрипка ә) альт б) контрабас. в) виолончель 1000
7 Мына тұлғаны табыңыз (Сурет көрсету)

8 Мына күйлердің ішінен Қазанғаптың күйін табыңыз?


А) Тойбастар ә) Учитель б! Бес жорға в) Отарба 1200
9 Си нотасы нешінші сызықта орналасқан?
А) 2 ә) 1 мен 3 ортасы б) 3 в) 4 пен 5 сызықтың аралығында
1500
10 Пианиссимо қандай динамикалық белгі?
А) қатты, күшті ә) өте ақырын, жай б) орташа в) кенеттен күшейтіп
2000
11 Лига қандай белгі?
А) тоқтау, ұстау ә) бір биіктегі дыбыстарды байланыстырып тұратын белгі б) Музыканың шарықтау шегі в) музыкалық шығарманың дыбысын жеке бөлу, даралау белгісі 5000
12 Оң қолдың таңбалануы
Басбармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ 10000
13 Төрттік нота нешеге саналады?
А! 1ге 2ге, ә) 1ге, б) 1 в) 1ге, 2ге3ке4ке 20000

IY Мына әріптерді дұрыс қойсаң, Құрманғазымен күй тартысқа түскен күйшінің есімі шығады

У Й Д Е К Л Ә Р Е Т Е / Дәулеткерей/
1 Өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі
А) әнші ә) күйші б) ақын в) жыршы 200
2 Біржанмен айтысқа түскен ақын қыз
А) Сара ә) Дина б) Шара в) Қарлығаш 400
3Әйелдердің жіңішке, биік дауысы
А) альт ә) бас б) тенор в) сопрано 500

4. Әнұранның музыкасын жазған сазгер


А) Л. Хамиди ә) Н. Тілендиев б) Ш. Қалдаяқов В) А. Жайымов 700

5 ҚР Мемлекеттік Туында қай құстың бейнесі бейнеленген?


А) шымшық ә) қаршыға б) бұлбұл в) бүркіт 900

6 Белгілі бір тарихи тақырыпқа жазылған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындайтын бірнеше бөлімді музыкалық шығарманы қалай атаймыз?


А) Хор ә) оратория б) Оркестр В) баллада 1000

7 Мына әндердің ішінен қазақтың халық әнін тап


А) Желсіз түнде жарық ай ә) Ақ дариға б) Қанеки, тілім, сөйлеші
В) Солдат болам мен ертең 1200
8 Мәдениет үйіндегі Музыкалық квинтеттің Х факторға қатысқан топтың аты Қаратөбе 1500

9 Репертуарында «Қуыршағым», «Фарида» секілді әндері бар әнші қыз есімі


А! Әлия ә) Гүлназ б) Фарида в) Фариза 2000

Кері қайту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет