15.Дезинсекция кезіндегі алдын алу және жою іс-шаралары.
Дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және жою іс-шараларының кешені. Дезинсекция - ауыл шаруашылығы өнімінің тағамдары мен адамдардың үйлеріне зиян келтіріп, инфекциялық ауруларды тарататын бунақ аяқтылармен (құрт-құмырсқалар мен кенелер) күресу құралдары мен тәсілдері.
Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп - өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар.
Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды.
Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көңқоқыстан тазартылады.
Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т. б. ) қолданылады.
Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады.
Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады. Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады.
Дезинсекция түрлері
1) Алдын-алу дезинсекция
Алдын алу дезинсекциясы буынаяқтыларды мекен-жайларға, мекемелерге енгізбеу, адамдарды олардан қорғау, буынаяқтылардың өмір сүруіне, көбеюіне кедергі жасау үшін жасалады. Алдын алу шаралары төменгідей: батпақтарды құрғату, өзендерді тазалау, терендету, мекенжайлардың, жеке бас гигиенасын, тамақты және олардың қалдықтарын дұрыс сақтау және т.б.
2) Жою (ошақтық) дезинфекциясы – трансмиссивтік жұқпалы аурулар мен қышыма ошақтарында және нәжіс-ауыз механизмі арқылы таралатын жұқпалардың ошағында буынаяқтылар кездессе, Жою(ошақтық) міндетті түрде өткізіледі. Жою шаралары адамды дезинсекция қоршаған ортадағы буынаяқтыларды, олардың барлық даму сатысында және өсіп, көбейетін барлық орындарда құрту үшін жүргізіледі.
Дезинсекцияның әдістері:
· Физикалық заттарды қолданып, буынаяқтылардан қорғануға немесе оларды біркелкі жоюға болады.
· Химиялық препараттардың күшімен буынаяқтыларды үркіту немесе өзіне тарту арқылы біразын жоюға болады.
· Биологиялық әдіс арқылы буынаяқтыларды паразиттермен залалдайды, соның нәтижесінде олар ауырады, ұрықтау қасиетінен айырылады, тіпті кейде өледі.
Дезинсекциялық шараларды жүргізуге керекті аспаптар
Дустыларды шаңдату, эмульсия мен суспензияларды шашу, қабырға, еден, тұрмыс заттарын жуу үшін химиялық дезинфекцияда пайдаланылатын аспаптарды қолдануға болады. Олар- су пульті, пульверизаторлар, автомакстар, шашыратқыш
«Дезинфекталь», дегазация аспабы, желдеткіш, шаңдатқыш, ауа арқылы жұмыс істейтін пульверизатор «Флит», моторлы шашыратқыш «Серна» т.б
Егер табиғи жағдайда үлкен аймаққа дезинсекция жасау қажет болса, онда тікұшақтарды, арнайы автотранспортты пайдалануға болады.
Алдын алу дезинсекция.
Алдын алу дезинсекциясы жұқпаның эпидемиялық ошағы пайда болмай тұрғанда аурулардың алдын алу мақсатында өткізіледі. Халықтың көп жиналатын жерлерінде, үлкен ғимараттарда, тұрмыстық мекемелерде, жолаушылар көліктерінде және т.б. алдын алу дезинсекциялық жұмыстары жүргізіліп отырады. Өндіріс орындары мен мекемелерде камералық өңдеудің қажеті болмаса, алдын алу дезинсекция шаралары өз күштерімен үздіксіз жүргізіліп отырады. Егер камералық өңдеу қажет болса бұл жұмысты өндіріс орындары мен мекемелерімен жасалған шартқа сәйкес дезинфекциялық станциялар немесе санэпид. басқарманың бөлімдері атқарады.
Алдын алу дезинсекциялық шараларының негізгі мақсаты - жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасушыларды құрту емес, оларды адам маңында болдырмау, кей жағдайда олардың санын азайту. Оладамның жұмысы мен демалысына зиянды буынаяқтылардың өсуіне, көбеюіне және таралуына қарсы бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |