1-Жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын, Танытқан қазағымның азаттығын, Танытқан қазағымның ғажаптығын, Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім. Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары. 2-Жүргізуші



бет3/4
Дата30.08.2022
өлшемі161,33 Kb.
#148365
1   2   3   4
Байланысты:
тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры

1 - жүргізуші:
Ана тілі әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

2-Жүргізуші
Біздің ана тіліміз қазақ тілі, Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
 «Ана тілім ардақтым» жыры. (Мейрхат)
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,
Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар - құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,
Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап0салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.

1 - жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
Ал енді келесі кезекті (Тіл ғұмыры ұлт ғұмыры ) атты слайдқа береміз.

2 - жүргізуші:
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен,
Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау - парызым бүгін менің.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет